Читать книгу «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» онлайн полностью📖 — Канат Нуров — MyBook.
image

Біріншіден, Монголияның өзі және отырықшы елдерден өзге еш жерде интеграция болған емес, өйткені, тек Орал сыртындағы Еділ бойы мен Қара теңіз бойына қарай қыпшақ руы Ел Бөрі қырылды. Екіншіден, этникалық құрама Ежелгі Монголиядағыдай болды, яғни, сол кезде де қазірде шартты және жөнсіздеу сыртқары көздер «қыпшақтікі» деп атаған ежелгі көшпелі түркілерден тұратын. Үшіншіден, жоғарыда Юдинге сілтеме жасалғандай, жергілікті тайпалардың оларды тілдік ассимиляцияға ұшырату ретіндегі монголдардың түрктендіруі болған жоқ. Сондықтан олар этникалық мағынасындағы мәдени-тұрмыстық ассимилияцияға да ұшыраған емес, өйткені, Қазақстандағы монголдар билік басында болатын. Ал Еділ мен Қара теңіз қыпшақтары монголдың жүздіктері мен мыңдықтарына таратылған және олар Әкімбековтың өзі айтқандай аз болған және кезінде құдыретті болған Жетісудағы карлук, канглы, уйгурлар сияқты, маңызды рөл ойнамаған (сонда, 458 б.). Төртіншіден, экономикалық тұрғыда Қазақстан даласында барлық тұрғындар әдетте қазақша ауылмен көшіп қонған. Бесіншіден, егер Юдин айтқандай, Қазақстанға ежелгі төрт мыңнан астам монгол келгенін және жоғарғы хан Толуда Шыңғысхан жарлығымен 129 монгол әскерінен қолында 101 мыңы болғанын ескерсек, келімсектердің саны аз болған жоқ. Демек, қалған 28 мыңы, яғни ер жаугерлердің отбасыларын есептегенде 150 мың адам Монголияның батыс жағына жіберілген болар. Алтыншыдан, өзіне заңды билеуші («табиғи ие») іздеудің саяси факторы ежелгі түрік суперэтносында этносқалыптасудың негізі еді, өйткені далалық социумның өзге шаруашылық және рухани факторлары ежелгі Монголия мен Қазақстанның барлық ру-тайпаларында бірдей болатын. (Мұнда тума-туысқандық және өзге антропологиялық фактор тілге тиек етілмейді, өйткені, тіпті, ең кіші этностардың пайда болу негізінде мәдени-тұрмыстық шығу тегіңнің әлеуметтік факторлары жатады. Әкімбековтың айтуынша, «шекарасы Литвадан Сырдарьяға дейін созылған Жошы әскерінің көпмыңдаған жауынгерлері арасында этникалық, мәдени, діни немесе тілдік болсын, еш айырмашылық болған жоқ. Шыңғыс ұрпағының бір тармағын таңдау олар үшін ең басты идентификациялық фактор болды, яғни айқын әйгіленген саяси сипатта болды» (сонда, 453 б.). Қызығы, Әкімбеков қазақтар ежелгі монголдармен этникалық түрде емес, таза саяси байланыста десе де, оның этникалық тарихқа тікелей ықпал еткенін ескертеді. Бұл қайшылыққа қарағанда, Әкімбековқа өзі басқаға қабілетті болса да, сырттан келген қоғамдық стереотиптер әсер етіп тұр. Ежелгі монгол мен қазақтардың саяси байланысын негіздеу үшін ол орасан зор жұмыс істеді, бірақ оны этникалық байланыс деп атауға оның батылдығы жетпей тұр. Несі бар, өз тұрғысын негіздеуде ол ғылыми көзқарастың сақтық пен байсалдылығына жасырына алады. Ежелгітүрік дала суперэтносының мұрагері ретіндегі ежелгі монгол казак суперэтносының әлеуметтік саяси құрылымына қатысты Әкімбековтың ойы: «Оның негізқалаушыларының көзқарасынша, Монгол империясы ең алдымен әскери мыңдықтарға ұйымдасқан халықтан тұратын». Яғни, империя халқы деп әскер құрамына кірген жауынгер көшпенділер саналған. Қалғандардың