Қалай болғанда да, бұл оқулық автордың Қазақстандағы Ұлы, Орта және Кіші жүздің қазіргі Қазақстанның мөлшеріне дейін қысқартылған Шыңғысханның казак империясы ретіндегі ежелгі монголдық Жүз Орданың бөлінуінен пайда болды деген пікірін растайды. Ежелгі монгол ұлыстары сияқты, этнотерриториалдық жүздер де, тек ру мен тайпалардың ұйымшалары болды. Егер осыны ескерсек және Орду, Шейбан және Тоқа Тимур ұлыстары Ұлы, Орта және Кіші жүзге тең деген пікірді қабылдасақ, онда «қазақ тарихының ең басты жұмбағы» жартылай шешілді деп сенуге болады (281 б.). Ежелгі монголдың казак болғаны, олардың ру-тайпалары Ұлы Жүзге кірген Жетісудағы Моголистан мемлекеті, сонымен қатар, Джете елі деп аталған, ал оны монгол тілінен аударса «қазақы еркін өмір» боп шығады. Мысалы, Махмуд ибн Вали XVII ғ. былай дейді: «Джетені Мамлакат-и Моголистан деуге болады» (196 б.). Тіпті қатыгездігімен даңқы асқан Ақсақ Темірдің өзі он жорық нәтижесінде Могулистан, немесе Қазақстандағы, еркін өмірлі қазақылықты бағындыра алмады (201 б.). Окулың казак сөзінің этимологиясы мен семантикасына байланысты жоғарыда айтылған Левшин мен Юдиннің қағидаларын қабылдайды. Автор болса, кітаптың 1995 жылғы бірінші басылымында осы қағидаларға сүйенген. Ол кезде, әсіресе, қоғамдық деңгейде мұндай нәрселерге мән берілмейтін және қазіргі кездегідей мойындалмайтын. Көзге түсетіні, бұл оқулықта алғашқы рет абайлы түрде болса да, бірақ беделді, орыс тілінде осы түркі сөзі «белгілі ермегі жоқ ер жігіт» және XIV ғ. ақырында «жұмысын сатушы еңбеккер» һәм орыс қазақылығының алғашқы отаны ретінде тарихшылар Қыпшақ даласына шекаралас Русьтың оңтүстік шетін мойындайды» деген пікірді ақиқат ретінде қабылдайды (сонда, 249 б). Автордың айтуларынан жалғыз өзге нәрсе: оқулықтың редакторлары түпкі орыс казактарының («ордынские») Алтын Орданың ежелгі монгол-татар казактарынан шыққаны және Мәскеу Русі қызметіне тек оның монгол-татар езгісінен босанғанынан кейін тұрғаны жөніндегі өзінен өзі түсінікті ойды ғылыми өмірге жібермеген. Бір сөзбен айтқанда, оқулық былай дейді: «казак сөзінің ежелгі мағынасы әлеуметтік: қазақ дегеніміз қуғындаудағы, тек өзіне ғана және қылышына ғана сенетін жалғыздан жалғыз тұлға; қазақ дегеніміз алыс жолға дос-жарансыз жалғыз өзі шығатын адам; Бабырдың айтуынша, «аса өжетті, жауының малын шаршаусыз талайтын тұлға, ол да қазақ». Кейбір уақытта қажеттіліктен бе, әлде өз еркімен казак өмір дағдысын сүретін адамдар аз болмаған. Тарих-и Рашидидің авторы куәландырғандай, сол заманның ұғымынша, бұл тіпті мақтан тұтатын нәрсе деп саналған (250 б.). Автор пікірінің оқулық редакторлары пікірінен айырмашылығы тек бір-ақ нәрседе: автор барлық көрсетілген деректердің негізінде «еркін болу» әлеуметтік статусы ежелгі монголдарда болған және көшпелі қазақтарда толыққанды этникалық айырмашылыққа айналды деген ақиқатты аксиомаға айналдырады. Бұл әбден-ақ табиғи нәрсе, егер этностың негізі туысқандық, нәсілдік және өзге де антропологиялық