Читать книгу «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» онлайн полностью📖 — Канат Нуров — MyBook.
image

Қазақ этногенезінің қазақылық концепциясы жөнінде растауға қатысты Әкімбеков Шығыс Монголияда ежелгітүркітілдік және тайпадан тыс саяси топтар болған дейді және соны қазақылық институтымен теңестіреді. Ежелгі монголтілдес қауымдастығындағы монголтүсті тайпаларға қатысты оларды кейінгі ғұндар деп танып, Әкімбеков бір шешімге келеді: «…қалай болғанда да түркі және монгол тілдері бір түбірлес болды ма, әлде тек көршілес болды ма, онда сөйлейтіндер, бір жағынан, иран тілдерінде сөйлейтіндердің және, екінші жағынан, ежелгі монгол тілдерінде сөйлейтіндердің арасында болған.

Демек, Батыс Монголия және Маньжурия арасындағы орналасқан Шығыс Монголия тұрғындары ежелгітүркі тілдерінде сөйлейтіндер болған» (сонда, 66 б.). Сөйтіп, егер ертедегі ғұндардың түркілді болғандары жөніндегі дауларға әлі шек қою мүмкін емес болса, онда ежелгі монгол, әсіресе, «турлигиндер»/«дарлекиндер» деген дауларды қою керек, өйткені олардың түркітілдігі анық болып тұр. Сонан Әкімбеков 546 жылы Ашина руы айналасында Алтайда жиналған түркүт тайпасын көп телес тайпаларының бірі дейді, бұл қайта басылып отырған кітап авторына өте қымбат пікір. Өйткені, ол қазақ ішіндегі ел құраушы арғындарды телеуіттерден және гаогюйлік динлиндерден, демек басмылдардан шығарады. Қарасаңыз, Әкімбеков Виктор Маглинов сияқты, гаогюй телеуіттерінің Ашинамен байланысын айдан анық көріп отыр. Оны айтасыз, Әкімбеков «Монголияның түркітілді тайпаларының арасында Бумын басқарған Ашина тайпасы өз кезегінде V ғ. Алтайда құралған көшпелі бірліктің ішіндегі көптің бірі еді. Қағанат құрудан бұрын түрк сөзі тек «он оқ» атауы болған… Бұл мағына қағанат дәуірі кезінде де сақталды… Жалпы, нақты тайпалар ұйымының атауы қағанат пайда болар уақытта Еуразияда Қара теңізге дейін тараған түрлі түркітілдес тайпалардың зор жиыны үшін ортақ болды» (с. 89).

Егер аргын/аргун сөзі монгол тілінен әлгі он оқ деген мағына беретінін және бұл монгол өзені Аргунмен (аңызға айналған Эргене Кун) байланысты екенін ескерсек, онда (Орта Жүз) Аргун Ордасының Ашинаның бөрілік руымен жетіспейтін саяси байланысы қайта тіріледі. Бұл ру мен Ұлы Жүз Усунь Ордасының және Кіші Жүз Алшин Ордасының байланысы бұрыннан белгілі. Сөйтіп, тек қана ежелгі монгол баариндік уйшиндер емес(уйсун) және мангуттык алшиндер емес (алшун), телес арғындары да алашы Алаша ханмен аңыздық байланыста болып шығады. Соңғыны Абулгази мен Рашид ад-Дин «татар мен монголдардың арғы атасы» десе, Шәкәрім өзінің әйгілі шежіресінде Улуг Еркин қытайша Бай Егу (Ұлы Ер) жөніндегі орхон-енисей жазуларын негізге алып, арғындарды ежелгітүркі хойху немесе хо-хо, яғни, арбалы, көшпелі ұйғырлардың ұрпағы санайды. Және де Шәкәрім Жошы және Шағатай ұлыстары құрамындағы Аргынот/Ариканут жөнінде білген. Гумилевқа еріп Әкімбеков телес тайпалары арасында «уйғыр, бугу, тонгра және байырку (бай егу) және сеяньтоларды атайды, сонымен бірге, 646 жылы көшпелі ұйғырлар Монголияда билеуші күшке айналды деп атап өтеді.(сонда, 96–97 б.). Бірақ Әкімбековтің Ашина руының этникалық байланыстары жөніндегі пікірінен гөрі, оның «Түркі қағанаты ыдырағаннан кейін… тарихта енді түрк тайпасының өзі қалмаса да, оның барлық түркітілдес тайпаларға бірдей түрк деген ортақ атауы қалды» деген дерегі маңыздырақ. Және де ең қызығы, бүкіл өзге тайпалар өзінің тұтастығы мен болмыс бітімін сақтап қалды, соның арасында шығыстан телес тайпалары, батыстан – болғарлар. «…Демек, қағанатта түрлі түркітілдес тайпалар және өз кезегінде билікке таласқан Ашина руының жеке өкілдерін қолдаған тюркюттер арасында ішкі саяси күрес жүрген». «Іс жүзінде Ашина руының хандары тайпадан тыс саяси надстройканың қызметін атқарады… Осындай қызметті табысты атқару үшін өз тайпаң бар болса да, ол оң болмауы мүмкін еді». (102–103 б.).

