Читать книгу «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» онлайн полностью📖 — Канат Нуров — MyBook.
image

Экономикалық мағынада қазақылық көшпенділіктің ең жоғарғы стадиясына айналды, өйткені, жәй бақташылықтан да және көшіп қонуға негізделген номадизмнен де жоғары болды. Саяси мағынасында қазақылық әрқашанда әлеуметтік институт, яғни, қоғамдағы белгілі өмір сүру дағдысы болды. Тек қана атаман іздеген жәй жаугерлер емес, сол атамандар мен әскери көсемдердің өзі әлгі жаугерлермен дос болуға тырысты, өйткені, оларға жаугер нөкерлер керек еді. Егер казак ант-су ішіп, атаманға дос болса, соңғысы бірден әлгінің табиғи иесіне айналар еді, яғни, оның келесі таңдауына дейінгі заңды төресіне. Ал егер ол соғыс кезінде өз таңдауынан бас тартса, ол сатқындық деп саналған, яғни өзіне сенген адамды алдап күнәһарлы түрде оның сенімін пайдалану. Осы негізде бөрі руынан шыққан Ашина билігіндегі ежелгі түркілер империясы пайда болған.

Ашинаның қазақлық дружинасы Турфаннан Алтайға көшіп, сол жақтағы Алтай тайпаларын біріктіруші күш болды. Тайпалардың бұл одағын Ашина Түрк елі деп атады. Бұларға бағынышты тайпалар Түрк Бодун аталды. Ашинаның казактары Түрк еліне кірген ру-тайпаларды ыдыратпады. Керісінше, хандар ретінде оларға арқа сүйеді. Сондықтан негізгі түркі тайпасы жоқ түрк елі жоқ болды. Атап айтқанда, түркілерді оғыздар, ұйғырлар, қырғыздар және өзге де ежелгі түркі тайпалар ауыстырды. Бірақ, Ашина руының тайпалардан тыс казактары одан сайын көбейді және кейде өте қатты қақтығыстарда жеңіп, кейбір ежелгі билік етіп жүрген түркі тайпаларының ханы, қағаны болып жатты. Сол кезде олар өздерінің әскери нөкерлері ретінде казактарды шақырған.

Қазақ елінде негізгі этносжасаушы арғындардың Ашина руымен байланысы өз-өзінен түсінікті. Түркіттердің тайпалық одағы, немесе, 546 жылы Алтайда Ашина руы айналасында топтасқан нағыз түркілер арғындардың казак арғы атасы телеуіттер, гаогюй динлиндері, басмылдар сияқты, теле тайпаларынан тұрған. Шәкәрім де өзінің шежіресінде арғындарды хой-ху, немесе хо-хо ежелгі түркілерінің ұрпақтары деп санайды, яғни арбалы, көшпелі ұйғурлардың. Бұл пікірді ол Улуг Еркін, қытайша Бай Егу (Ұлы Ер) Орхон-Енисей жазбаларына сүйеніп айтады. Сонымен қатар, Шәкәрім Жошы мен Шағатай ұлыстарының бірдей кұрамында болған Арғынот/Ариканут руы жөнінде білген. Қағанатта бұрын «түрк» сөзі «ондық одағы» мағына берген. Егер Арғын/Аргун сөзінің монгол тілінде де дәл сол мағына беретініне назар аударсақ, және оны монгол өзені Арғынмен байланыстырсақ (аңызға айналған Эргене Кун), онда Арғын Одағы (Орта жүз) Ашинаның бөрі руымен қайта түленеді. Уйсун Ордасы (Ұлы жүздің) және Алшын Ордасы (Кіші жүздің) бұл румен байланысы белгілі. Нәтижесінде, тек қана монгол руы баарин уйшиндері (уйсун) және мангут алшиндері (алшун) емес, сонымен бірге, телес арғындары да Ашинаның ежелгі түркі руымен байланыста екені белгілі болды. Ашина Абылғазы мен Рашид-ад-дин «татарлар мен монголдардың арғы атасы» деп атаған аңыздық Алаша ханның прототипы болуы мүмкін.