белгілері емес, өмір сүру дағдысы, мінез-құлық ұстанымдары және әлеуметтік қауымдастықтардың өзге де мәдени-тұрмыстық қасиеттері болса. Ал нәсілшілдікті дәріптейтін болсақ, ол ғылыми сын көтермейтін нәрсе, әсіресе азды-көпті үлкен ру-тайпалар, ұлттық топтарға қатысты. Казак өмірінің мәдениеті мен тұрмысы аса ерекше болса да, жұпынылау болды. Осыдан оны казакане деген, яғни қазақша. (Мүмкін, осыдан орыстың казакині де шыққан шығар). Казактарға қосылған жолдастарын арнайы казакдаш деп атаған. Осылайша казактардан әскери қауымдастықтар, казактардың еркіндік жайылымы пайда болған, мұсылманша оны джама ат-и казак (251 б.) деген. Мұны этнографиялық нәрселер деп пайымдау артық болар. Кереит Тогрул ханның, Тайчуид Есугай батурдың, тіпті Шыңғысханның өзінің және оның бодандарының қазақылық статусы күмән тудырмайды, әйтпесе, неге олар жалғыздан жалғыз алыс сапарларға шығады? Егер казактар могол, қырғыз, өзбек, ноғай, орыстікі болып бөлінсе, бұл тек қаңғыбастардың түрлі тобына жараса беретін казак ұғымының жалпылама екенін айтып тұрған жоқ, сонымен бірге, осы казактардың бір ежелгі монгол этносынан, немесе далалықтардың саналы империялық жүздіктерге (мыңдықтарға) бөлінген ұйымы арқылы құрылған суперэтносынан екенін айтады. «Өзге сөзбен айтқанда, Өзбек Ұлысынан бөлініп, Жетісуға көшіп келген тек қана Абулхаир саясатына қарсы жәй ғана жекелеген тайпалар емес, жәй ғана саяси топтар емес, 1459–1460 жж. бөлінуден бұрын бөлектеніп үлгірген конгломерат ретіндегі субэтникалық қауымдастық», сондықтан, XIX ғ. этнографы А. Хорошхинның жазбалары бойынша, қазақтар былай деген екен: «Менің ата-бабаларым, менің бастауым – өзбектер» (252 б.). Міне, сондықтан Мәуреннахрға көшкен өзбек-қазақтар Бату ұрпағы емес, Шейбан ұрпағы Абулхаир негізін қалаған ұлыстың атауын сақтай отырып, XX ғ. субэтнос ретінде жойылып кетеді. Ал Урус ханның ұрпағымен Жетісуға көшіп кеткен өзбек-қазақтар, шейбанидтерден бөлек болу үшін, өзбек атауынан бас тартып, өз өмір дағдысының атауын қабылдаған, өйткені, оларда бірінші қазақ хандығының негізқалаушысы Урус ханның атымен оларды урус деп атайтын ешқашанда біріктіруші бір хан болған жоқ. Барлық бұл біртұтас мәдени-тұрмыстық қауымдастығының таза саяси топтары еді.
Бұл қазақ метаэтносының діні ең консервативті мәдени-тұрмыстық элемент еді. Жоғарыда көрсетілгендей, тәңіршілдік онда о басынан ғұндар мен көне түркілер, яғни, қыпшақтан бұрынғы уақыттан болған және ежелгі монгол һәм қазақ дәуірінде ол онда қалған, бірақ түрленіп және исламға кіргендей болып, өйткені, осындай нәрсеге зорлап көндірілген еді және бұл оның тек сыртқы бейнесі болатын. Оқулық бойынша, ең бірінші исламды қабылдаған Берке хан XIII ғ. ортасында, кейін Өзбек хан бүкіл төрелерді исламды қабылдауға мәжбүр қылды, оны XIV ғ. басында Алтын Орданың мемлекеттік діні жариялап, одан кейін әмір Едіге XV ғ. басында көшпенді тұрғындар арасында исламды күштеп енгізуге біраз талпыныс жасады (сонда, 269 б.).
