Өкінішке орай, индустриалды мәдениеті бар ұлттар жалпыазаматтық қоғамдастықтар ретіндегі елдер жиынтықтарына қарағанда, өзінің басындағы ұлттық мемлекетсіз тірлік ете алмайды. Сондықтан кез келген либералды-демократиялық құндылықтарды енгізу, егер онда тұтас этнос ретіндегі тұрғындардың өз-өзін тану деңгейін беретін («идентификация») ұлттық идеямен қамтамасыз етілмесе, сәтсіздікке ұшырайды. Саяси және экономикалық бағыттама нұсқасындағы мемлекеттік мақсат ұстанулары ұлттық идеяның орнын толтырмайды. Өзге жағынан либералды- демократиялық құндылықтардан қол үзген кез келген ұлттық идеяның өзі дұрыс болмайды, өйткені ақпарат жиюдың глобалды тарихи барысына қайшы келеді.
Қазақтардың жеке ашықтығы жөніндегі ұлттық идея Қазақстанның жалпыазаматтық ұлтын тек қана индустриалды емес, қоғамдасу мәдениетінің ақпараттық деңгейіне көтереді. Міне, тек осы ғана «Аспандау» ғылыми-білім беру қоры шығарған «Ақпараттық қоғам – 2030» ҚР білімін дамыту Саясатында насихатталады (www.aspandau.kz).
Қазақлық концепциясының қазақ этногенезіндегі және тайпадан тыс дәстүрлерді модернизациялаудағы маңызын баяндаудан соң Қазақстанның тарихтануындағы, нақты айтқанда, осы концепцияны қолдайтын бағытындағы соңғы жетістіктерді зерделеу қажет.
2001 жылы И.Н. Тасмагамбетов басқаратын редколлегия жарқын қазақстандық зерттеуші Вениамин Петрович Юдиннің «XIV–XVIII ғғ. Орталық Азия шығыстанушының көзімен» жұмыстар жинағын шығарды.
Онда «казах (казак)» этнонимінің этимологиясы жөніндегі 1967 жылғы жұмысы алғаш рет жарыққа шықты. Осы тарихи-лингвистикалық еңбектің Қазақстан историографиясы үшін маңызын айтып тауысу мүмкін емес.
Бұл мақаласында Юдин ерінбей – жалықпай, «казак» этнонимінің этимологиясы жөнінде 22 гипотеза келтіреді және соның нәтижесінде мынандай нақты тұжырымға келеді: «Сөздің негізгі де, қосалқы мағынасы да, сонымен бірге, оның дыбыстық-морфологиялық құрылымы да, оның шығу тегі болатын ешбір негізге сілтемейді. Міне, осыған байланысты оның тіпті қай тілден шыққаны да белгісіз» (с. 147–156). Юдиннің ойынша, «казак» этнонимінің көне түркі тіліндегі «казгак» сөзімен байланысы бар. Бұл сөз Ұйық Тұран өзені бойындағы VIII ғ. руникалық ескерткішінен алынған, мағынасы «өндірілген», немесе Радловша, «асырап алынған». Осы мәселеге аса назар аудару қажет. Юдиннің қайнаркөздерді солардың төл тілінде оқитынын және осы гипотезаның «казак» этнонимінің («еркін» және т.с.) жалпылама мағынасына сәйкес екенін ескерсек, бұл гипотеза ғылыми зерттеулердің ең тиімді бағытын нұсқайды. Сөйтіп, Юдин Левшиннің «казак» ежелгі түркі сөзі мағынасының аударылмайтынын және «бөлінген, жеке ерікті адам» («жаугер», «жортуылшы») сияқты жалпылама ғана мағына бере алатынын растайды және осымен осы жөніндегі этимологиялық дауларды доғару керек екеніне мегзейді.