Көшіп кету арқылы қара бодан руы мен тайпаларының бөлініп кету мүмкіндігі ежелгі түркі қағандардың басқару жүйесін тітіркендіріп отырған. Қазақылық қаупінен қорыққасын, олар әрқашанда өз халқының аузын майлап отырған, яғни, әскери жорықтар ұйымдастырып, түскен түсімді бөліп берген. Мұқтажы көп, қалалық тауарларға зәру көшпелі бақташылыққа сауда орындары керек еді, ал Қытай болса бірікпеген дала тайпаларын саудаға кейде жіберсе, кейде жібермеген, осы мәселені өздері бір орталықтан басқарып отырған. Осындай саясатқа табиғи түрде қарсы тұру арқасында бірінің соңнынан бірі ғұндардың, ежелгі түркілердің, монголдардың көшпелі империялары пайда болды. Олардың мақсаты Ұлы Жібек жолына өз билігін жүргізу еді.

VI–VII ғғ. рубасылардың басшылығынан биік тайпалардан тыс жоғарғы билік институты ретіндегі барынша дамыған мемлекеттілігі бар ежелгі түрік дәуірі басталды. Бұл тұрғыда 1951 жылдың өзінде Казакстан VII ғасырда пайда болып Х ғасырда тұрақты қауымдастыққа айналды деген Аманжолов және Альдигереевтің пікіріне келісетін заман келді. Сөйтіп, кез келген сұранған тайпаға әскери көсем сайлаған атамандары басшылық еткен ортаазиялық жаугерлер ретінде түркі казактары Х-ХІ ғасырлардан бұрын пайда болған. Оларды Х ғасырда Константин Порфирородный «Казакия» деп атаса, ХІ ғасырда Фирдоуси «Казацкие ханы» деп атаған.[1]

Әлгі казак хандарымен Казакия тарих қойнауында жоғалған, өйткені, Ел Бөрі руына бағынған қыпшақ тарихына сіңіп кеткен болу керек.

Әйтсе де, казактардың өзі қалған. Олар әрқашанда ауылымен, яғни жеке отбасылық көл-көсір байлық дағдысымен көшіп-қонған көшпенділер болды. Олар номадтардан қорғаныс іздеген. Ал соңғылар көшпелі өркениеттің төмендеу деңгейінде болған, өйткені табор құру арқылы ұжымдық тәсілмен көшіп қонған. Казак ауылдары өздерінің ең жақсы кездерінде әскери мақсатта жүздіктер арқылы ұйымдасқан, бірақ олар тайпалардан көбінесе ұтыла беретін, өйткені оларда мемлекет жоқ еді. Сондықтан казактар бүкіл далаға таралған еді және ежелгі монгол тілінде қашқын орданы белгілейтін (хасах терген)деген сөз тіркесі болған.

XIII ғ. kазаk Тэмуджин немесе Теміршін (мұндағы шін-шино-бөрі) тайджиут тайпасындағы қият-бөрі руынан шыққан қазақлық ежелгі монголдар империясын құрайды, онда ол барлық дала халықтарын құрама халық әскерін (ополчение) казактардың маманданған әскеріне айналдырады және оларды ру мен тайпаларға емес, жүздік пен мыңдықтарға бөледі. Ол өзінің төл тайпасына емес, өзінің казактарына арқа сүйейді және чжурчжэн династиясына қарсы күрестің саяси бағдарламасын әйгілеу үшін барлық далалық тайпаларды монголдар (мангу-л) деп атайды. Ол енді Шыңғысхан (Теңіз Каған) титулын қабылдайды. Онысы өзін киіз үйде тұратын бүкіл ұрпақтар Мұхитының Билеушісімін дегені еді, соның ішінде «хасах тергендердің». Енді оның қазақлық империясы Ұлы монголдардың ұлысы деп аталады, яғни оның қият-борджигин алтын руынан шыққан «мемлекет-иелігі». Онда бүкіл ру мен тайпалар жойылып, араласып, «жүздіктерге» таратылып, өзінің рулық табиғатын жоғалтқан. Бірақ олардың аттарымен енді Шыңғысханның жүздік пен мыңдықтарын атайтын болған. Кім қолбасшы болса, соның руының атымен мыңдығы аталған.