Еділ және Кама бойындағы булгар қалаларының (қазіргі татарлардың арғы аталарының бірі) және Хорезмнің (қазіргі Хорезмнің арғы аталарының бірі) мұсылман тұрғындарынан өзге Алтын Орда казактарының көбі ақыры мұсылман бола алмады, тек XVIII ғ. екінші жартысында ғана Ресей билігі арнайы жарлықпен мешіттер салып, қазақ даласына солтүстіктен мұсылман уағызшыларын алдыра бастады. Ал сол ғасырдың 80-ші жылдарында Әбу-л-Жалиль деген қожа шығып, барлық қырғыз-қайсақ даласының пірі аталды (272 б.). Ресейдің күштеуімен XIX ғ.қазақ даласы мұсылмандық деп аталатын болды. Егер оқулық қазақ исламын ортодоксалды емес десе, автор көбінесе бұл пікірмен келіседі, тек автор қазақ исламын сунниттік емес, суфийлық деп санайды және неге оқулықта монголдан бұрынғы кезеңде қазақ исламының қалыптасуына, монголдан кейінгі кезеңде Ресейден бетер ықпалы болған Қазрет Қожа Яссауидің аты аталмағанын түсінбейді. Сонымен қатар, автор өзінің қожа руы Қожа Ахмет Яссауиден тараған деген көзқарасын біраз түзеуге дайын, өйткені оқулықтың қожаларда бір шығу тегі жоқ, бұл жағынан олар Шыңғысханнан тарайтын төрелер мен Пайғамбар қызы Фатимадан және төртінші халиф Әліден тарайтын саидтарға ұқсамайды деген пікірімен келіседі (сонда, 376–377 б.).
Қазақ даласы өмірінің өзге аумақтарына қатысты оқулықта көшпелі қоғам тарихының XV ғасырдан XIX ғ. дейінгі жартығасыр этникалық біртұтастығы мен жалғастығы, тіпті тура мұрагерлігі жөнінде «қызыл жіппен» зерлегендей айтылса да, онша орнықты айтылмаған. Мысалы, ол ежелгі монгол және қазақ хандықтарының қоғамдық құрылымын зерттеуіндегі егжей-тегжейлі ұқсастықтардан көрінеді (сонда, 365–384 б). Сол сияқты, XVII ғ. Тәуке ханның Ұлы Жүздің Төле биімен, Орта Жүздің Қазыбек биімен және Кіші Жүздің Айтеке биімен бірге шығарған Жеті Жарғысы бойынша, хандық билікке құқық, яғни жоғарғы әскери билікке иелік тек төрелерге беріледі. Азаматтық билік, егер тайпалардың өз-өзін басқаруын осылай аталуына рұқсат етілсе, тек елдегі дау-дамайды шешудің деңгейінде қалған. Дәл Шыңғысханның жасағындағыдай, Жеті Жарғыда «саяси және билік етудегі қылмыстар» ұғымы жоқ және «қару ұстай алатын тұрғындардан тұрақты түрде салық алу» рәсімі заң деңгейіне көтеріледі (368 б.), өйткені, көшпенділерде салық төлейтін отырықшы тұрғындар тым азайып кеткен. Жеті Жарғыда азаматтық қатынастар да жеткілікті қарастырылмаған, ол әдет-ғұрып бойынша шешіле берген. Сотты хандар мен билер жүргізген, бірақ мемлекетте күштеп өндіру күші болмағасын, қабылданған үкімдерді орындауды сотқа қатысушылардың ұтқаны барымталау арқылы өзі жасаған және ол заңды нәрсе деп есептелген. (372 б.). Қазақтың шаруасы, ежелгі монгол карачуі сияқты, заңды жеке және жекеменшік құқығы бар еркін заңды тұлға (377 б.), бірақ нағыз қазақ ретінде әлдеде күші бар Шыңғысханның Заңы бойынша, ол әскерге міндетті болған және қару ұстаған, өйткені қарусыз ол халық кеңесінде дауыс беру құқығынан айырылған. Бір сөзбен айтқанда, жоғарғы сот және бас қолбасшы болған және елдер пәм халықтармен келіссөз жүргізу құқығына ие болған (383–384 б.). Алтын Орданың хандары дәуірлеп тұрған кездерінде дәл осындай болған (сонда, 219 б.).