Сөйтіп, ұлы даланың ұлы билеушілері ретіндегі Ашина хандар руы болған, ол өзінің түркі тайпалар одағы ретіндегі түрк еліне сүйеніп, барлық түрк бодундарды, яғни өзге рулардың жиынтығы мен бірліктерін билеген. Бәлкім, түркі тайпаның өзі ежелден болмаған шығар, өйткені күштеуші аппараттың ролін билеушілердің туған тайпасы емес, белгілі тайпалардың одағы атқарды. Ал бірақ, ол өзінен кейін еш мұрагер қалдырмай, ыдырап кетті. Міне, сондықтан саудалық артықшылықтар таратумен қатар, «Түркі қағанаты билігінің өте кең далалық кеңістікке таратылуы арқасында көп әскер мен тұрғындар жұмсау керек болмады және өте аз уақытта жасалды». «Есіңізде болсын, болгарлар мен хазарлар түркілерге өз еркімен бағынды және оларға Түркі қағанатының ақырына дейін бас көтермеді, ал ол күйрегесін, хазарлар Ашина руы хандарын билікте сақтап қалды. Кейін болгар мен қыпшақтар да сөйтті. Түркі атауымен өз, немесе туған тайпасы болмағасын, Ашина хандарының саяси тұрғылары осалдана берді, ал өзге тайпалардың далалық аристократиясы күшейе берді. Сөйтіп, «…Сюань-цзун императоры кезінде Тан империясы жаңа күшейгенде, әлгі тайпалар ендігі саяси кеңістікте Ашина руының енді қажетсіз екеніне көздері жетті» (сонда 104–105 б.).