Монголияның татар, найман, керей, жалайыр, қырғыз төл түркі тілді болған турлигиндердің арасында түркімонгол тілдес нирундар болған (баарин, дуклат, ойрат, маңғұт, барлас, чонос – немесе жаныс (?), тағы сол сияқтылар). Нирундардың арасында ішінде әскери көсемдерден тұратын қият руы бар тайджиуттер тайпасы көзге түсетін. Яғни тайджуиттер қият руының ұлысы болған. Ал қияттар тағы джуркиндерге, чаншуиттерге және бірінші монгол ханы Кабул басқарған-мыс ясарға бөлінген. Осыған қарағанда көккөзді борджигиндер (бөрі тегін) Шыңғысханның казактары тайджиуттерді өздеріне бағындырғаннан кейін көтерілген, содан кейін ғана олар Алтын ру, билеуші ру атанған.

Іс жүзінде тайджуиттерге қарсы тұрған қияттар емес еді. Монголдар деп қияттарды емес, Шыңғысханның казактарын айтуға болады. Және тек қана солар тайджуиттердің ғана емес, сонымен қатар, нирундар мен турлигиндердің бүкіл тайпаларына қарсы тұрған. Қарсы тұру этникалық түрде емес, әлдеқайда әлеуметті негізде жүрді. Шыңғысханның қият болмауы да мүмкін еді, бірақ бұл бәрібір бай ауылдары және тайпалық көштер арасындағы азаматтық соғыс болар еді. Шыңғысханның сыртында ешбір тайпа болған жоқ және бұл монгол мемлекеттілігінің асқан даралығын көрсетеді. Ежелгі монгол мыңдықтары тайпалық құрылым емес, мемлекет қызметіндегі әскери бөлімдер еді. Кейін мыңдықтар тайпаларға ауыса бастады, бірақ тура туысқандық емес, потестарлық-саяси негізде.

Қазақ шежірелерінің біресе былай, біресе былай келетіні осыдан. Шыңғысхан империясының бұрынғы рулық және тайпалық атаулардың орнына көбінесе бұрынғы рулық атаулармен, немесе мыңбасының атымен аталатын мыңдықтардың атаулары пайда болады. Хорчи ата, немесе Усун Эбуген, яғни бақсылардың атасы (Бэхи Ноян) ежелгі монгол тайпаларының ең үлкен баарин руынан болатын және, мүмкін, Уйшун одағын басқарды. Қадан тайши, немесе Арғын ата, ойраттан шыққан және, мүмкін, Арғын одағын басқарды. Эдыге би маңғұттан шыққан беклер бек ретінде ноғайларды жарыққа шығарды және, мүмкін, оның тұқымдары Алшин одағын басқарды. Ал йемек, қимақ, телеуіт, қыпшақ, қырғыз, қарлық, қаңлы сияқты жергілікті тайпалар, арасында таулықтар және жартылай отырықшылар бар, ежелгі монгол одағына бағынған және бұрыннан қазақлық өмір дағдысында болған, немесе осы дағдыны кейін қабылдаған.

