Читать книгу «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» онлайн полностью📖 — Канат Нуров — MyBook.
image

1) Қазақстанда көшіп-қонудың ұжымдық тәсілі Шыңғысхан бүкіл ұлы даланы бағындырғаннан кейін монгол уақытында болған емес,

2) қашқындар юртасы ретіндегі қазақ арбасы куренді құрайтын барлық өзге ежелгі монгол арбаларынан жылдамдығымен ғана бөлектенетін.

Ең кемінде, қазақ арбасындағы «дөңгелектегі өмір» курендік таборлар шабуыл жасағанда, аса көп жиналмай бұрынғы тұрған орынды тез ауыстыруға мүмкіндік беретін. Дәл осы қасиетінде Борис Яковлевич Владимирцов сияқты ірі монголтанушы өзінің «Монголдардың қоғамдық құрылысы…» кітабында атап өткен ежелгі монгол хасах тергенінің мәні болатын. Біз осы мәселеге арналған осы іргелі еңбекті оқығаннан кейін Р. Темиргалиев пікірін өзгертеді деп ойлаймыз.

Радик Темиргалиевтің «Казақтар және Гумилёв» мақаласы да біздің қыпшақтарға қатысты көзқарастарымызды үйлестіру бөлігінде өте қызық, бірақ қайта басылып отырған кітаптың авторы қазақ халқының бір тайпасы ретіндегі Дешті Қыпшақ ұғымын қазақ даласына оның тарихының ежелгі монгол кезеңіне қатысты қолдану дұрыс емес деп есептейді және қыпшақтарды қазақ этногенезінің басты факторы деп санамайды. Өкінішке орай, көшірмесі Еуразиялық университетінде тұрған Л. Гумилевтың қолжазбасы осы уақытқа дейін баспадан шықпады… Л. Гумилевтың пікірі бойынша, қазақтар халық ретінде XIV–XV ғғ. пайда болса да, бірақ далалық суперэтносының бөлінбес бөлігі ретінде XII ғ. бері, Монголия территориясында болған пассионарлық дүмпу уақытынан тараған… Қазіргі кезде қазақтар мен монголдар мәдениет пен өнердің көркею дәуіріндегі инерция кезеңінде тұр. Бұл жолдардың авторы өзін Л. Гумилевтың қызу жақтасы деп санамайды және пассионарлық дүмпулер, немесе дәлірек айтқанда, олардың жерден тыс шығу тегі идеясына сынмен қарайды, бірақ этникалық жас мөлшері жөніндегі шешімдермен келіспеу қиын, оны айтасыз, тарих бұл шешімдерді растап отыр. Жаңа Еуропаға бастау берген VIII ғ. дүмпудің ықпалы қазақ даласына да әсер еткен деген ойды негізі бар деп санауымыз керек.

VIII ғ. Дүмпу.