Юдиннің айтуынша, француз зерттеушісі Gabain А. былай деген екен: «түркі халықтары тарихында казактар тек қашқындар болған жоқ, олар белгілі бір құбылыс болған, казаклык пен казакламактың арнайы көрінісі (с. 140)». Бұл біздің қазақ этносы қазақлық (қазақламақ) дағдысынан шыққан дейтін концепциямызды растайтын нәрсе. Әрі қарай ол «хасаг терген» сөз тіркесі қазақы арба, қазақламаққа арналған арба, тіпті де қазақ арбасы емес және осы мағынасында ол монгол жазба ескерткіштерінде қолданған деген белгілі монголтанушы Б.Я. Владимирцовтың беделіне сүйеніп, бұл тіркес түркі және парсы тілдеріндегі казак және казактар сөз қолданысымен тең деген тұжырымға келеді және әлгі тіркестің іркілген сөзқолданысы ретінде барлық қазіргі монгол тілдерінде сақталғанын айтады. Бұл бізді қазақтың тұрмысы тек қыпшақтардан емес, одан да бұрын ол ежелгі монголдардан деген өз ойымыздың дұрыс екеніне одан сайын сендіреді.
Әрине, қазақлық арбасы деген «тіпті де «қазақ арба емес», арбаға орнатылған киіз үй, бірақ ол қазақ этногенезінің материалдық негізінде жатыр. Юдиннің қазақылықты әлеуметтік институт ретінде мойындауымен қатар, ежелгі монгол хасах тергенін юрта-арба деп мойындауы, казактардың этнос ретінде өз-өзін танудың және олардың «барлық киіз үйде тұратын ұрпақтардың арасында» топтық бөлектенуінің ғылымға еш қайшы келмейтін мәдени-тұрмыстық белгісін анықтап беріп отыр. Юдин айтқандай, әскердің бір түрі болмаған шығар (с. 155), немесе оларды әскери ақсүйек топ деп те артықтау болар, өйткені олар отырықшы тұрғындарды бағындырғанда ғана сондай дәрежеге жететін. Ең дұрысы, олар аракідік Шыңғысханның жеңісіне дейін және, әсіресе, оның таққа отырғанынан кейін әскерге қабылданып, ұрысқа қойылатын жауынгерлер болған, яғни, оларды ру мен тайпаға емес, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлген. Осы жүздіктерге бөлетін казак әскерінің құрылымы тек ежелгі монголдар мен қыпшақтарға емес, көшпелі өзбек пен ноғайға да тән болған. Б.А. Ахмедовтың «Көшпелі өзбектер мемлекеті» кітабына рецензиясында Юдин Махмуд бен Валидің «Бахр ал-асрар» кітабына сүйене отырып, Жүз-Орда атауын Ақ Ордамен теңестіреді, яғни, Юдиннің ұғымында, Жошы ұысының (Алтын Орданың) өзгеше атауы. Жүз Орданы ол жүз орда емес, Жүз-Орда («Орда-Сотня») деп аударады, өйткені басқаша аудару түркі тілтануының заңына қайшы келер еді (с. 256–267).
Сөйтіп, Шыңғысханның дәуірінде ол көшпеліліктің тұрақты ауылдық тәсілі бар, ортақ түркімаңғұл тілі бар және мейлінше дамыған мемлекеттілігі бар біртұтас халық болатын. Оны Шыңғысхан монгол деп атаса, қытайлар мен орыстар татар деп атай берген, сосын оны бір кезде өзбек десе, бір кезде ноғай деген, бірақ өмір дағдысы бойынша, яғни, этникалық түрде ол әрқашанда казак (қазақ) болды. Казактар өз атауларын өзгерткен, бірақ әрқашанда Шыңғысханның заңы мен руына бағынған, тіпті Қазақстанға көшіп келгеннен кейін де. Содан соң казактар қазақтың нақ өзіне айналады да, өздерін украин және орыс казактарынан, татарлардан, өзбектерден, қырғыздардан және көбінесе отырықшы этностарға қосылып кеткен ноғай-казак, өзбек-казак, қырғыз-казак (мүмкін тағы бір өзге казактардың) қалдықтарынан құралған өзге ұлттардан ажырата бастаған.
Тағы бір сөзінде Вениамин Петрович «қазақ халқы болжам күйінде айтсақ, кейінірек құралған дейді, өйткені оның ойынша, қазақ құрамында халыққа айналып бара жатқан тайпалық одаққа өзінің қазақ деген атын беретін ешбір билеуші ру болмаған. Алайда, әлгі баяндалған уәждерді ұстанатын болсақ, біз бұл пікірмен келісе алмаймыз. Рас, қазіргі уақытқа дейін өз шежірелеріне қызығатын қазақтар, әрбірі өз әлінше, олардың қатарына, Илья Айсаевич Нұров деген менің әкемді қосайық, Казак деген аты бар жеке адам рубасы болғанына сенбейді. Демек, мәселе қазақ этностың жастығында емес, оның таза әлеуметтік түрде құралғанында боп тұр.