Міне, осыдан болар, ежелгітүркі қағандарының эпитафиялары өзге ру мен тайпалар түрк елінен бөлініп кетеме деген қорқынышқа толы, өйткені, олар өздері өз саяси тәуелділігін таңдай алатын. Міне, сондықтан Темир Кутлуг, Еділ бойындағы Ұлы Орданың ханы Литва князі Витовтқа Қашқын Тоқтамысты қайтар деп өтініш жазғанда төрелердің қазақы тағдырына налиды: «Бүгін қашқын, ертең хан» және керісінше де болар, әрине. Бұдан біраз кейінірек елші Тевкелев одан би мен батырлармен кеңеспей, неге Ресейге қосылғысы келгенін сұрағанда, Кіші Жүздің құдыретті ханы Абулхаирдың өзі «қазақ хандарының өз билігі жоқ және оларда мұрагерлік те жоқ» деген екен. Сосын айтыпты: «Егер Ресейге қосылсам, мен мұны өзгертер едім» деп. Мысалы, қартайған Жәңгір ханның өзі батыр ретінде жекпе-жекке шығып, он жеті жасар жоңғардың қолында өледі. Көріп тұрғаныңыздай, қазақылық ежелгітүрік институтының тарихында бәрі аса күрделі боп шықты: ауылдарымен ерікті көшіп-қонып жүрген казактар, немесе бай көшпенділер пайда болудан бұрын, еркін жаугер ретіндегі батыр казактар пайда болды, олар өздеріне атақ-даңқ іздеуші болашақ патшалар, яғни, оларға өздерінің ерен қасиеттерін көрсете алатын мемлекет керек. Жалпы айтқанда, Ашина түркілері, оларды Турфанан Алтайға ауыстырғасын, алтай тайпалары үшін әрқашанда казактар болған, яғни, дала тайпаларының әскери демократиялық құрылымы жағдайында (тюрк. хан мен хакандардың, немесе монг. кандар мен каандардың) әскери көсемдер рөлін ойнаушы әскери сословие. Осыдан кейінгі ежелгі монгол хандарының неге далада жалғыз жүргені ұғынықты. Осыған байланысты, мысалы, татарлар жалғыз қаңғып жүрген Шыңғысхан әкесі, Қият Борджигин руының негізқалаушысы Есугэге у беріп өлтіреді. Осы тұрғыда, біздіңше, Ашинаның ежелгітүркілік бөрілік руы мен ежелгі монгол Қият бөрілік руы арасында байланыс бар. Бұл өте маңызды. Бұл арада біз тек Абулгази мен Валиханов тапқан ұқсастықтармен шектелмейміз. Бұл ұқсастықтан өзге мұнда түркі мен монголдардың өз атауларының тайпадан тыс мағынасынан осы рулардан шыққан әскери көсемдердің бір қазақылық табиғаты көрініп тұрғандай. Ежелгітүркі дәуірі басталғаннан кейінгі уақытта неге түркілер тайпалық одағы жоқ боп кетті деген мәселеден кейін өзіне тән табандылығымен Әкімбеков енді неге монгол тілді ежелгі монгол тайпаларында монгол тайпасы жоқ болған деген «монгол» мәселесіне тоқталады. Оның дұрыс ойынша, «XII ғ. Монголияның құжынаған көптеген тайпалары арасында монгол нақты тайпасы жоқ болған». Сонымен бірге, Монгол империясының негізқалаушысы Шыңғысханның отбасы ірі түркімонгол тайпасы тайджуиттен шыққан. Өздерінің статустары бойынша одан бұрынғылар тайджуиттердің әскери көсемдері болған. В.Я. Владимирцовтың айтуы бойынша, олар «тек соғыста, жорықта, қарақшылықта ғана өздерін көрсете алатын, әрқашанда даулы билігі бар тұрақсыз топтардың тұрақсыз көсемдері болған». «Сондықтан болар Рашид ад-Динде Хабулханның ұлдары Хутула хан мен Кадан Багатур туралы олардың тек жиырма нөкерімен қалай өз жұртында құралас тайпасының жерінде уклат тайпасымен соғысқаны жөнінде әңгімелер көп. Олардың барлығы тайджуиттен шыққан болатын және тек Шыңғысханның әлем падишағы болғаннан кейін бұл батыр казактар жалпы монголдық хандар деп аталған. Олардың тайпасы ең алдымен монгол атауына хұқылы еді, бірақ, олар өз тайпасымен байланыста болмаған, бірақ олардың өз тайпасы Шыңғысханның бірінші жауы еді (сонда, с. 140–141).