Руникалық ескерткіштерде және араб тарихшыларының еңбектерінде алғашқы рет қыпшақ этнонимі аталады, яғни, тарихи аренаға жаңа халық шығады. «Қыпшақ» ұғымының көбінесе шартты екенін есте ұстау қажет және кейін бұл халық шарлар, кумандар, половцылар, кундар, ногайлар, татарлар, өзбектер, казақтар сияқты (курсив авт.) түрлі атаулар арқылы танымал болды. Бұл атаулардың кейбірі кейін қазіргі халықтарға көшті,сондықтан автор қыпшақ ұғымын қолдану қажет деп санайды, өйткені бұл осы халық тарихының тұтастығын ұғынуды оңайландырады». Қайта басылып отырған кітаптың авторы да қыпшақ ұғымын кең қолданатын болса да, шынында да өте шартты деп санайды. Бұл ұғым ежелгі монголдардың тілдік «түрктендіру» деп аталатын құбылысқа ғана байланысты. Дұрысы Шыңғысханға дейін қыпшактікі емес, ежелгі түркі суперэтносы, ал кейінгісі ежелгі монгол суперэтносы. Егер өз уақытындағы түркі тілтануының сөзсіз білгірлері ретіндегі XIX ғ. Радлов пен XI ғ. Махмуд Кашгариді есімізде сақтасақ, олар «тек қана қалалықтармен тұрақты кездеспейтін көшпелі өмір дағдысындағы түркілер ғана ең таза және дұрыс тілді сақтайды» деген(История Казахстана и Центральной Азии… С. 157). Сонымен бірге, қазақ даласының көп бөлігін кимактардың батыстық бөлігі ретіндегі «салыстырмалы түрде аз қыпшақтар емес», олардың үстемшілігін мойындаған Махмуд Кашгаридің оғыздары, кимактар, башқұрлар, басмылдар, карлуктар, татарлар, қырғыздар және өзге халықтар құрағанын естен шығармасақ, онда «қыпшақ» суперэтносын таза түркілік, немесе ежелгі түркілік деп атау өте орынды. Қазіргі қазақтар, әрине, өзге түркі этностары сияқты бұл біртұтас далалық түркі суперэтносына кірген, бірақ тек қазақтар ғана бұл біртұтас халықтың тарихи өмірінің үзілместігін сақтаған, өйткені Шыңғысханның өсиеті бойынша көшпенділікті сақтаған және сондықтан ешбір отырықшы, немесе ормандық мәдениетпен араласпаған ежелгі түркі халық боп қалған. Одан әрі Р. Темиргалиев былай деп жазады: «Л. Гумилевтың өзі қыпшақтарды Еуропаға ұқсас динлиндердің ұрпағы, ескі халық деп санаған. Бірақ Л. Гумилевпен келісуге кеңес археологиясының деректері кедергі жасайды. Олар қыпшақтар арасында европоидтық компоненттің бар екенін айтса да, олардың көбінесе монголоидтар екеніне нұсқайды. Сондықтан С. Кляшторный ұсынған IX–XI ғғ. қыпшақтардың өз атауы болған «половцы» деген «шары» («сары») түрк сөзінің орыс тіліне тура аудармасы деген пікірі көбірек сенім тудырады.

Көтерілу.

Алғашқыда Кимак қағанатына кірген қыпшақтар тәуелсіздік алады да жәнеҰлы Даланың барлық батыстық бөлігін оңтүстікке Сырға дейін және батыста Дунайға дейін тез бағындырады. Өздерінің салыстырмалы түрде аздығына қарамастан қыпшақтар олармен отырықшы мемлекеттер келіссөзге ұмтылатын каһарлы күшке айналады. Көптеген шет елдердің дәстүрлі историографиясы әлі күнге дейін қыпшақтардың тарихтағы маңызына, оларды тек тонау мен қанішерлікке ғана қабілетті жабайылар деп санап, тысқары қараған. Қазіргі Ресей тарихшылары половцыларды тек қана қара бояумен көрсететін көне жылнамалардан цитата келтірумен мәз. Және де бұл жылнамалардың авторлары православие монахтары болғанын және бұл жағдай, әрине, олардың көзқарастарына идеологиялық сипат беріп отырғанын есепке алмайды. Ал православиеге өткен қыпшақтарына жылнамашылар зор құрметпен қараған, олардың әкелерін тек «кәпір кощейлер», «қотыр төбеттер» деп атаса, әлгілерді Юрий Кончакович, Данила Кобякович деп өзіне тартып атаған. Ал орыс княздарының көбісі әлде де пұтқа табынушы еді және өздерінің адал одақтастарының діни бағытына онша мән бермеген. Сондықтан княздар теремдерінде қыпшақ ханшайымдары өзге шетелдіктерге қарағанда бәрінен де көп болатын. Және егер бізге қатып семген мұсылмандық Хорезмде шах Мухаммедтің шешесі далалық Туркан хатунның қандай беделі болғанын білсек, онда біразырақ либералды көне орыс қоғамында половчанкалар одан да зор маңызға ие болған ғой дейміз. Және де қыпшақтардың грузиндерге селжүктерге қарсы соғыста көмектескенін, олардың печенегтер қаупінен Византияны қорғағанын һәм венгрлер мен поляктар Руське кіргенде қыпшақтардың Русьті қорғағанын естен шығармау керек». Қайта басылып отырған кітаптың авторы қыпшақ тайпалар одағының негізінде казактар болған, өйткені қыпшақтар:

1) ауылдарымен көшкен (экономикалық тұрғыда),

2) (саяси тұрғыда) қыпшақ тайпалар одағын тұтастаған әскери жасақ болған (орда жанында); және Русь пен Хорезмді өзіне бағындыруға тырысқан, немесе оларға шекаралық күш ретінде қызмет етуге талпынған әскери қатпар болған (мәдени-тұрмыстық тұрғыда).