басты міндеті салық төлеу болды (сонда, 243 б.). Мұнымен келіспеуге болмайды. Әрине, Шыңғысхан монголдарының феодалдық езгісі болған жоқ, оларды ешкім экономикадан тыс күштеп, жұмысқа салған емес және казактарға, ерікті ер жаугерлерге қатысты бұл мүмкін емес те еді. Бір жүздік пен мыңдықтан өзгеге ауысуға болмайды дегенде, мақсат казактар тектен тек өз азаматтығын, ал жүзбасылар мен мыңбасылар қазақылықтан бас тартпасын деген ой еді. Барлық ру-тайпалар байсалды араластырылғасын және олардың алтын белдікті аристократиясы мәңгі келмеске кеткесін, ешкім Ұлы Монгол мемлекетінің тұтастығын бұзбауға тиіс еді. Әрине, мемлекет иелік ретіндегі ұлыс белгілі ру, немесе тұлғаның иелігі саналды, бірақ, бұл иелікті феодпен теңеуге болмас еді, өйткені ол жерге тәуелді емес болды, сондықтан ерікті жаугер ретіндегі ұлыс адамдары көшіп кетіп, жаңа ұлыс іздеуге қазақылыққа шығатын. Сондықтан, тіпті осы монгол империясы ең дәуірлеп тұрған кезінде метрополиядағы казактарға Угэдэй хан өте аз салық салған: «Мемлекетімізді қиналтпайық… халыққа қиын емес реттеулер кіргізейік. Мемлекеттік борыш шүленге отардан бір тоқты бөлінсін. Сол сияқты жүз бас қойдың бір қойы кедей мен байғұстар үшін салық деп алынсын…» (сонда, 243 б.). Көріп тұрғаныңыздай, мұнда әскер дегеніміз түрлі тайпалы казактардың барлық мыңдықтырынан тұратын, бір жағынан халық, бір жағынан мемлекет. Оларға кейін Тәуке ханда Жеті Жарғысы арқылы салық салғысы келді және жалпы Монголдардың Ұлы мемлекеті солар үшін құрылған еді. Қытай, Ресей, Хорезм, Иран сияқты провинцияларға қатысты салықтар қазіргі кездің де, сол уақыттың да өлшемдерімен онша ауыр болған жоқ, бірақ, әрине, салмақтылау, өйткені ол барлық жаугершіліктің екінші мақсаты еді (сауда орындарына шығып, Ұлы жібек жолын қорғағаннан кейін): «ел әскерге» салым төлету және бағынышты отырықшы тұрғындары бар жұрт жаулап алу. Ең қызығы, монголдар жаулап алған жергілікті отырықшы тұрғындардан шыққан тарихшылар монгол билеушісінің артықшылығы ретінде оның жауапты билеуші болуға қабілетін және жергілікті халықтың мүддесін сыйлауға ниетін атаған. Рашид ад-Диннің айтуынша, Барак ханға қарсы жорығында Абага хан ешбір жан ешбір масаққа зиян келтірмесін депті және кері қайтып бара жатқанда әскер мен құжынаған қара халыққа қарамастан, ешкімге қылдай зәрәзап келтірмесін депті (сонда, 326 б.). Ерікті казактар әскеріне бұл онша ұнамайтын. Газан хан олардың толқулы көңілін былай деп басыпты: «Мен райят тазиктердің жағында емеспін. Егер пайда тек соларды тонауда болса, бұл іске менен күшті адам жоқ. Керек десеңіз, бірге тонайық. Бірақ егер болашақта менен тагар мен тамақ сұрайтын болсаңдар, мен сендермен қатыгез боламын. Енді сендер ойланыңдар, егер сендер райяттарды ренжітсеңдер, олардың өгіздерін тартып алып, нанын таптасаңдар, онда болашақта не істейтініңді ойлаңдар» (сонда, 333 б.). Төрелердің осындай әңгімелеріне құлақ түрген қазақтар отырықшы территориялардың ішінде қалып, әскери сословиеге көшіп, жергілікті этностардың элитасына айналады екен. Ал тыңдамағандар өзге жерлерге, немесе қазақылықтың тұрақты орнына айналған, далалықтардың көптеген жаңа әскері жинала беретін Қазақстан территориясына кеткен.