Экономикалық құбылыс ретіндегі байларға және жеке бостандығы жоқ құлдарға және үй шаруашылығы ішіндегі «құлдыққа» қатысты оқулықта монголдан бұрынғы һәм кейінгі кездерде аса көп айырмашылық табылмаған. Тіпті ғұндардың ұғымдарының өзінде еш айырмашылық болмаған (бай, құл және т.т.). Мұнда автор оқулық редакторларымен бір пікірде, тек оқулықтың кішкене дәл емес пайымдары және негіздерімен келісе алмайтын жерлерін атап өткісі келеді. Кейде оқулық, одан бұрынғы барлық оқулықтар сияқты, арабтың сырттан берген атауларын ежелгі монгол және қазақтың өз атаулары ретінде қабылдай қоятын сияқты. Бұл, ең алдымен, қазақ даласына берілген Дешті Қыпшақ атауына байланысты. Бұл атауды оған қыпшақ тайпалар одағының оғыздардан асқаны үшін дәріптеу ретінде Х ғасыр географы Насири Хосров берген және Х ғасырда Ұлы Селжүктер енгізген Шыңғысхан ұрпағы, төрелерді, негізі сириялық «сұлтан» атауына қатысты. Ежелгі монголдар, немесе одан сайын қазақтардың, тұрмыста төрелерін сұлтан деп атауы, немесе қазақ даласын қыпшактікі деп атауы, әсіресе, олардың монголдардан жеңіліп, Еуропаға кеткен уақытта өте дүдәмал. Бұл мәселеде мұсылман қайнаркөздерін шығыс отырықшы халықтарының далалық өмірдің әлеуметтілігін қабылдауға жат екенін ескеру керек. Немесе неге олардың XVI–XVII ғғ. эфсаналарында қазақ жүздері жөнінде ешбір дерек жоқ, орыстың 1616 жылғы «Сұрақпен сөйлетуде…» («Расспросные речи…») олар бар ғой… (386–387 б.). Сондықтан оқулық редакторларының назарын Валиханов пен Радловтың «би» сөзін «билік» сөзінен шығарғанына және оны түріктің «бек» сөзінен шығарудың қателігіне және оны «эмир» араб сөзіне, немесе монголдың «нойон» сөзіне теңеудің тіпті қателігіне назарларын аударғым келеді (379 б.). Сонымен бірге, тұлғаның тек ру бөлігі ретінде ғана маңызы болды және заңды тұлға ретінде тек ру саналды деген байбаламы да артықтау болып тұр (378 б.). Бұл шешім қазақтарды тек шығыстық және азиялық халық, дәстүрлі қоғамның жемісі деп қараған тұжырымнан туған және дәл болуға жеткілікті негізі жоқ, өйткені, кез келген тұлға, ол тіпті қазіргі батыстық адам болсын, өзінің құқықтарын қорғау үшін қоғамға жүгінеді, себебі ол сол қоғамның өкілі. Ру-тайпалық бірлестіктердің территориясына байланбаған әскери-әкімшілік бөліктер ретіндегі ұлыстардың, тайпалар одағы дәстүр арқылы шектеулі территорияға байланған этнотерриториалды жүздерге ауысуы жөнінде оқулықта онша көп айтылмаған, солардың ең маңыздысы мына нұсқалар:
