Ал мен бір нәрсені дұрыс жасамай қойып, мені жұрт қабылдамай қойса ше? Бұл қауіпсіз емес.
Қауіпсіздік қажеттілігі бізде инстинкт деңгейінде тұрады, сондықтан бізге қашу немесе шабуыл жасау қалады, және де өлі кейіп танытуымыз мүмкін.
Мен қандай жағдайларда жиі шабуыл жасайтынымызды немесе қашып кететінімізді айтпай-ақ қояйын. Қалай болғанда да, біз әрқашан осы үш әдісті қолданамыз. Біз басқаларды кінәлі ету, жауапкершілікті болған жағдайларға ауыстыру арқылы шабуыл жасаймыз, өйткені бұл өзімізді ақтаудың ең оңай жолы.
Біз қашқанда немесе өлі кейіп танытқанда, мұны қандай жолмен жасаймыз? Дұрыс, әрекетсіздігімізді ақтау арқылы.
Бізге бала кезімізден келесідей бағдарлама енгізілген:
Әрекет = қате = сен жамансың
Жасамайсың = қателеспейсің = еш мәселе жоқ = сен жақсысың
Міне, өзіміздің әрекетсіздігімізді ақтау – бұл шабуыл. «Мен мұны істей алмаймын», «жағдай осылай болып қалды», – осылайша жауапкершілікті мән-жайларға аударып, оларды кінәлауіміздің өзі – мәселеден қашу болып табылады. Бізде әрқашан өзін-өзі сақтау инстинкті қосылады.
Сылтау шаблондары басымызда қаз-қатар тізіліп тұр, ал біз оны байқамаймыз да:
– менің қолымнан келмейді;
– жасап көргенмін, болмады;
– жасай алмаймын;
– бұл мүмкін емес;
– осылай боларын білгенмін;
– олай жасасаң жаман болады;
– олай жасауға болмайды;
– ал маған… болса ше (шексіз тізім);
– бұл тым ұзақ;
– бұл тым тез;
– бұл дұрыс емес;
– бұл тым көп;
– бұл тым аз;
– не істерімді де білмеймін;
– ал басқалар не дейді, ал мені сөгіп жатса ше;
– менің ақылым, тәжірибем жетпейді, мен толық машықтанбадым;
– өзіме лайықты отбасында туылмадым;
– басқа елде туылғанымда ғой, үкімет дұрыс емес, билік ұнамайды;
– немесе өз-өзімізді алдау: «бұның маған қажеті де жоқ»;
– бай болып туылмаған соң, бастап та қажеті жоқ;
– мен лайықты емеспін;
– мен соншама керемет емеспін;
– менің қолымда тұрған жоқ;
– маған кім қол ұшын созар екен;
– әлім келмейді, күшім жетпейді;
– шабытым жоқ, қиялым жетпейді;
– уақытым жоқ;
– басқа шаруамды бітіріп алайын;
– қолым тимейді;
– жағдай осылай болды;
– бұған олар кінәлі;
– оған қаражатым жоқ;
– менің жұмысым жоқ, жұмысым ұнамайды;
– аз төлейді;
– айлығым шайлығымнан ауыспайды;
– менің балаларым, жолдасым, отбасым бар ғой;
– қорларым (ресурстарым) жоқ;
– мүмкіндігім жоқ;
– анау жаман;
– ерініп отырмын;
– басыма салғаны осы;
– енді мен қартайдым;
– енді өзімді жөндей алмаймын;
– ал егер… болып қалса ше, – деп қорқам;
– мен әлі жаспын;
– мен жұмысымды, достарымды, отбасымды, беделімді және т.б. жоғалтуым мүмкін, бастысы – өзімді таңдамасам және өзімді соңғы орынға қойсам;
– және де менде тағы не жоқ, тағы неден айрылам деген секілді шексіз уайымдар…
Деніміздің сау болғаны орындалмас арман болып тұрса да, біз тіпті темекі шегу мен артық тамақтанудан бас тартуға қорқамыз. Өйткені біз өзімізді миллион есе артық, соның ішінде шынайы ләззаттан айыратынымызды түсінбей, қиялдағы ләззаттан айырудан қорқамыз.
Бізге үнемі бір нәрсе жетіспейді, біз өзімізді үнемі құнсыздандырамыз, бірақ біз шынымен сондай болғандықтан емес, жоқ, бұл біздің сылтауымыз, бұл біздің қиялымыз. Бізге осылай оңай. Біз өз ойларымызбен өзімізді тонап жатырмыз.