Тағы бір түсініксіз нәрсе, Юдин «монголдан бұрынғы уақытта қайнаркөздерде казак сөзі әзірше тіркелмеген» (144 б.) деген тұжырымынан таймаса да, Порфирородный (Х ғ.) мен Фирдоусидің (ХI ғ.) «Қазақия» және «казак хандары» жөніндегі жалпыға белгілі мәліметтеріне еш комментарий бермейді. Мүмкін, оның осындай үзілді-кесілді пікірі тек түркі тілдегі қайнаркөздерді оқығаннан туындаған шығар.
Парсы және түркі қайнаркөздері жөніндегі мақаласында Юдин «тек қана Абулхаир ханның емес, одан бұрынғы Урус ханның бодандары да көшпелі өзбек болғанын» (с.45) және «Жәнібек пен Керейдің Абулхаир империясының аумағында хан болғандары (с. 47)» жөнінде анық айтады. Егер бұл хандардың шейбандар қайнаркөздеріне Абулхаирге бағыныштылар қатарында аталмайтынын ескерсек, Өзбек ханның көшпелі өзбектерінің өзбектерден гөрі қазаққа жақындығы жөнінде ғана емес, сонымен бірге, қазақ хандарының көшпелі өзбек мемлекетінде дербес болғанына көз жеткіземіз. Міне, осының бәрі Юдин сияқты беделді ғалымның аузымен казақ халқының әлгі хандардың Могулистанға көшуінен, ең кемінде, жүз жыл бұрын құрылғанын растайды. Жәнібек пен Керейдің Абулхаир империясынан бөлінуі көшпелі өзбектердің көшпелі казактарға (қазақтарға) айналуының ақыры еді.
Юдин қазақ пен Тянь-Шань қырғыздарының өзара байланысы жөнінде де біраз маңызды мәлімет қалдырған. Шағатай қайнаркөздерінде олардың саяси одағы жөнінде жазылған екен. Мысалы Зайн ад-Дина Васифидің «Бадаи ал-вакаи» шығармасы бойынша (52 б.) 1537 жылға дейін Киргизия алдымен Қазақстан аталған, ал қырғыздарда өз хандары болмаған және ХVIII ғ. ортасына дейін қазақтардың саяси ықпалы аумағында болған (53 б.). Осыған байланысты парсытілді дерекнамаларда қырғыз бен қазақты бірге атау әдетке айналған. Сондықтан осы этнонимдер… қырғыз бен қазақ грамматикалық одақ арқылы біріккен екі бөлек ұғым емес, біртұтас ұғым ретінде қабылданады (54 б.). Ал 1733 жылы жазылған «Ұлы жүздің сұлтандары мен билерінің императрица Аннаға жазған Ресей бодандағын қабылдау жөніндегі хаттарында» олар өз өздерін қырғыз-қазақ билеріміз деп атайды. Міне осыған байланысты «киргиз-кайсаки» деген орыс ұғымы дүниеге келеді (54 б.).
А.М. Мугиновтың «Ұйғыр қолжазбаларын суреттеу» кітабына рецензиясында Юдин «түпкі қазақ мемлекеттілігі алғашқыда тап Киргизия территориясында, Шу мен Талас бойында осы кезде қалыптасып жатқан саяси одақтағы қазақ және қырғыз этностарының негізінде құралып және дамыған» деген нұсқауы бар (255 б.). Сөйтіп, біз таныстырып отырған кітапта қазақ пен қырғыздардың этникалық туыстығы, не саяси жақындығы Ұлы жүздің тарихымен қатар, Вамбери айтқандай, дала қаңғыбастары болған «могол», «казак» және «кыргыз» этнонимдерінің жалпылама мағынасының жақындығы жөніндегі зерттеулер үшін жөнді бағаланбаған.