1) Ханның мұрагерлік иелігіндегі ұлыстың негізі – «мемлекетті құраған халық», ел болған, яғни көшпелі тайпалардың, рулардың және қазақтардың одағы және олар кетсе, ұлыс жоқ болған, жойылған деп саналған;
2) ұлыстың өз бақылауындағы территориясы «жұрт», «йурт» деп аталған;
3) жәй ұлыс 60 мың адамнан тұрған, ал ұлыстардың бірлігі ретіндегі дербестенгені – 300-ден 400 мың адамға дейін және де ХVI ғ. Қазақстанда 3 дербестенген ұлыстың ішінде 20 шақтыға дейін жәй ұлыс болған, яғни «жоғарғы биліктің бірлігіне басқару билігі сәйкес болмаған»;
4) үш жүз XVI ғ. аяғына дейін пайда болған және алғашқыда оларды билер басқарған, содан бері олар үш дербестенген ұлыспен бірге тірлік еткен, ал XVII ғ. ұлыстардың орнын өздері толығынан алып алған;
5) XVII ғ. 20-шы жылдарында төрелер билерді ығыстырып, жүздерді өздері басқарып кеткен, ал оларға тек ру-тайпалық билікті қалдырған, содан кейін ұлыстар ешқашан қайта пайда болмаған (сонда, 384–387 б).
Осы қорытындылаушы нұсқаулардан кейін біз Ақ Орданы Жүз Орда деп атағаннан кейін жүздердің әрқашанда болғанын, бірақ ұлыс хандарының саяси экспансиясы үшін шексіз этнотерриториалдық кеңістіктер болғандықтан, жүздер өздеріне территорияны қатаң бекіте алмаған, өйткені көшіп қону бағыттары тұрақтанбаған еді. Бұл тек «монгол-татар езгісінен» босанғаннан кейін және Ресей мен Қытайдың күшейгенінен кейін ғана мүмкін болды. Соңғылар қазақы Қазақстан айналасындағы шекараларын анықтап, тас бекіткендей болды. Ортаазиялық мемлекеттер оларды шейбанид өзбектер жаулап алғаннан кейін бүкіл Сыр бойындағы шекараларын бекітті. Міне, сондықтан Ұлы Бүлік кезеңдегідей билік төрелерден билерге және керісінше ауыстырылғанда, ешқандай қатерлі оқиғалар болған жоқ. Ал егер Алтын Ордадағы сол бүлік заманды еске алсақ, Жошы ұрпағының Тенгиз Бұқадағы құлдығының және ол оларға Джир Кутлының мавзолеін салдырғанының өзі бір көркем шығармаға тұрарлықтай.
Сөйтіп, біз оқулық редакторларымен, олар айтқандай, «қазақ қоғамының ұйымдасу формаларын бірте-бірте ауыстыру жөнінде болды» дегенге келісе алмаймыз (387 б.), өйткені жүздерде дербестенген ұлыстар мен олардың жұрттары бірігіп кеткен. Ал жоғарғы билік қалай төрелерде болды, сол күйінше қалды. Сол сияқты тайпалардың өз-өздерін басқару билігі де сол күйінше билерде қалған. Таратып айтқанда, хандар жаңа ұлыстар ашу, немесе тарату мүмкіндігінен айырылды, ал казактар көшетін территориясы шектеулі болғасын, өздерінің тұрақты көшіп-қону бағыттарын анық орнықтырды.