Неліктен әрекеттенбейтінімізді өзімізге осылайша түсіндіру біздің санамызға оңайырақ. Бірақ бұл фактілерге ешқандай қатысы жоқ. Біздің ақыл-ойымыз осы сылтауларды ойлап табу арқылы, объективті шындықтан, көптеген нұсқалардың арасынан тек өз ойларының дұрыстығын растайтын фактілерді іздеп табады, және де ақыл ешқашан басқа нәрселерге назар аудармайды, ол сылтауларға шоғырланған және оның басқа нәрсені көруге мүмкіндік жоқ.
Себеп оның мүмкіндіктері болмағанда емес – жоқ, ақыл оларды әдейі байқамайтын болады, барлық назарды әрқашан өзінің дұрыстығын растауға бағыттайды.
Бұл басқа фактілер болмағандықтан емес, оларды байқамау туралы шешім қабылданғандықтан, себебі қателесу – фактілерді мойындаудан да қорқынышты.
Біз осылай ойлаған бойда, әрекетсіздігіміз үшін сылтау ойлап тапқаннан кейін, біз автоматты түрде әрекеттің үмітсіздігі туралы шешім қабылдадық және миымыздан бұл туралы сигнал алған денеміз осы фактілерді көруге көмектесу үшін бәрін жасайды.
Біздің іс-әрекеттеріміз біздікі дұрыс екенін растауға арналғанын тағы да назарыңызға салайын! Және де бұның бәрін біз бейсаналық түрде жасаймыз.
Бізді шектейтін шаблондардың тізімін тағы бір рет қараңыз.
Біздің әлеуетімізді жүзеге асыруда бізді шектейтін бағдарламалардың тізімі шексіз. Бұл үлгілер біздің санамызды қалыптастырады. Біз проблемаларды шеше алатын немесе оларды мүлдем жасамайтын әрекеттерден өзімізді толығымен шектейміз. Бұл шаблондар біздің тілектерімізді орындауға мүмкіндік бермейді және бізді бақытсыз етеді.
Біз оларды өмір бойы өзімізді қиялдағы қауіптен қорғау үшін аламыз. Бірақ біз өзімізге үлкен қауіп төндіреміз.
Қашуға немесе шабуыл жасауға тырысқанда, біз ештеңе жасамаймыз немесе, біз үшін пайдасы жоқ әрекет жасаймыз. Барлығын қауіпсіз етуге тырысу өте қауіпті. Әрекетсіздік біздегі өмір өзегін өлтіреді, өйткені өмір – бұл қозғалыс, әрекеттердің шексіз тізбегі.
Өмір – бұл даму мен өзгерістер. Ал егер оған қоса сіз менің «Құдайға ақша не үшін қажет» кітабымды оқысаңыз, онда ақша, игіліктер – біздің өзіміз әдейі бас тартатын өзгерістеріміз екенін түсінесіз.
Біздің әрекетсіздігіміз барлық проблемаларымызды тудырады. Осы әрекетсіздік бізді ресурстар мен энергиядан айырады және барлық проблемалар тек тоқтап қалғанымыз туралы сигнал береді.
Әрқашан есіңізде болсын – егер мәселе туындаса, біз оны әрекетсіздігімізбен жасадық. Осы сәтте бізде барлық ресурстар бар, оны шешуге біздің санамыздан басқа ештеңе кедергі болмайды.
Бір нәрсені шешу немесе тілекті орындау үшін, ең алдымен, бізді қозғалыста, дамуда және іс-әрекетте тежейтін осы шаблондарды анықтау қажет. Бізге мәселені толығымен көруге және оның ресурстарын қарастыруға кедергі келтіретін – шаблондар.
Екіншіден, біз шаблондарды өзгертуіміз керек болады: не осы сенімнің абсурдтығын көре аламыз, не ондағы іс-әрекетке берілген ресурсты анықтай аламыз, не өзімізді шектеуді тоқтатып, оны қалай тиімді қолдану керектігін түсінеміз. Бұл туралы біз келесі тарауларда сөйлесетін боламыз.
Әрі қарай, бізге ешқандай күш салудың қажеті болмайды, өйткені біздің жаңаша ойлауымызға сүйене отырып, жаңа шешімдер қабылданады, бейсаналық түрде, әрине, осыған байланысты импульспен, біздің қызығушылығымыз арқылы әрекеттер жасалады және біз қазірдің өзінде бізді таң қалдыратын жаңа қуанышты салдарды көреміз.
Мұнда күштің қажеті болмайды, өйткені біздің әрекеттеріміз күш салусыз және қарсылықсыз болады.
Және бұның салдары шабыттандыратыны соншалық, сіз осылайша жаңа өмір сүргіңіз келе бертін болады.