Біздің ойымызша, Ұлы жүздің ру-тайпалық құрамы қалыптасуына қырғыз-қазақтардың ықпалы могол-қазақтардан кем емес, артық болған, сол сияқты Орта жүздің қалыптасуына өзбек-қазақтардың орны бөлек болса, ноғай-қазақтардың Кіші жүздің құрылуындағы ықпалы зор. Өкінішке орай, Юдин өзінен кейін қазақтардың үш жүзінің пайда болуының анық болжамын қалдырмады, бірақ оның есесіне, олардың ежелгі монгол империясымен байланыста болғанына сендірді. Оның ойынша, «қазақ жүздерінің өзара орналасуында қазақ хандарының Қазақстан территориясындағы билігі таралу кезеңдері сақталғандай» және олардың Ұлы, Орта және Кіші болатынындағы ең басты нәрсе, олардың билік пен саясаттағы дәрежесі» (255 б.).
Сонымен бірге, Юдин «қазақ хандарының саналы түрде ортаазиялық сопы топтарын далада жасырғандарын» жазып және «қазақтарды ортаазиялық молдалары арнайы фетвамен діннен безген» деп атады деген нұсқаулары (64–65 бб.) біздің қазақ исламы және қожа руы сопылық, яғни исламның дәстүрлі емес және сунниттік емес нұсқасынан тараған деген пікірімізді растайды. Олар сопы болғасын, қазақтың шаманизмнен гөрі митраизмге (шығыстық зороастризм) жақын тәңіршілдігінен тамырын үзбеген.
Могулдар туралы мақаласында Юдин жанама болса да, біздің қазіргі татарлар мен қазақтардың ежелгі монгол жөніндегі тұжырымымызды растайды. Нақты айтқанда, ол «Еділ татарларының этникалық тарихын зерделеуде Еділ татарлары артық бағаланады да, қыпшақ құрамы жете бағаланбайды», – деп жазады және осымен бірге ол қыпшақтарды монгол-татарларға теңегендей, өйткені оның жазуынша: «қыпшақтар» (монгол-татарлар)» (100 б.). Өзіміз таныстырып отырған казак концепциясында монголдан кейінгі дәуірде қазақ даласын қыпшақтікі (Дешт-и Кыпчак) деп атағанға біз келіспейміз және ежелгі монгол ру-тайпаларының түркілерге сіңіп кетіп, монголдығынан айырылды деген тұжырымға да келісе алмаймыз. Рашид ад-Дин бойынша (107 б.) ежелгі монголдар қазіргі монгол, немесе халха-монголдар деңгейінде монгол тілді болмаған. Ал қыпшақтардың қимақтардан және Қазақстанның өзге казак көшпенділерінен айырмашылығы олар қазақ даласында билік етсе де өзінің саяси басым болатын негізінде Хорезмшахтың (Сырдарья сыртындағы) және Еділдің арғы жағындағы Көне Русь княздықтарының шетжақтарында жартылай отырықшы тұрған.
Монголдар қыпшақтардың (Ел Бөрі) ақсүйектік тайпаларын жойғасын, түпкі қыпшақтар, ежелгі монгол-татарлары сияқты, жүздіктерге таралып, сөйтіп, олар саяси билігінен айырылғасын, далалық тұрмыс жағдайында этникалық басымдылығынан да айырылды.
Бұл мағынада бұрын Татар ұлы Ноғайдың атымен аталған маңғыттардың (кәдімгі атышулы ежелгі монголдың «мангуд» тайпасын айтып отырмыз) Еділден арғы Ноғай Ордасындағы басымдылығы қазіргі татарлардың қалыптасуындағы булгар, немесе қыпшақ ықпалдарынан кем болған жоқ. Ең кемінде, татар деген ежелгі монголдық Алтын Ордаға орыстар берген атауы Қырым, Қазан және өзге татарлардың атауына айналды. Сөйтіп, ежелгі монгол және қазіргі татарлар арасындағы атау байланыстығы кездейсоқ емес еді және мүмкін, бұл байланыс бір атаудан бұрын да болған сияқты. Сол сияқты қазақтардың ежелгі монголдармен байланысы атау арқылы болсын, ру-тайпалық құрамы арқылы болсын, одан сайын анықтала түскендей.