Міне, осы кезеңнен бастап жаңа патшалар мен мемлекеттер іздеп, көшіп қону мүмкіндігінен һәм қажеттілігінен айырылғасын, ежелгі монгол қазақтары қазіргі қазақтарға айнала бастады. Яғни, шынымен жаңа империялық емес этнос тек XVII ғ. ғана Шыңғысхан құрған ежелгі монгол-казак империясының қирандысында ғана туыла бастады. Міне, сондықтан үйреншікті арбадағы киіз үйлер ретіндегі «қазақ арбалары» (казак терген) сол ғасырда құрама юрталарға ауыстырылып, қазақтың мәдениеті мен тұрмысына орасан зор өзгерістер әкелді (389 б.). Және де егер салдар себепке себеп деген тұжырыммен келісуге болмайтын болса, осы өзгерістер жүздердің пайда болуына себеп болды деген пікірмен де келісуге болмайды.
Сол сияқты оқулықпен XVII ғ. көшіп-қонудың ұлыстық жүйесі ауылдық жүйеге ауыстырылды дегенге де келісуге болмайды (389 б.). Біріншіден, ұлыс – таза саяси құрылым және қазақ даласының жағдайында ұлыстық көшіп-қону есеп-қисап жағынан пайдалы емес, екіншіден, көшіп-қонудың кез келген таборлық тәсілі сияқты, көшіп-қонудың қоралы тәсілі де Монголия территориясында Шыңғысхан казактарының ауылдық тәсілі жеңгеннен кейін тірлік етуден қалады; үшіншіден, көшіп-қонудың ауылдық тәсілі Қазақстан территориясындағы Жошы ұлысы пайда болғаннан бұрынғы қыпшақ-қимақ одағында билік еткен. Қайталап айтайық, басты тұлғасы байлар болатын көшіп-қонудың ауылдық тәсілі көшпенді бақташылық дамуындағы, қазақы, яғни, ең жоғары деңгейдегі кезең. Көшіп-қонудың қазақы тәсілі казактардың үш ордасында да (Ұлы, Орта және Кіші жүздер) басты болған. Сондықтан оқулықтың «егер онша биік емес әскери-әкімшілік ұғымдардың бірі ірі тайпалық (ауылдық) қоғамдастықтардың атауына айналса, ол қалай болды?» деген сауалына казактар о баста ру-тайпаларға емес, жүздіктерге бөлінген деп жауап беру керек. Казак жүздіктері бір жағынан өз ішінде ондықтарға бөлінген және екінші жағынан мыңдық һәм түмен (он мың) ретіндегі ірі әскери-шаруашылық бөлімдерге бөлінген. Міне, дәл сондықтан Жошы ұлысының ең басты «алтын» ордасы ретіндегі Ақ Орда, Махмуд ибн Вали бойынша, «Йуз Орда», яғни Жүз Орда деп аталған (390 б.). Енді неге ру мен жүздер арасындағы үлкендіктің тура мұраланғанын ұғыну керек. Мысалы, неге Ұлы Жүздің ең соңғы руы Орта Жүздің ең үлкен руынан артық болған? (391 б.). Біздіңше, бұл ежелгіқазақ саяси тайпаларының рубасылары ретіндегі Шыңғысханның жүзбасылары мен мыңбасыларының шежірелік жақындығына және де бірінші жағынан, олардың Шыңғысханға қай уақытта қосылғанына, ал екінші жағынан, Жошы ұрпағы, Жошы ұлысының сол қанатының хандары Орду, Шейбан мен Тука Тимурдың үлкендігіне байланысты болған.