Одан әрі Р. Темиргалиев былай деп жазады: «XII–XIII ғғ. Шектен асу. Дешті Қыпшақта бітпейтін өзара қырқысу басталады. Пассионарийлардың саны көбейіп, олар бір-біріне кедергі жасайды. Русь тарихы жөніндегі ғылыми және көркем шығармаларда половцыларды көбінесе өте ұйымшыл және біртұтас көпшілік ретінде суреттейді, бірақ бұл кейде шындыққа келіңкіремейді, өйткені қыпшақтар арасындағы ішкі қырқыстар орыстардікінен көп болмаса, аз емес еді. Міне, сондықтан, туысқандары күн көрсетпеген көптеген қыпшақтар ата мекенінен Хорезмге, Кавказға, Русьқа және өзге елдерге қашады, сөйтіп, олар мамлюктерге, гулямдарға және берендейлерге айналады. Осындай жағдайларға байланысты монголдар қыпшақтарды оңай жеңді…Монголдың жаугершілігі, тарихта мұндай нәрсе бола береді, ол жүзеге асқаннан кейін біртұтас мемлекеттің пайда болуына әкелді… Алтын Орда… Қыпшақ тілі халықаралық статусқа ие болады және мысалы «Үш теңізден асып жүру жөніндегі повесте», «Соғыс және бейбітшілік» романында француз тілі қалай пайдаланылса, ол да сондай оп-оңай пайдалынылады.

XIV–XV ғғ. Жарықшақтану.

Өзара қырылысу арқасында және сырттан келген зор соққылардан кейін далалық империя көптеген ұлыстарға ыдырайды. Олардың арасында Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Өзбек хандығы, Қазақ хандығы шығады… Бұл мемлекеттердің әлде де біраз күші бар, бірақ бәсекеге қабілеттілердің әлемдік рейтингіне онша іліңкіремейді.

XVI–XVIII ғғ. Инерция.

Қыпшақ мемлекеттері қорғануға көшіп, бірінен соң бірі қаза табады. Егер бәрі Урус хан, немесе Қасым хан сияқты, шынында да құдыретті патшалардан басталса, біздің тәуелсіз тарихымыз мемлекет басшысынан гөрі қарақшылар тобының атамандарына ұқсас Абылай және Абулхаир хандармен бітеді. Сонымен бірге, Л. Гумилев айтқандай, этногенездің инерциялық кезеңінде жыраулар поэзиясында өзінің шегіне жеткен қыпшақтардың «Қайта Өрлеу Дәуірі» туады. XVIII ғ. қазақтың хандары тәуелсіз тірліктің енді ешқайда апармасына біліп, Ресей империясының құрамына ерікті түрде кіреді.

XIX–XX ғ. басы. Обскурация.

XIX ғ. басындағы Қазақстан тарихын зерттеген әрбір адам мұны растар деп ойлаймыз: бұл уақыт сипатына «обскурациядан» өзге еш термин келмейді. Ресей шенеуніктері даладағы барымта мен бүліктерді тыя алмай, жынданып кете жаздады. Қыпшақтардың бір-біріне жазған арыз шағымдарына Ресей архивтері бүгінге дейін толы. Жыраулардың терең және әсем поэзиясының орнына дүмше ақындардың ұйқас қуалай беретін қара өлеңдері келеді. Қыпшақтар соңғы пассионарийларын көбінесе өздері өлтіреді, ал ұлттың нағыз гүлі, Алаш Орда, халықтан өте аз мөлшерде қолдау табады. Мұның бәрі сөзсіз трагедиямен бітеді. Қыпшақтардың дәрменсіз қалдығы ұжымдастыру кезеңінде қаза табады… Қыпшақтың, немесе көне қазақтың (сізге осылай атау ұнаса) тарихы, міне, осындай. Ал қазіргі қазақ этносы мүлде жаңа этникалық жүйе өзге халықтармен салыстырғанда, ол Гумилев айтқандай, кемел жастағы еркек емес, немесе Е. Ермолаев айтқандай, алжыған шал емес, бала. Дәл осыдан бұл этноста әлі өзіндік мәдени дәстүрі жоқ, сондықтан кейде өз бабаларынан, кейде көрші халықтардан жоқ нәрсесін алуға мәжбүр. Әрине, жас болу деген ұзақ өмір сүру деген емес, өйткені этнос тірлігі адам тірлігі сияқты, кез келген уақытта үзілуі мүмкін». Сонымен бірге, қайта басылып отырған кітаптың авторы көшпелі қазақтардың дәстүрлі құрылымының кеңес кезеңіндегі деформациясынан кейін Қазақстан тіпті Қайта Құрудан бұрын баяғыда отырықшы аграрлы индустриалды мәдениетке көшкен полиэтникалық мемлекетке айналды. Сондықтан осы посткеңестік субэтностың титулды ұлты ретіндегі қазіргі қазақтар таңдау алдында тұр: олар иә ақпаратты қоғамға айналып, жеке ашықтықты және қазақ дәстүрлі мәдениетінің өзге ақпараттық құндылықтарын қайта жандандыру ұлттық идеясы негізінде жалпыазаматтық ұлт ретінде жаңа этнос құру керек, немесе тұрғындардың пассионарлық бөлігі ауып кету, болмаса тұтастығын жоғалтып, бақылаудағы тәуелсіз территориясынан айрылып қалу қаупі бар этнократиялық мемлекет ретінде қала беру.