Сол XIII ғ. Шыңғысханның өсиетімен Еділдің сыртындағы батыстық жорыққа Жошының екінші баласы Бату және Жошының өзге балалары да жіберіледі. Солардың қатарында – ең үлкен ұлы Орду. Орду Жошы ұлысының Еділдің сол жағындағы қазіргі Қазақстанды құрайтын жерлеріне иелік етті. Осы жорықтан кейін Жошы ұлысы Еділден Еуропаға дейін кеңіді және Бату өзінің ордасын Еділдің бойындағы Сарайға (Ақ Орда) орналастырды. Сол Ақ Орданы, Жошы ұлысының астанасын орыстар Алтын Орда деп атады. Сонымен қатар, ол Жүз Орда деп те аталды. Өйткені, Бату әскерді жергілікті казактардан құрады. Бұл жорықтан кейін Батухан Орду Еженнің сол қанатынан тағы ұлыстар бөледі. Жошының бесінші баласы Шейбанға Орду ұлысының батысынан және он жетінші баласы Тука Тимурге Шейбан ұлысының батысынан. Ең мүмкіні, төрелер тармақтарының үлкендігіне байланысты қазақтың үш жүзіне негіз болған, өйткені, заң бойынша, бұл ұлыстардың бәрі Ордуға бағынған. Бұл ұлыстардың ру-тайпалық құрамымен қазақ жүздерінің құрамы негізінен бір және өз кезегінде Шыңғысханның жүзбасылары мен мыңбасылары шыққан ежелгі монгол тайпаларымен байланыста.

Төрелердің туыстық үлкендігіне байланысты осы үш дербестенген ұлыстың шартты түрде оларға бағынған өзге ұлыстардың арасындағы шартты үлкендігі шыққан. Кейін осы Орду, Шейбан, Тука Тимурдың үш дербестенген ұлыстары Орду мен Урус тұқымдары басқарған жүздерге айналған. Оларға түрлі жылдамдықпен қазақ рулары мен тайпалары қосылған. Олардың осы ұлыстардағы үлкендігі Шыңғысханның жүзбасылары мен мыңбасыларының шежірелік жақындығымен, ал кейде, өте сирек, төрелердің қай кезде осы ұлыстарға қосылғандығына байланысты есептелген. Осылайша төрелердің туысқандық үлкендігіне байланысты үш жүз пайда болды, ал олардың ру-тайпалық құрамы қазақ рулары мен тайпаларының төрелерге жақындығына байланысты болды.

Тайпадан тыс ноғайлар, тайпадан тыс моголдар сияқты, шыныменде тайпалардан тыс қазақтармен туыс еді және олардың төрелерге саяси жақындығы һәм олардың шежірелерінің төрелер шежірелеріне жақындығы қазақтар қосылған сәтте мәлім болған. Бірақ моголдар, ноғайлар сияқты, Ұлы және Кіші Жүздің құрамына кіргені болмаса, оларды құрамаған. Тек осы мағынада ғана барлық жүз арқылы өтетін барлық ру мен тайпаларының үлкендігі қазақтарға және өз төрелері династиясы жоқ ноғайлар мен моголдарға ұнамды болар еді.

XIV ғ. ортасында Жошы ұлысының оң қанаты ру-тайпалық ақсүйектерінің билігі асқасын және Тоқты мен Бердібек хандар барлық Бату тұқымын өлтіргеннен кейін, Орду тұқымының үлкендігі Алтын Орданың бас тағынан үміт етуге мүмкіндік берді. Және XIV ғ. екінші жартысында Урус хан (билік еткен жылдары 1368–1377), Шыңғысханның үлкен немересі, Орду Еженнің тұқымы, солай жасады. Алаш ханның прототипінде, ол Алтын Ордада Ұлы Бүлік басталғанда, Жошы ұлысын қайта құру мақсатында, Ақ Орданы басып алып, Көк Орда (Қазақстанның) тәуелсіздігін жариялады. Бірақ Бату тұқымдары өлгеннен соң, Алтын Орданың бірлігін қайта жандандыру мүмкін емес еді. Ақ Орда және Көк Орда қазақ төрелеріне қалды. Осыған байланысты Қазақстан өзінің төл астанасы Сығнақтан айырылып қалды. Оны Тамерланның көмегімен Тоқа Темірдің тұқымы Тоқтамыс тартып алды. Және содан кейін Тоқтамыс Сарайды да басып алып, Урусты қуды, бірақ Ақсақ Темірмен жауласа бастады. Амал жоқ, Темір Алтын Орданың Еділ бойындағы бүкіл сауда қалаларын қиратып, Сығнақ тағын Урустың баласы Құйыршыққа алып беруге мәжбүр болды. Содан бері Жошы ұлысы Сарай астанасы бар Алтын Орда ретінде жойылады да, ал Ақ Орда мен Көк Орда саяси құқықтық мағынада араласып және кірігіп, қазақ хандарының төрелік династиясы ретіндегі урусидтердің иелігіне айналады.