2007 жылдан бастап Қазақстанның қазіргі историографиясының кеңістігіне Р. Темиргалиевтің мақалалары атойлап шығады (Zonakz.net). Бұл мақалалар баяндау тәсілі бойынша, публицистикалық болады, өйткені оларда зерттеулерді ғылымда орныққан ережелер бойынша реттеу жағы ұстанылмайды. Соған қарамастан және онда ғылыми дәреже болмаса да, (есіңізде болса, В.П. Юдинде де ғылыми атақ болмаған) оның мақалаларының тереңдігі және өткірлігі оның қайнаркөздердің кең ауқымыммен жете таныс екеніне, оларды зерделеп, пайымдай алатынына еш күмән қалдырмайды. Және де ол қайнаркөздер авторларының ықпалында бола қоймайды. Оның мақалаларының ғылыми шынайылығы және жан-жақты орайластырылуы оның құмарпаздығына және жұмыскерлігіне құрмет тудырады. Ақыры, 2009 жылы оның екі Қазақ хандығы тарихына арналған дерекнама жағынан ғажап кітабы шығады: «Қазақ хандығының нағыз тарихы» және батырлар құбылысы жөніндегі «Соңғы батырлардың дәуірі (1680–1780 жж.)». Бізді шабыттандыратын нәрсе, Темиргалиевтің көптеген ұстанымдары қазір қайта шығарылып жатырған кітаптан бөлек оның кең таралған және әркім-ақ өзі таныса алатын онша көп емес қайнаркөздерге негізделген 1995 жылғы болжам мен мүмкін деп ұсынған нәрселерін растайды. Соның кейбіреулерін келтірейік. Мысалы, оның «Қазақтар және Ресей. Өз еркімен қосылу болды ма?» мақаласын алайық, Алматы,17.07.2007 ж.) (www.zonakz.net/articles):
«Қазір Қазақстанның Ресей және КСРО құрамында болған кезеңді орыс езгісіндегі 260 жыл деп айту жиілеп кетті. М. Қозыбаев, М. Мағауин, К. Данияров және өзгелер еңбегінде Қазақстанның Ресейге күштеп қосылуы еш күмән тудырмайды… Ал Қазақстанның Ресей құрамына кіруінің өзі ғылыми ортада теріс бағаға ие… Тек Қазақстанның Ресейге қосылған кезеңінен, XVIII ғ. бастап, қазақ тарихын зерттеу және ұғыну оңайлана түскендей. Сол дәуір құжаттарының біржақтылығы және қас пікірде екені жөнінде мың есе айта беруге болады, бірақ ең кемінде тарихшылар енді Қасымханның қасқа жолы деген аңызбен емес, «Устав о сибирских киргизах» деген құжаттың мәтінімен істес болды.
Өкінішке орай, қазақтың ұлтшыл тарихшылары үшін Ресей империясы құрамында болғанын негативті бағалауға ешбір объективті себеп жоқ… Ал Қазақстанның Ресей құрамына кіруі іс жүзінде көбінесе бейбіт түрде болған». Қазақ хандары «өз шешімі бойынша Ресей бодандығына кірген, ол туралы олардың тек присягалары емес, өзге де көптеген қайнаркөздері куәландырады… Қазақ батырларының тіршілігі ұлттық азаттық деп көбінесе негізсіз сипатталады… Сырым Датов, Жоламан Тленшиев, Исатай Тайманов, Жанқожа Нұрмухаммедов сияқты көптеген азаттық үшін күресті дегендер өздерінің талаптарында Ресейден бөліну мәселесін еш көтермеген. Тек Кенесары ханды ғана XIX ғ. Ұлт-азаттық күрес идеологиясының жалғыз иегері деуге болады. Бірақ оның қызметіне ең алдымен далалықтардың өзі қарсы болды, өйткені олар Ресей бодандығының пайдасын жақсы түсінген еді. Ресей билігі осы бүлікті басуға жіберген жазалаушы әскерлердің көп бөлігі қазақтардан тұратын…. Тіпті, қазақтың ең қарапайым шаруаларының өзі 1861 жылға дейін крепостной право езгісінде болған орыс крестьяндарына қарағанда, аса жақсы жағдайда болды… Қазақстанның Ресей империясы құрамында болған уақытта жасалған өзгерістерді артық бағалау қиын. 1897 жылы болған перепись бойынша, қазақтар саны 4 миллион адамға жетті, яғни бұрын ешқашан болмаған деңгейге және бұл жағдай орыс билігінің «қазақ халқына қарсы этноцидке өтетін кезеңде геноцид жасады» деген кез келген инсинуацияны теріске шығарады (біздің танымал тарихшымыз М.Абдиров өзінің «Қазақстандағы казачество тарихы» кітабында осылай жазады).