Айтпақшы, 1480 жылғы «Уградағы тұру» Ахмет хан үшін Ресейден кетумен бітті, себебі Қазақстаннан, Алтын Орданың сол қанатынан қолдау болмаған. Міне, содан соң көптеген Шыңғыс ұрпақтары және олардың жауынгерлері Мәскеуге қызмет етіп, соның билігінің қол астына көшеді (сонда, 452 б.). Әрине, бұл патриоттыққа жатпайды, бірақ олардың қазақы болмысы солай еді, ол аздай, төрелерден Ресейде «татар ақсүйектері» құрылды және Ұлы княз ретіндегі Иван Грозный ақыры патша титулын қабылдап, олардың атынан емес, өз атынан сөйлеуге батылы барғанға дейін, тек төрелерде ғана патша атануға құқығы болған. Сөйтіп, Угэдэй хан кезінде Елюй Чуцай енгізген метрополиялар мен провинцияларға орталықтырылған салық салу жүйесіне қайта оралсақ, Ұлы Монгол империясы ұлыстарға ыдырағасын, ол да құрып бітті, бірақ өзінен кейін бұрын феодалдық ыдырауда болған, ал енді орталықтырылған Қытай, Иран, Ресей және өзге елдерді қалдырды. Ал Қазақстан болса XIX ғ. ортасына дейін төрелердің Орду ұрпағы бастаған қазақылық ордасы боп қала берді. Бұл қазақылықтың еркін ордасын, немесе Жошы ұлысының сол қанатын, немесе Көк, кейін Ақ Орданы, ақыры ешкім бағындыра алмады, тіпті Тамерланда. Барлық отырықшы бай территориялар (Русь, Крым, Булгария және Хорезм) ежелден Алтын Орданың оң, батыс қанатына кіргесін және тек кейін ғана Мәскеу княздары мен тимуридтарға бұйырғасын, барлық заңды батуидтердің өлімінен кейін ең соңғы джучидтар ретіндегі ордуидтер өз казактарымен Жошы ұлысының барлығында билікті тартып алуға тырысқан (сонда, 424 б.). Өтеміс қажының «Шыңғыс-Намесінде» Хызр хан өзінің казактарына Өзбек ханның мүмкін Батуден көшкен Ақ Ордасын қиратыңдар және осы Алтын Орданың мұра боп тек төрелер арасында таратылатын қасиетті орданың алтын табалдырығын өзара бөліп алыңдар деген жарлық бергені айтылады. Кейін ордуид Урус хан шығып, өз билігіне Жошы ұлысының оң және сол қанаттарын біріктіреді. Бірақ кейін сарай тағына үлкендігі жағынан ордуидтерге бағынатын сол қанаттың өзге династияларынан шыққан шейбанид Араб шах та, тука тимурид Тоқтамыс та отырды. Ақсақ Темір (Тамерлан), шағатайлық ортаазиялық мыңдықтарын біріктірген барлас тайпасының монгол казагы, стратегиялық тұрғыда қазақ ордасымен соғысудың пайдасыз екенін де, оның Еділ бойындағы қалалар мен Хорезмді басып алуының қаупінде жақсы түсінді. Сондықтан ол бұл қалаларды тұрғындардан тап-таза ғып ойрандап, олардың тұрғындарын енді Ұлы Жібек жолы Жошы ұлысынан өтпесін деп, Орта Азияға қуып әкелді. Содан бері Жошы ұлысының оң қанаты заң жүзінде де, географиялық шекарасында да қайта өңделмеді (егер оның Темір Кутлугтың Ұлы Ордасы ретіндегі бір сынығын еске түсірмесек). Ал Көк Орда Ақ Ордамен бір орналасты да, узурпатор шейбанид Абулхаирхан билігіндегі Көшпелі өзбектер мемлекетіне айналды. Өзбек-казактар, кейін жәй казактар бақылауына аракідік қазақ саудасы үшін өмірлік маңызы бар, бірақ әлемдік сауда үшін шет қалған Сыр бойындағы қалалар өтіп тұрды. «Тимурдың осындай саясаты Жошы ұлысын шенеуніктерсіз, қолөнершілерсіз және саудагерлерсіз қалдырды (сонда, 447 б.). Және де Алтын Орданың мұрагері ретіндегі Ресейге сауда мақсатында қосылу тек уақыт еншісінде қалды, өйткені, қазақылық көшпелі цивилизация дамуының соңғы кезеңі болғасын, бар мүмкіндігін сарқып, енді технологиялық артта қалуға ұрынған еді.