Кейін, XV ғ. басында шейбанид Абулхаир хан урусид Барак ханның өлімін ұйымдастырып, Қазақстандағы билікке қол жеткізеді және оны бұрын Алтын Орданың билігін тартып алған, өзін өтірік батуид деп сендірген Өзбек ханды есіне алып, Өзбек ұлысы деп атаған. Сол ғасырдың ортасында Абулхаирдың өлімінен кейін урусидтер Керей мен Жәнібек Қазақстандағы Урус ханның династиясын қайта таққа отырғызады. Бірақ өзбек урусидтер арасында тұтас хандыққа иелік ететін хан болмағасын, олар урус деп аталмай, «казак» деп аталды, ал Орта Азияға көшкен шейбанидтердің тұқымы өздеріне өзбек атауын қалдырған. Сөйтіп, қазақтар ақыры өздерін өздерінің әлеуметтік өмір дағдысымен атаған.

Осы сәттен бастап ежелгі монгол суперэтносының казактары Қазақстанды мекен еткен, ал олардың жүздік пен мыңдықтары потестарлық-саяси негізінде тағы да ру-тайпалық сипатқа көшкен. Казактар өздерінің атауларын өзгертсе де, әрқашанда Шыңғысханның руы мен заңының билігінде қалған. Монголдан кейінгі дәуірде қазақ даласын қыпшақтікі деп атау өте шартты, ал ежелгі монгол руы мен тайпаларының түркіленуі жөнінде сөз қозғау артық кету болады. Негізі, қыпшақтардың кимактардан, телеуіттерден және казактың өзге көшпенділерінен өзгешелігі —олар Еділдің батысында және Сырдарияның оңтүстігінде жартылай отырықшы боп өмір сүрген. Монголдар қыпшақтар ақсүйегі Ел Бөрі руын жойғасын, қыпшақтар, ежелгі татар тайпалары сияқты, жүздіктерге таралып, дербес саяси, демек, этникалық (Ұлы Дала мәдениетiндегі) биліктен айырылған.

Сөйтіп, XVI ғ. басында өзге халықтарша бөлінбейтін біртұтас ұлт ретіндегі көшпелі қазақтың қалыптасуы басталды емес, бітіп үлгірді. Қазақтардың «халық-мемлекет» ретіндегі елдердің барлығы саяси тайпалар болды және өзге бөліктерге бөлінген жоқ (айрықша елдердi құрамаған). Өйткені олардың бүкіл мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері ежелгі монгол суперэтносының өмір дағдысынан мұраланған еді. Оны айтасыз, әлгі мәдени-тұрмыстық ерекшеліктер тіпті ежелгі түркі суперэтносына да тән еді, егер ежелгі түркілердің қаны бір, туыс ру-тайпаларға бөлінетінін ұмытсақ.

Сөйтіп, XVI ғ. казактар нағыз қазақтарға айналып, өздерін жартылай отырықшы украин және орыс казактарынан тарихи жолы мен өмір салтында ұқсастық болса да, бөлек санады. Нағыз орыс казактары «ордалықтар» («ордынские») Русьтың тек оңтүстік шетінде емес, барлық жерде Алтын Орданың ежелгі монголдарынан, «татар» казактарынан шыққан. Және Мәскеу Русін қорғау қызметіне олар татар-монгол езгісінен азатталғаннан кейін тұрған.