…Большевиктердің кезінде ғана қазақтар кейін шынайы мемлекеттілікке айналған шартты суверенитет алды. Оны айтасыз, Т. Рысқұлов, А. Джангильдин, А. Иманов, С. Сейфуллин сияқты қазақ большевиктері әлі күнге дейін ұлттық батырлар саналады. Қазақ және орыс халықтарының біртұтас саяси, экономикалық және мәдени кеңістіктегі тұрғылас тірлігінің жағымды жақтарын көп әңгіме қылуға болады, бірақ тарихқа салқынқанды адамның бәріне ол еш құпия емес.
Бәлкім, қазақ тарихшыларының дөрекі мылжыңдарының шығуының себебі тек қана ғылымға ене бастаған ұлтшылдықтан ғана емес. Қазақ-орыс қатынастарының осындай пайымдау үлгісін баяғы «салқын соғыс» кезінде Ресеймен геосаяси қақтығыста болғасын американдық және батысеуропалық зерттеушілер жасаған. Егер біздің отандық ғалымдарымыз А. Боджер, Р. Пирс, М.Б. Олкотт және өзге шетел тарихшыларының еңбектеріне сілтеме жасауды жақсы көретін болса, ол кездейсоқ емес. Іс жүзінде көбінесе қазақ-орыс өзара қатынастары жөніндегі кітаптарда біз бұл мәселеге американдықтар көзқарасымен танысамыз».
Сонымен бірге, автордың пікірі Р. Темиргалиевтің «Қазақстан тарихындағы жоңғарлар. Шынайы емес тарих» мақаласына жақын (02.05.2007 ж., www.zonakz.net/articles):
«Қазір ақтабан шұбырынды дәуірін қасиетті бір нәрсе ретінде келтіріп және қасіреттілігі жөнінен ХХ ғ. 30-шы жылдардағы коллективизациямен бір тұрғыда деп санайды… Ұлттық тарихи нұсқа бойынша, батыс монголдар «ойраттар, жоңғарлар, қалмақтар» жүз, яки екіжүз елу жыл уақытында қазақ даласын жаулап алуға тырысқан… қазақ халқын қырып жоюды мақсат тұтқан, ал қазақ феодалдары өзара қырқысқасын оған қарсы тұра алмаған. Осы жаумен күрес қазақ мемлекетінің дамуына кедергі болған және оның Ресейге қосылуына басты себеп болған.
…Тарихты түсінудің мұндай үлгісі тарихшылардың шыншыл еместігінен туындаған. Өйткені, бар құжаттық ақпараттар жоңғар мен қазақ шатағының дәл осындай жәй жергілікті қақтығыстардан еш айырмашылығы жоқ екенін айтады. Қазақ билеушілері мен ортағасырлық шейбанидтердің теке-тіресі «Орбұлақ» пен «аңырақайдан» зор қандыкеш оқиғаларға апарған. Иә, әрине, жоңғарларға Сыр бойындағы маңызды қалаларды, көшпенділер қоныстарын басып алу еш артық болмас еді және олар кейде конфликт тудырушы рөлін ойнаған, бірақ іс жүзінде жоңғарға кіммен болса да соғысу пайдасыз еді, өйткені олардың Цин империясымен соғысында әрбір жауынгер санаулы еді. Оның есесіне, мұндай нәрсеге қытайлардың өздері мүдделі еді… Сол сияқты, мұны білсе де, білмесе де Жәңгір, Тәуке, Абылай өзге билеушілер сияқты, Қытай мүддесіне қызмет еткен.
О проекте
О подписке