Сол 2001 жылы және сол айтылған баспада т.ғ.д. М.Х. Абусеитова, т.ғ.д. Н.Э. Масанов және т.ғ.д. А.М. Хазановтың редакциясымен «Қазақстан және Орталық Азияның тарихы» деген студенттерге, аспиранттарға және ғалымдарға арналған елеусіз ғана оқулық шықты. Бұл оқулық автордың осында қарастырылып жатқан проблемаларға жоғарыда баяндалған әдістемелерін растауға қатысты Қазақстан историяграфиясындағы тыныш революцияның белгісіндей болды. Әрине, бұл оқулықты «ғылым майданының алғашқы шебіндегі» новаторлық болжамдармен салыстыра алмайсыз. Әйтсе де, онда жауапты редакторлардан өзге, Ж.Б. Абылхожин, С.Г. Кляшторный және Т.И. Султанов сияқты, үш көрнекті зерттеушілер болған. Бірақ оның құндылығы да сонда, өйткені ол әр сөзі мен тезисі ғылымның дәлелдене алатын және тұрақты қағидалары ретінде тексерілуге және сәйкестендірілуге тиіс ұжымдық білім беру құжаты болатын.
Ең бастысы, бұл оқулықта Қазақстанның территориясы мен этностарының тарихтары өте анық ажыратылатын. Міне, осының нәтижесінде, қазақ этногенезінде арийлар, турлар және дахтар сияқты андрон тұрғындарының тікелей ұрпақтары ретіндегі үндіеуропалық сақтармен (скифтермен) байланыс жоқ екені көрсетіледі (43 б.). Бірінші ғасырлардағы Жетісудың еуропоидтық, бірақ түркітілді болып кеткен үйсіндері жөнінде тек «олар сақ дәстүрлерінің тура жалғастырушылары болған» деп айтылған. Бұлай деп айтылуы, мүмкін, олар туралы тексерілген ақпараттың аз болғандығынан шығар және этникалық, нәсілдік және мәдени жағдайлардың нағыз өзгеруі шығыс халықтарының IV–VII ғғ. ғұндар бастаған Ұлы жер ауыстыру деп аталған шынында да дүбірлі оқиғаға байланысты (45 б.) деген тұжырымға тірелгендей.
Бұдан соң көшпелі түркі тілді халық ретіндегі қазақтардың ежелгі түркі-монгол тілдік қоғамдастықтағы монголоидты алтай тайпаларымен, кейінгі ғұндармен, ежелгі түркілермен және монгол-татарлармен, тіпті, көшпелі өзбектер, ноғайлар, қырғыздарға дейінгі этникалық байланыстарын дәлелдеп беруге жеткілікті тарихи дерекнамаларға сілтеме беріледі (48 б.). Сөйтіп, бұл қазақтың арғы атасы ретіндегі «алтын адамға» қанша өкінішті болса да, қазақ этногенезіндегі скиф-сақ тамырлары жөніндегі мифті сақтауға еш ресми уәж қалмайды. Оқулықта қытайлық шаруашылық-мәдени нұсқасымен қатар, Орталық Азия шаруашылық-мәдени нұсқасы болған деп айтылады. Ол біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтардың аралығында көшпелі және жартылай көшпелі нұсқасында қазіргі сыртқы Монголия территориясында: батыстағы Шығыс Түркістаннан шығыстағы Күнгей Маньчжурияға дейін, оңтүстіктегі Гоби мен Ордостан, солтүстіктегі Тува мен Забайкальеге дейін тірлік еткен (50 б.). Ал, біздіңше, Халықтардың Ұлы жер ауыстыруға дейінгі Орта Азия мен Қазақстанда орталықазиялық мәдени-шаруашылық үлгісі болмаған. Сол сияқты, материалдық мәдениетінің жалпы скифтік ежелгі нұсқасында болғанына қарамастан, алтайлық тайпа мемлекеттерінде әскери соғыс демократиясы құрылымы болмаған.