Қазақтар құрамында қазаққа өз атын беретін рубасы, немесе тайпалар болған емес. Бұл қазақ этносының жастығы жөнінде емес, оның таза әлеуметтік арқылы құрылғанын айтады. Қазақ хандарының Могулистанға көшіп кетуі көшпелі өзбектердің казак деп қайта аталғанына мегзейді. Еркін болмыстың әлеуметтік статусы ежелгі монголдарда болған және көшпелі қазақтарда толығынан этникалық ерекшелікке айналған. Бұл әбден-ақ заңды, егер этнос негізінде туысқандық, нәсілдік, антропологиялық ерекшеліктерін емес, әлеуметтік қоғамдастықтың өмір дағдысын, мінез-құлқын және өзге де мәдени-тұрмыстық қасиеттерін алсақ. Өйткені әлеуметтіліктің этнос болмысына қазір кіргені сонша, өзге теориялар сын көтермейді. Сөйтіп, бізде қазір мода боп кеткен казак, киргиз-казак, немесе кайсак сөздерін қазіргі орыс сөзі казахқа ауыстыру дағдысын мүлде қабылдауға болмайды, өйткені ол қазақ этнонимінің тарихына, этимологиясына, семантикасына қайшы.

Қазақтың шаруасы, ежелгі монголдың карачуі, сияқты қатардағы көшпенді, барлық жеке және дүниелік жекеменшігіне құқықтары бар заңды ерікті тұлға, бірақ нағыз казак ретінде ол, әлдеде қолданылып келе жатқан Шыңғысханның заңы бойынша, әскерге шақырылатын және қару ұстауға міндетті еді. Өйткені қаруы болмаса ол халық жиындарында дауыс бере алмайтын. Бір сөзбен айтқанда, хан өз міндетіне қоғамдық тәртіпті сақтау және территорияны қорғауды алған һәм өзге елдер және халықтармен келіссөз жүргізу хұқығына ие жоғарғы сот және бас қолбасшы болатын. Қазақ төрелерінің қазақлық тағдыры қиын: «бүгін қашқын, ертең хан» дегендей және керісінше. Аса қартайған хандардың өздері «билігінен айырылған және мұрагерлік хұқығы жоқ» ретінде, кәдімгі батырлар сияқты, соғыс алдында жекпе-жекке шығып, өзінен әлде қайда жас қарсыласынан қаза тапқан.

Шыңғысханға табыну дағдысының өте маңыздылығы – ол дін деңгейіне дейін көтерілген. Бақсылар рәсімдерін жасағанда, ұлы жаугердің рухын шақырған, ал жәй халық оның ұрпақтарына тек жәй билеушілері ғана емес, киелі, қасиетті рудың өкілдері ретінде тағзым еткен. Осыған байланысты XIX ғ. қазақтың даласы Шыңғысхан ұрпағы өз билігін сақтап қалған бірден бір орын болды.

Ханның мұрагерлік иелігі ретіндегі мемлекет бұрындағыдай орда мен елден тұратын. Орда дегеніміз хан шатырынан және оның казак нөкерлерінен тұратын қарулы әскер. Ел мемлекетті құрайтын халық, көшпенді тайпа мен рулардың және көшіп кетуі ұлысты күйретер қарапайым казактардың одақтастығы. Ұлыс өзіне бағынышты жұртты басқарған. Еркін казак елі ретіндегі Қазақстанда мұндай ұлыстар көп болған, XVII ғ. өзінде олар жиырмадан көп болған, әйтсе де, олар үлкендігіне байланысты үш дербестенген ұлыстың айналасында біріккен. Кейін Ресей, Орта Азия және Қытай шекараларын қазақ даласы айналасында тас қып жапқанда, қазақ елі жүздермен бірігіп кеткен.