Қазақтардың кейінгі қазақылық этногенезі жөнінде Әкімбеков: «Моңғол мемлекеттік дәстүрінің қирандысындағы жаңа этникалық топтардың құрылу барысына көп уақыт кетті. Сол сияқты Литва және Мәскеу мемлекетіне қызмет жасап, әскери сословиеге айналған Шыңғысхан ұлыстарының ақсүйектерін ассимиляциялау да оңайға түспеді… Кейін жаңа этностың атауына айналған және, сонымен бірге, Ресей мен Украинадағы арнайы әскери сословиенің атауы болған казак атауының шығуы да монгол дәстүрінің дағдарысымен тығыз байланыста… Анығы, қазақ атауы дәл XV ғасырда кең тарады және тек монгол дәстүрлі мемлекеттерде… Екі жағдайда да термин өзінің алғашқы мазмұнынан өте алыстап кетті» (сонда, 461–462 бб.). 2011 жылы бесенеден белгілі болған қазіргі қазақтармен орыс-казактарының өз атауларына сәйкес екенінің мойындалғанынан кейін олардың арасындағы өте анық байланысқа ешкім күле қоймас және қазақ этногенезінің қазақылық концепциясын жоққа шығара алмас. Тек Әкімбековтің әлгі терминнің өзінің ежелгі және ортақ «ерікті, бостандықтағы» мағынасынан осы екі мәдени-тұрмыстық қауымдастықта қай жағынан алыстағанын көрсетпегені қынжылтады. Ал оның «касогтар», «казацкие ханы», «Казакия», «қазақ арбалары» және өзге де казактар туралы әбден сенімді қайнаркөздерден алынған казак терминінің XV ғасырдан бұрын жөніндегі деректерден көбінесе еш негізсіз бас тартуы жөнінде бұл ресми ғылыми қызметкерге өте үйреншікті ұстаным деп айтуға болады. Әкімбековтің Жәнібек пен Керейдің көшіп кетуіне «классикалық» түрде жабысуын жоғарыда Теміргалиев миф ретінде быт-шытын шығарған еді, бірақ тек қана сол көзқарас «Далалар тарихының…» бар қисынды анализін казак этнониміне қатысты өте қарама-қайшы шешімдерге әкеледі.