Бізге қандай да бір ғажайыптар болып жатқандай болып көрінеді, сәттілік, фортуна қайта оралғандай, сәттіліктен кейін сәттілік, оқиғалар тізбегі біздің барлық әрекеттеріміз сағат механизмі сияқты идеалды жағдайларда қалыптаса бастайтындай етіп реттеледі – бір қарағанда біз ондай ештеңе жасамайтын сияқты көрінгенмен, біздің мәселелерімізді шешуге ұсыныстар төгіле бастайды. Шабыттандырады ғой иә?
Бұл ертегі емес, сәттілік емес, фортуна емес, ешқандай ғажайыптар жоқ, біздің миымыз, санамыз осылай жұмыс істейді және біз қандай жағдайларды бақылайтынымыз осыған байланысты. Ал оны қалай қолданатынымыз өзімізге байланысты.
Біздің санамызбен жұмыс істеу үшін және тізгінді ақыл-ойымызға бермей-ақ оны барынша тиімді пайдалануды үйрену үшін өткенді қазып жатудың қажеті жоқ. Неліктен бізде мұндай үлгілер бар, неге мұндай бағдарламалар бойынша өмір сүріп жатырмыз, бұл қорқыныштар қайдан пайда болады деп іздеудің қажеті жоқ. Мұны шексіз рет жасауға болады, және мұның бәрін тауып, қайта ойластыру үшін өмірдің өзі жеткіліксіз.
Оның оңай жолы бар – «осы жерде және осы сәтте», қазіргі сәтте біз үшін материалдық шындықты қалыптастыратын ойлау шаблондарын тауып, оларды өзгерту.
Әрине, мұндай шаблондардың миллионы бар, кез-келген нәрсе туралы кез- келген ұғым – шаблон болып табылады. Біздің масатымыз басымыздағы барлық ұғымдарды анықтау және өзгерту емес. Бұған бүкіл өміріріміз де жетпейді.
Біздің ең айқын ойлау үлгілеріміздің негізгілерін қайта қарастыру жеткілікті. Мен бұл сыни массаның қандай баламада екенін нақты айта алмаймын, бірақ өмірде «граммен өлшейтін» адамдар үшін бұл, менің тәжірибем бойынша, шамамен 300—400 шаблон болады.
Біз саналы және бейсаналық өмірімізде осы үлгілерді құрастырып келеміз, және менің кеңесім – қазір осы үлгілердің барлығын тап қазір өзгертуге тырыспаңыз, кем дегенде бір-екі жыл уақыт беріңіз. Бұл екі жыл үлгілерді өңдеуге жеткілікті.
Баяу және мән-жайларға қарай әрекет етіңіз, шешу үшін бір тапсырма немесе бір тілегіңізді алыңыз, бірнеше ондаған шектеулі сенімдерді анықтаңыз да олармен жұмыс жасаңыз. Біреуімен жұмыс істегеннен кейін, сізде жанама түрде бір үлгіге байланған ондаған басқа сенімдер автоматты түрде қайта құрылады.
Менде тағы бір керемет жаңалық бар – бір мәселені шешкен кезде бізде ондаған басқа мәселелеріміз қатар шешіледі, өйткені тіпті бір үлгі біздің барлық басқа мәселелеріміз бен тілектерімізге ілесіп жүреді.
Бірнеше ондаған шектеу бағдарламалары немесе ойлау үлгілерінің кесірінен біздің бірнеше ондаған тілектеріміз орындалмай қалды. Біз бір салада бір нәрсені шеше бастағаннан кейін, басқа салаларда да бәрі өзгере бастайды.
Ойыңызды кеңейту, көп нәрсені көре бастау, әлемге тар көзбен қарамай, біздің әлемге кенеттен келе бастайтын жаңа мүмкіндіктер мен біз оларды тиімді пайдалану үшін берілген ресурстарды шексіз байқай бастаудың қаншалықты керемет екенін елестетіп көріңізші.
Естеріңізге сала кетейін, бұл ресурстардың, мүмкіндіктердің барлығы бізде әрқашан болды, бірақ біз оларды шектеулі сенімдерімізге байланысты байқамадық, сонымен қатар біздің тілектеріміз де орындалды, біз оларды да, мүлдем керек емес қырларына назар аударам деп, байқамадық.
Мысалы, біздің алдымызда қабырғаға ілулі тұрған сурет бар, бірақ біз оны көре алмаймыз, өйткені оның алдындағы экран бүкіл көріністі жабады. Біз оны көру үшін экранды бір жаққа алып тастауымыз керек. Шаблондармен де, дәл солай, олар біз үшін көз алымыздағы панораманы жабатын «экран».
О проекте
О подписке