Тұтас қазақ хандығы ешқашанда болған емес және XVI ғ. кейінгі қазақ хандықтары Монгол империясының бату, жоққа айналу тарихының бір бөлігі. Егер бәрі де Урус хан, Қасымхан сияқты, қуатты патшалардан басталса, бар егеменді тарихымыз мемлекет басшыларынан гөрі қарақшылар атамандарына ұқсас Абылай хан және Әбілқайыр ханмен бітеді. Ал егемендіктен айырылғаннан кейінгі XIX ғ. тарихымыз ол да белгілі: әлгі хандардың соңынан келген Ресей шенеуніктері қазақ даласындағы барымта мен бұзақылықты тия алмай, жынданып кете жаздаған. Қазақтардың бірінің үстінен бірі жазған арыздарына әлі де Ресей архивтері толы. Жырлары адуынды және асқақ жыраулардың орнына не болса соны сөз қылатын өлеңшілер келді. Қазақтар көбінесе соңғы пассионарларын өздері өлтіреді. Ал ұлттың нағыз мәйегі – Алаш Орда қайраткерлері халық ішінде өте аз қолдау табады. Мұның бәрі, әрине, трагедиямен бітеді.

Көне монгол казактары жаңа билеушілер мен мемлекеттер іздеу мақсатында, көшіп кету дағдысынан айырылғасын, қазіргі қазақтарға айналған. Міне, осыдан арбадағы киіз үй ретіндегі «казак терген» арбалары құрама юрталарға ауыстырылып, қазақтың мәдениеті мен тұрмысына зор өзгерістер енген. Яғни, нағыз жаңа – империялық емес этнос тек XVII ғ. ғана Шыңғысханның ежелгі монгол-казак империясының қирандысында пайда болды. Қазақ этносы Ресейге XVIII ғ. 30-шы жылдарында қосылды және XX ғ. 30-шы жылдарында оны күштеп отырықшы қылды. «Қазақстан трагедиясы» ретінде атышулы болған отырықшылыққа жаппай көшу барысында, Голощекин ұйымдастырған жаппай аштан өлу нәтижесінде, қазақтардың үштен екісі жойылып кетті.

Ендігі мәселе – қазіргі XXI ғ. қазақтары қалай дамиды: бұрынғыдай жалпыазаматтық мағынасындағы титулды, нарыққа бейімделген, этностық санадан биік ұлт боламыз ба, әлде ана тілі мен титулды елдің мемлекеті негізінде бөлектеніп, этнократиялық, нарықты емес қоғамның қамытын киеміз бе? Қазіргі уақытта титулды ел басқаратын Қазақстанның жалпыазаматтық ұлтын жасау үшін қазақтардың дәстүрлі қазақлық мәдениетін жеке ашықтыққа және мәдениет, саясат, экономикадағы бәсекелестікке қарай жетелейтін жаңашылдықтың ұлттық идеясы керек. Қазақтың ұлттық қасиеті ретіндегі жеке ашықтық идеясын барлық елдер қолдайды. Бұл ұлттық қасиеті арқылы жалпы азаматтық Қазақстан ұлты – өзінің ұлттық миссиясын жүргізеді, яғни, ақпараттық қоғамның этникалық үлгісіне айналады. Алдымен, бүгінгі таңдағы ономастикалық логикаға бағынып, ел атауының орысша және ағылшынша транскрипциясын өзіміздің қазақша нұсқасымен сәйкестендіру керек: Казакстан (Kazakstan) – Еріктілердің Отаны (Freedom State).

Ұлттық идея қолдан жасалатын нәрсе емес, шынайылық ретінде ашылатын нәрсе. Кез келген ұлттық идея, қазақы болсын, орысша болсын, кез келген халықтың ұлттық миссиясын беретін ұлттық қасиеттен және оны этнос ретінде, мәдени-тұрмыстық тұтастық ретінде біріктіретін нәрселерден тұрмақ. Ерте ме, кеш пе, біз этностық пен азаматтықты бөлетін боламыз және ұлт деп тек азаматтылықты айтамыз. Әзірше біз, этностар, ұлттық шығу тегіміз бен ұлт деңгейін ажыратуды үйренейік.

1
...
...
12