Біріншіден, «Зафар-Наменің» соғыс кезінде Тамерланнан Камар ад-Диннің могол қазақтарына қашып кеткен «казак мыңы» жөніндегі нұсқауы жалғыз ілікті болса да, казактардың бар екенінің және олардың XV ғасырға дейін Ұлы Далаға талпынғанының жалғыз дерегі емес. Жоғарыда «Чингис-Намеде» Хызр хан қазақтарының Сарайға «қазақылық ордаларының» Жетісудан өзге аймақтарынан XV ғасырдан бұрын көшіп келгені жөнінде көрсетілген еді. Екіншіден, егер ұлыстар казактарды бір-біріне қарсы пайдаланса, ол казактар басқа казак емес, сол баяғы ежелгі монгол казактары, түр-тұрпаты мен мәдени-тұрмыстық болмыс бітімін жоғалтпаған. Үшіншіден, казак болу тек соғыс әрекеттері кезеңімен шектелмейтін, Самарканди айтқандай, «барлық жерде қарақшылық жасау» үшін немесе «тағы артқа шегіну» үшін, немесе Бабыр айтқандай, «шексіз өжетпен жау үйірін алып қашу» үшін әрқашанда казакша өмір сүріп, әрқашанда тың әрекетке дайын болу керек. Әкімбековтің өз ойынша, қазақылық институты бәрінен бұрын «жас ұрпақты әлеуметтендіруге байланысты болған, ал ол «қазақылық» арқылы күрделі жағдайда соғыс әрекеттерін жүргізу тәжірибесін үйренді» (сонда, 464–466 бб.). Әрине, мүндай әлеуметтену халық тұрмысынан бөлек алған арнайы әскери шаралар мен мектептерде өте қоймас еді, егер бұл туралы ешқандай тарихи деректер жоқ болса. Егер инициацияның мұндай процедуралары болса да, олар тек монголдан кейінгі дәуірде емес, бүкіл «далалар тарихы» барысында болған шығар. Мұндай әлеуметтендіру жігіттерді тек халық нұсқасында тәрбиелер еді және оларды казакка алар еді, яғни, өзінің ел әскеріне кіргізер еді. Сөйтіп, ол «этникалық» және «фольклорлық» түрінде қала берер еді. Әкімбековтің шебер қойған сауалына осы тұрғыдан жауап іздеу керек: «неге тек Жәнібек пен Керей жақтастарына ғана казак атауы орнықты… бұл ұғым кезінде монгол саяси дәстүрі мойындалатын барлық территорияда қолданылатын еді ғой?» (сонда, 467 б.). Неге қазақтар өздерінің арғы аталары Шыңғысхан берген саяси ортақ атау монголға мақтанған сияқты ежелгі монголдардай өзінің көне өз атау казак атауын мақтан тұтады? Бұл тұрғыда Әкімбеков Гильом де Рубруктың орынды куәландыруын келтіреді: «өзінің моал атауын бәрінен жоғары қойып, олар татар деп аталғысы да келмейді (сонда, 465 б.). Казак термині жөніндегі дискуссияны қорытындылау мақсатында Әкімбеков парсы тарихшысы Рузбеханидің өзбек шейбанидтердің өзбек-казактарға қарсы 1509 жылы болған және оларды ақыры айырған соңғы жорығы жөніндегі деректі келтіреді: «Бұрынғы кездері Шыңғысхан жорықтарының басында татар әскері аталған қазақ әскерінің құдыреті мен көзсіз батырлығы». Әкімбеков «тек қазақтарда ғана монгол дәстүрімен, Шыңғысхан отбасымен байланыс тарихтағы ең ұзақ боп шықты» (сонда, 468 б.). Бұл тұжырым комментарийді қажет етпейді. С.