Радик Темиргалиевтің «Шыңғысхан мұрасы» мақаласы («Эксперт» журналы).

Шыңғысханға қатысты біздің көзқарастарымыздың ұқсастығын, әсіресе Юдиннің чингизизм жөніндегі ілімі растайтын Шыңғысхан өсиеттері мен заңының діни табиғатына қатысты келесі абзац жария етеді: «Сәл бұрынырақ Кеңес Одағы барлық халықтарының тарихындағы Шыңғысханның тарихи маңызы тек біртекті бағаланатын. «Біздің ел халықтарының монгол-татар езгісіне қарсы күресі» – КСРО тарихы жөніндегі оқулықтарда тиісті бөлімдер мен тараулар осылай аталатын. Тарихи ғылымда тек осы езгі ғана Кеңес Одағына кірген халықтардың монголдар ақыры бағындыра алмаған Батыс Еуропа халықтарынан даму жағынан артта қалуының басты себебі деп саналған. Бірақ бұл концепция қазақ халқының тарихи көкейімен онша байланыспайтын. Өйткені қазақ эпосы жырлаған каһармандары ерліктер жасап, Қырымды аралаған және Қазанды қорғаған Улуг Улус (Ногайлы) әсем елі кеңестік оқулықтар мың қарғаған Алтын Орда болатын. Көзімен көргендердің куәландыруынша XIX ғ. өзінде құдыретті көшпелі империяның құлауы жөніндегі дастандар далалықтардың көздерінен жас шығаратын. Шалдар өздерінің әңгімелерінде жауыз хан Бердібекті қарғайтын, Иван Калитаның ғажаб қулығына таң қалатын және Едігенің өжеттігіне тамсанатын. Юдин өте сәтті чингизизм деп атаған Шыңғысханға табыну рәсімінің де қазақтар өмірінде зор маңызы бар еді. Бақсылар өздерінің магикалық рәсімдерін жасағанда, ұлы жаугершінің әруағын көмекке шақырған, ал қара халық оның ұрпағын тек билеушілер ғана емес, қасиетті рудың өкілдері ретінде де құрмет тұтқан. Сондықтан XIX ғ. қазақ даласы төрелер өз билігін сақтаған жалғыз мекен боп қалды. Шыңғысхан ұрпағы баяғыда қырылған көрші мемлекеттер мен тайпалық одақтар ақсүйек қанды хандарды қазақтардан «қарызға сұраған». Біздің әлгі аталған қыпшақтарға қатысты бір-бірімізге тәуелді емес көзқарастарымыздың бір-біріне ұқсас екенінің дәлелі ретінде мына абзацты келтіру артық болмас:

«Қыпшақтардың көсемі ретінде билігі мұрагерлік арқылы берілетін хандар болғанын атап өту қажет. Ильбури (Ель Бори. – Авт. еск.) руынан қыпшақ династиясы болғаны жөнінде түрлі мұсылман және қытай жылнамалары айтады… Ал С. Кляшторныйдың пікірінше, көне түрк династиясы Ашинадан («қасқыр қаншығынан туғандар») шыққан. Олардан болгар патшалары асенидтер де шыққан. Бірақ бұл нұсқалар бір-біріне қайшы емес, өйткені Ильбури түркі тілінен «бөрі елі», «бөрі тайпасы» деп аударылады және де бір кезде Ашинаның ескі атауын жәй ауыстыра салуы мүмкін. Алайда, өздерінің өзіндік ақсүйектері болса да, ол біртұтас мемлекет құруға әкелмеген. Көптеген қазіргі Қазақстан тарихшылары өздерінің жұмыстарында бір түсініксіз «Қыпшақ хандығы» жөнінде айтады, алайда, монголдан бұрынғы кезеңде біртұтас қыпшақ мемлекеті болды деген еш салмақты дерек жоқ. Әрбір тайпаны өз ханы басқарған және орыс жылнамаларына қарағанда, даладағы мұндай билеушілердің саны бірнеше оншақтыға жеткен. Көрші тайпалар сыртқы жаумен соғысу үшін аз уақытқа одақтастық жасап отырған, бірақ, әрине, мұндай бірлестіктерді мемлекет деп атау әдепсіз болар еді. Сондықтан атышулы тарихшы В.Бартольд айтқан «қыпшақтардың қозғалысы бір халықтың еш саяси бірліксіз және ешбір мемлекеттілік жасаусыз зор территорияны басып алудың сирек үлгісі. Жеке қыпшақ хандары болған, бірақ барлық қыпшақтардың ханы болған емес» деген пікірімен келісуге тура келеді. Автордың ойынша, Қият руының казактары барлық ежелгі монгол тайпалары нирундар мен турлигиндерге бұрын атақты, бірақ қазір жоқ болған «монгол» тайпасының атын берген, сол сияқты Ел бөрі руының казактары да оғыз, кимак және карлуктан шыққан барлық ежелгітүркі тайпаларына өздері шыққан қыпшақ тайпасының атын берген. Ең қызығы, олардың екеуі де өз тотемдік шежіресін бөріден таратады және де олардың Ашинаның ежелгі түркі руына туыстас болуы да әбден мүмкін.

Сондықтан Р. Темиргалиевтің айтуынша, «монголдардың басты мақсаты Ильбури династиясының өкілдері болды, монголдар аңға шыққандай, оларды өлтіре берді, ал қаруын тастағандарды Монголия мен Қытайға жеткізген. «Бөрі қаншығынан туған» ұлы түрк қағандарының ұрпақтары «күн сәулесінен туған» «бөрі» ұрпақтарына зор қауіп төндіретін еді. Қыпшақ ақсүйектері 1242 ж. дейін жанкешті қарсылық көрсетті, бірақ олардың күресі жеңіліспен аяқталды. Дәл осы нәрсе хан Батудың батыстық жорығының басты мақсаты еді. Ал еуропалық отырықшы халықтар соған қосымша ретінде ғана бағындырыла салынды. Ең алдымен жаугерлерге Батыс Дешті Қыпшақтың даласы керек еді». Одан әрі Р. Темиргалиев жазады: «монголдар далалық мәдениетінің өзгеше әдетінше қыпшақтарды өзге халық деп санамаған. Мысалы, 1223 ж. Кавказдағы құпия келіссөздер барысында, Ибн ал Асирдың деректері бойынша, монгол қолбасшылары Субэдэй мен Жебе қыпшақ хандарына арнаған сөздерін былай деп бастаған: «Сендер мен біз бір руданбыз». Өз кезегінде Ибн Халдун да атап өткен: «қыпшақтарда баяғыдан бері Шыңғысхан татарларымен тығыз байланыс бар. Көбінесе қыпшақтар, олардың қыздарын әйелдікке алып, татарлармен әйелдік жағы арқылы туыстасқан. Сондықтан Шыңғысхан қыпшақтарды өзінің руласы санаған. Қайнаркөздерде әлдеде көптеген мұндай деректер бар, қазіргі тарихшылар көне үйсіндер, жалаирлар, қоңыраттар, кереиттер, наймандар және өзгелер қай тілде сөйледі екен деп ашу шақырып, дау көтереді. Бірақ іс жүзінде бұл онша маңызды мәселе емес, өйткені далалықтар үшін этникалық өз-өзін тануының басты белгісі тіл болған жоқ. Барлық көшіп-қонып жүрген, киіз үйде тұратын және Тәңіріге сенетіндер бір халық деп саналған…».