Ең кемінде, Сыма Цяньнің тарихи жазбаларынан алынған б.д.д. VII–VI ғғ. Орталық Азия көшпенділері жөніндегі деректер Геродоттың Қара теңіз жанындағы кең ауқымды әңгімелеріне еш ұқсамаса да, әлеуметтік-мәдени мағынасында қазаққа да тән ғұндардың, ежелгі түркілердің, монгол-татарлардың және ноғай-өзбектердің тұрмысына таңғажайып ұқсас. Мысалы. қытай қайнаркөздеріне сілтей отырып, оқулық Ішкі Монголиядағы жун мен дунху тайпалары жөнінде мынандай деректер келтіреді: «малымен бірге шөп пен суына байланысты жерден жерге көшеді. Есігі шығысқа қарайтын дөңгелек отауларда тұрады. Ет жейді, қымыз ішеді… ішіндегі өжет, күшті, дау-дамайды шешуге қабілеттілерін би қып сайлайды. Мұрагерлік құқық оларда жоқ. Әрбір тұрақ орнының өз басшысы бар. Жүзден мыңға дейінгі жұрт жұртшылықты құрайды. Биден ең соңғы бағыныштыға дейін әркім өз малын өзі бағады және өз мүлкіне өзі қарайды, сондықтан бір-біріне қызмет етпейді… Әрбір істе әйелдердің пікірін тыңдайды, тек әскери істерді ғана өздері шешеді… Соғысты маңызды іс деп санайды… Жоғарғылар төмендегілермен араласқанда қарапайым, ал төмендегілер жоғарыдағыларға (яғни, сайланатын билер мен көсемдерге) ақ жарқын адалдықпен қызмет етеді (51 б.).
«Шығыс жабайылары» қауымдастығының ежелден жүздіктерге бөлінетіні жөніндегі және оларда саяси бірігу болмайтындығы жөніндегі Қытайлардың көне нұсқауы (б.д.д. VII ғ.) мынандай ойға жетелейді (51 б.).
Орталық Азия жеке ерікті көшпенділерінің жиынтығына бірінен соң бірі билік еткен. Кейін көшпенділер солардың атымен аталған. Содан Шыңғысхан келеді де олардың жүздік құрылымын қайта орнатады, бірақ енді ешбір ру-тайпа ақсүйектерсіз, біртұтас империяның құрамында.
Егер осындай тайпалық одақтың біріншісі жөнінде «антропологиясы жағынан хуннулар маңғұл түсті болған, бұл Монголиядағы хуннулар обаларынан табылған материалдармен расталады және кейінгі б.д. д I ғ. Жетісу мен Шығыс Қазақстанға көшіп кеткен өте сенімді қытай қайнаркөзі баяндағандай «солтүстік» ғұндардың тілі гаогюйлердің тілімен бір болса, онда ғұндар мен қазақтар арасындағы мәдени-тұрмыстық белгілер арқылы мүмкін байланыстар онша беймүмкін көрінбеуге тиіс.
Ең қызығы, К. Данияров пен Б. Адиловтың миф тудыру деңгейіндегі тезистері ғылымға зиян болса тек мазмұны жағынан емес, оларды дәлелдеу тәсілдеріне байланысты зиян.
Аммиан Марцеллин, біраз дәрежеде белгілі және беделді V ғ. ұрым авторы, ғұндардың тұрмыстары мен мінездерінің кейінгі монголтүстес және түркітілдес көшпелі халықтарға ұқсайтынын растайды: «…олардың бәрі айрықша мығым және күшті, шүйделері тоқпақтай… тау мен ормандарға көшіп-қонып, олар бесігінен бастап суық, аштық және шөлге төзімді болады, және жат жерде олар айрықша бір қажеттілік болмаса, үйге кірмейді… олар жаяу ұрыстарда онша жақсы емес, оның есесіне олар өздерінің төзімді, бірақ ұсқынсыз кішкентай жылқыларына жабысып қалғандай, және кейде солардың үстінде әйелше отыра, барлық үйреншікті істерін тындыра береді…егер маңызды заттар жөнінде ойлану керек болса, олар барлығы жиналып кеңеседі; олар патшаның қатаң тәртібіне бағынбайды, оларға кейбір кездейсоқ ақсүйектің билігі де жетеді және барлық жолында кездескен нәрсені қиратады… Олар ешқашанда жер жыртпайды және соқа ұстамайды… мәңгі қашқындар сияқты, әр жерде көшіп-қонып, өмірін жабық арбаларында өткізеді (66–67 бб.)».
Сыма Цянь мен Аммиан Марцеллиннің келтірген деректері біз таныстырып отырған кітапты ғажап толықтырғандай. Егер оларға ежелгі түркі одақтары жөніндегі деректерді қоссақ, көшпенділіктің ең жоғарғы деңгейі ретіндегі қазақылықтың әлеуметтік негізіндегі қазақ этногенезінің үзіксіз және біртұтас екенінде еш күмән қалмайтындай.
О проекте
О подписке