М. Әкімбеков «классикалық» көзқарасқа қанша берілген болса да, Р. Темиргалиев, Ж. Сабитов және жоғарыда Қазақстан тарихы жөніндегі оқулықты зерттегенде аталған көрнекті тарихшылармен бірге Қазақстан историографиясында қалыптасып келе жатқан «ежелгі монгол» ғылыми мектебінің негізқалаушыларының бірі болуға сай. Қайта басылып отырған кітаптың авторы өзі ұстанып отырған қазақ этногенезіндегі қазақылық концепциясын осы мектептің табандылау түрі деп санайды және оның өкілдері ішінде болуды өзіне мақтан тұтар еді. Бірақ егер Әкімбековтің неге казак атауы өзбектерге, моголдарға, немесе ноғайларға емес, қазаққа қалды деген сауалына оралсақ, онда ол тек қана саяси емес, әлеуметтік жалпылама атау болғанын айту керек. Бұл тұрғыда ол таза саяси атаулар өзбек, могол немесе ноғайға қарағанда, олардікінен гөрі этникалық мағынасы басым еді. Мұхаммед Шейбани тимуридтердің мұрасын бөліп алып, бай Орта Азияда әскери сословие болайық деп шақырғанда, оған талай жүздіктер мен мыңдықтар ерді. Қазақ даласынан келген могол-казак және өзбек-казактардың тасқыны мол болғаны сонша, Бабыр бастаған тимурид казактарын Үндістанға ығыстырды. Міне, содан ол сол жақта өз казактарымен Ұлы моголдар империясы мен династиясын құрды. Бұл Мухамед Шейбани-Ханның Қазақстаннан кеткен «ер жаугерлері» сарт (тазиктер, татчиктер және өзге отырықшы райят тұрғындар) арасындағы әскери сословиенің тағдырын таңдады, іс жүзінде олар сарттар үшін алғашында өзбек-казак болған және кейін ғана, көп кейін (XX ғ. қарсаңында) сарттармен араласып, жәй өзбекке айналды. Олар Мухамед Шейбаниді Өзбек ұлысының заңды мұрагері және «көшпелі өзбектер мемлекетінің» негізқалаушысы Абулхаирдің сүйікті немересі санады. Ойлап қарасаңыз, Алтын Ордадағы Сарай тағын тартып алған, Мәскеуге «ұлы княжениеге» жарлық берген Өзбек хан да батуид емес, шейбанид болған деуге барлық негіз бар. Қазақ даласында Урус ханның династиясын қайта орнатқан ордуид урусидтер Жәнібек пен Керейдің билігінде қалған өзбек-казактар, могол-казактар, кырғыз-казактар, ноғай-казактар және өзге казактар ерте ме, кеш пе казак деген сыртқы атаумен қалып және оларға Урус атын беретін ортақ урусид хан болмағасын, бұл жағдайға үйренісу керек еді. Және мұндағы мәселе қазақтардың саяси сүйіспеншілігінде емес, өйткені тек Шыңғысханның отырықшылыққа қарсы өсиетіне ергенде ғана казак боп қалуға болады, яғни рухы мықты (тюркют, мангул) және, ең бастысы, ерікті ер, жаугер казак боп қалу. Ал бұл, кешіріңіз, этнос пайда болуының тек саяси емес, әбден классикалық мәдени-тұрмыстық негізі. Ол тілден де күшті этностың өзгешелігін көрсетеді. Тіл этникалық болмыстың қажетті, бірақ жетімсіз шарты, ал өз мемлекеттілігің этнос пайда болуының жетімді, бірақ қажетті емес шарты. Айтпақшы, өзбек шейбанидтардың ру-тайпалық құрамына қатысты Әкімбеков Бенаидің «Шейбани-Намесінен» Өзбекстанға кеткен тайпалардың аттарын келтіреді: «көшші, найман, ұйғыр, күрлеуіт, дүрмен, қият, тұман, маңғыт, коңырат, қытай, таңғұт, чимбай» (сонда, 502 б.). Көріп тұрғаныңыздай, мұнда этносқұраушы казактар одақтарының бірі жоқ. Ал олар қазақтың Ұлы, Орта, Кіші деп аталатын үш жүзінің құраған усун (хушин, уйшун), аргын (аргун, арикан, аргынот) және алшиндар (алшун, алшин). Бұл үш жүз, оларды өзге ордалармен казактардан (соның ішінде, орыс-казагынан да) ажырату үшін тікелей казак ордалары деп аталған: Усунь, Аргын және Алшин ордалары. Енді тек Әкімбековтің қазақ жүздерінің саны мен үлкендігіне қатысты пікірін білсек жетіп жатыр. Және мұнда Т. Сұлтанов «қазақ тарихының жұмбағы деп атаған әлі уақытқа дейін шешімін таппаған үш жүз мәселесі бойынша Әкімбековтің аса көп жұмыс істегенін мойындауымыз керек. Жүздер үлкендігінің гипнотикалық критерийіне байланысты ешкім бұл жөнінде ішкі қайшылығы жоқ теория жасай алмай отыр. Ю. Зуев айтқандай, «бәріміз де тығырыққа тірелдік». В. Бартольд сияқты ғұламаның өзі ХХ ғ. 20 жылдарында «бұл ордалардың көштері шығыстан батысқа қарай орналасқан» және де Ұлы Жүз даланың ең шығыс жағында орналасса, Кіші Жүз – ең батысында» және де «ордалардың атауы көшпенділердің санына байланысты емес (саны жағынан Кіші Жүз ең ірісі болған), оған кірген рулардың үлкендігіне байланысты (сонда, 542 б.). Әкімбеков жасаған бұл мәселеге келу жөніндегі негізгі тәсілдер классификациясымен жалпы келісуге болады, тек оларды «аңыздық-тарихилық» және «табиғи-тарихилық» деп ойдан шығарып бөлгені болмаса. (сонда, 543 б.). Мұндай бөлу тіпті терминологиялық жағынан оғаштау және тарихқа маманданбай қызуғышыларды адастырып жіберуі мүмкін. Ғылыми келу тарихи ақпаратты таратудың ауызекі дәстүрін жоққа шығармайды, керісінше, зерттеу, тексеру және негіздеуді өз басына алады, әсіресе, егер бұл халықта өзінің жазба тарихи қайнаркөздері болмаса. Бұл бір жағынан. Ал екінші жағынан, Маркстың «қоғамдық-экономикалық формациялар» және «тарихи материализм» жөніндегі кеңестік ілімге негізделген «формациялық теориясының» қазақ жүздері ру-тайпаларының тікелей үлкендігіне қатысты қолданылуы беймүмкін және ғылымнан алыс идеологиялық және саяси факторларға негізделген. Қызығы, Әкімбековтің өзі бұл классификациясын қатаң ұстанбайды және екі жағынан да деректер келтіріп отырып, бірінен бірін биік қоймайды. Оның «ауызекі дәстүрі» Левшин өзінің «Қырғыз-қазақ ордалары мен далаларын суреттеу» кітабында келтіретін классикалық нұсқадан басталады: «Халықты үш бөлікке бөлген ханның аты «Орус», және де уақыты бойынша бұл хан Тамерланнан кейін тұрыпты-мыс… және алдында Орал, Илек және Өр жақта тұратын Улянты деген бір ноғай ханының қолбасшысы болған екен, содан кетіп, өз бетінше билеуші болған екен. Әкімбеков бойынша, «мұнда айтылған мифтік тұлға «Орусхан» бәрінен бұрын бірінші қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің атасы, Жошы ұлысы сол қанатының билеушісіне ұқсайды, алайда, ол әрине, Тимурдан кейінгі уақытта өмір сүрмеген (сонда, 543 б.). Соңғы жағдайға сүйеніп, Әкімбеков Левшин бұл аңызды өзі жұмыс істеген Орынбор облысында жазып алған және, соған қарағанда, оны оған Кіші Жүздің қазақтары айтып берген, ал олар Ноғай Ордасынан деп, осы негізде Левшиннің нұсқасын толығынан жоққа шығарады. Әкімбеков біз жоғарыда баяндаған аңыздық Алаша ханмен өмірде болған Урус ханның өмірбаяндарының ғажап ұқсастығын есепке алмай тұр. Урус хан шынында да ноғай мырзаларының қолдауынсыз Сарайды басып ала алмас еді және оның арғы аталарының қият Тенгиз Бұғының қасында болуы әбден мүмкін. Әрине, егер Тимур Урустан кейін өлсе, Урус Тимурдан кейін өмір сүре алмайды, бірақ бұл аңызды толық қабылдау керек, немесе ешқандай қабылдамау керек деген емес. Айтпақшы, Орус пен Урус аттарының ұқсастығы да біраз нәрсеге жетелемейді ме ойды?