Автор ежелгі монгол мен қыпшақтар этнотанымы жөнінде бір дегенге келіседі, бірақ олардың арасындағы туыстық байланысты жоққа шығарады, өйткені әлгі келтірілген қайнаркөздердің деректері Сыпатай мен Жебенің әскери тактикалық мақсаттағы қулығын паш етіп тұр, сонымен бірге, олар қыпшақтардың кейін Русь пен Хорезмде «татар» қордалы атауын алған Шыңғысханның нирундары және турлигиндары емес, керісінше, оның жаулары – ежелгі монголдық татарларымен байланысы жөнінде баяндайды. Сонымен бірге, автор далалықтар үшін тілдің этносқұраушы маңызын төмендету нышанымен келісе алмайды. Бәрінен бұрын әлгі аталған тайпалар Монголия жерінде болсын, Қазақстан жерінде болсын, ол кезде бәріне ортақ түркімонгол тілінде сөйлеген. Жошыда бас бәйбішесінен екі ұл болған (Орду және Бату) және өзге әйелдерінен он жеті ұл болған. Бұл тұрғыда Өтеміс қажының «Шыңғыснамесіне» толығынан сенуге болады. Темиргалиев олардың ең танымалы Орду Ежен, Бату, Берке, Шибан және Тукай-Тимур болған деп дұрыс айтады. Үлкені Орду Ежен болатын, таққа сол отыру керек еді. Бірақ заңды мұрагер онша тәкаппар болмағандықтан, өзіне тиісті жоғарғы билікті өзінен әлдеқайда қуатты інісі Батуға сыйлайды. Ал ол болса, Дешті Қыпшақтың батыс бөлігін бағындырғаннан кейін, ордасын Еділ бойына қойып, Хорезмнен бөлек әкесінің жерін ағасы Орду Еженнің билігіне қалдырды. Қазіргі Қазақстан территориясының көп бөлігінде орналасқан бұл ұлыс Ақ Орда деп аталды (бұл атаудың шарттылығы жөнінде автор жоғарыда айтқан: тек барлық Бату ұрпақтары өлгеннен кейін ғана Көк Орда Ақ Орда атауымен бірге аталатын болды. – Авт. еск.). Алтын Орданың құрамындағы Ақ Орда көп артықшылыққа ие болды. Орду Ежен ұрпағынан шыққан хандар өз құрылтайларында сайланды және сондықтан Бату мұрагерлерінің бұл ұлыстың ішкі істеріне ықпал етудің еш нақты мүмкіндігі болған жоқ. Оны аз десеңіз, Рашид ад-Динның айтуынша Монгол империясы астанасы Қарақорымнан келген жарлықтарда Жошы ханның үлкен ұлы ретіндегі Орду Еженнің аты Бату есімінен бұрын жазылған. Ақ орданың Дешті Қыпшақтың жоғарғы билеушісінен тәуелділігінің бір көрінісі: Орду Ежен өз жарлықтарында алдымен Батудың есімін жазған. Сонымен бірге, Ақ Орда билеушілері соғыс кезінде сарай хандарына әскер жіберіп отырған. Ақ Орда билеушісіне оның өзге інілерінің ұлыстары бағынған. Мысалы, Рашид ад-Динның айтуынша, Орду Ежен әскерімен және Удур, Тука Тимур, Шингкур және Симкум атты төрт інілерімен әскердің сол қанатын құраған, оларды әлі күнге шейін сол қанат ханзадалары деп атайды. Тура Орду Еженнің өзіне, қайнаркөздердің деректері бойынша, коңырат, меркит, йисут, кереит, арғын, кингит және өзге тайпалар бағынған. Бұл уақытта қыпшақ тайпаларын қайта атау глобалды процесі жүріп жатқан. Орду Ежен және оның ұрпақтары қыпшақ тайпаларын олардың бұрынғы аттарымен емес, жаңа бодандықтағыларға би-лік еткен нояндардың монгол руының атымен атаған.

Қызығы, қазақтың халық аңыздарында XIII ғ. шынайы тарихи каһармандары кейбір рулардың негізқалаушысы деп аталады. Мысалы, үйсіндердің рубасысы деп Шыңғысханның мыңбасы Майқы би аталады, найманның рубасысы деп Кит Бұқа, арғындардың рубасысы деп Кадан тайшы.

1
...
...
12