Айтпақшы, монгол терминінің тарихы, этимологиясы және семантикасы жөнінде Әкімбеков Шыңғысхан монгол атауын арнайы ойлап «киіз үйде тұратын бүкіл ұрпақтардың жалпыазаматтық, саяси бірлігінің атауы ретінде енгізді. Енді олар өз тайпасы билігінде болған жоқ, нөкерлердің, өзге тайпалар казагының билігінде болды. Ресми монгол тарихшысы Рашид ад-Диннің және «Құпия монгол шежіресі» аноним авторының монгол мен тайджуиттер арасында этникалық ұқсастыққа да, әдейі теке-тірестіруге де негіз беретін куәландырулар бар. Сонымен бірге, Шыңғысхан замандасы, қытай жазушысы Мэн Хунның жазбалары бар, онда ол «бұл атау алғышында бодандарға белгісіз еді және ол тек императорлық титул алғасын қабылданды». Әкімбековтың ойынша, бұл ханның субъективты шешімі болды. Және де мангу, мэнва, мэн-у көне тунгус жалпылама атауы таңдалғаны, ол көшпенділердің тарихи көкейінде сақталған… Бәлкім, мұндай шешім дәл тунгус тілді чжурчжэндерге арналған шығар (Цинь китай династиясының – (Авт. еск.) және В. Васильев ойлағандай, оны кидань ұашындары әбден ұсынуы мүмкін (XIX ғ. ортасында – Авт. еск.). Өйткені қытайларға XII ғ. басындағы кидандармен соғысқан сәттерін елестету керек болды, ал оған Монголия көшпенділері өте беделді қатысқан… Тілдік туыстыққа қарамастан жаңа мемлекет үшін Ляо империясына қатысты мұрагерлікті мойындау мүмкін емес еді (Цзиннен бұрынғы Қытайдың монгол тілді династиясы – Авт. еск.). Сондықтан чжурчжэндер Ляомен соғыс кезінде қолданған мангу атауы осы мұрагерлік жөнінде еске түсіре алатын, бірақ сонымен қатар Монгол көшпенділерінің өз өзгешелігін де көрсете алатын…Монголияның бар көшпенділерін біріктірген бұл мемлекеттің басты мақсаты Цзинь империясымен соғыс болғасын, бұл атау соған арналған еді. Бұл ұрысқа шақыру еді, тең статусқа талпыну болатын. Жалпы, әңгіме тек қана мемлекетке байланысты тайпадан тыс жаңа өлшем жасау жөнінде болатын. Бұл талпыныс тұтастай сәтті болмаса да, соның арқасында дүниеге монгол деген жаңа этникалық қауымдастық келді (сонда, 144–145 б.). Жалпы, Әкімбеков ойларының бүкіл бөліктерімен келісуге болады, тек тайпадан тыс қауымдастықтың пайда болуының сәтсіздігін монгол этносының пайда болуынан дегені болмаса. Біріншіден, әңгіме монголдарда емес, ежелгі монголдарда. Екіншісінен, талпыныстың сәтті болғаны сонша, осы тайпадан тыс, таза саяси самоидентификациядан кейін монгол мен қазақтардың қазіргі этносына бөлінген ежелгі монгол суперэтносы заңды дүниеге келді.

Айтпақшы, қазақтар ру-тайпа құрамы, саяси құрылымы, тілі және діні бойынша, ежелгі монголдарға жақын боп шықты, өйткені олар қытайландырылмаған және осы уаққа дейін Құдайын Құдай деп атайды.

Зориктуевтың пікірі бойынша, мангудың бір мағынасы «мықты, күшті» болса, түркі сөзінің жалпылама мағынасы да сол. Ал алғашында мангу «күшті су» мағынасын берген және мангу-л Мангу өзенінің бойында тұратындар деп аударылуға тиіс, яғни Амур мен Аргунидің бассейндерінде. XIX ғ. Васильев «Амурдың төменінде осы уақытқа дейін мангут тайпасы тұрады, олардың аты өзендіктер деп аударылады. Бәлкім, осыдан тек қана мангудтардың даңқты атауы емес ежелгі монголдардың судан қорқатыны да осыдан болар(оларда жауын кезінде суға түсуге, немесе кір жууға тыйым салынған, бұл әдет тіпті Ертістегі кимактарға көшеді. Ахинжанов оларды Маньчжуриядан келген монголтілді си тайпасы деп санаған). Сөйтіп, біз аңыздық Эргэнэ Кун деп тек барлық Амурмен байланыстағы Аргунь бассейнін атай аламыз. Және, бәлкім, тек Маньчжуриядан ғана Монголияға көптеген монголтілді нирун тайпалары көшкен шығар. Әйтсе де, нирундар да, турлигиндер де өздерін Шыңғысханнан бұрын монгол деп атамаған. Ал қытайлардың өзі«Мэн-да бэй-лу» бойынша Шыңғысты және оның қолбасшы ақсүйектерін қара татар деп атаған. Және есіңізде болсын, монголтілдес кидандар сияқты оларды шивей атамаған және тунгустілді чжурчжендер сияқты мән гу деп атамаған. Қытайдың бар тайпалары (кит. Дада): ағы болсын (Ішкі Монгол далаларындағы), қарасы болсын (сыртқы далалардағы) және жабайысы болсын (ормандағы) ерекше түркітілді ру шатодан шыққан, міне, қайда жатыр Қытайдың тарихи қарсыластары ретіндегі түркі мен монгол арасындағы мұрагерлік. Ең жөндісі, Шыңғысхан бүкіл татарды емес, тек осы Шато саяси руын қырған болу керек. Жоғарыда аталған Мэн Хун татарлардан «монголдар (мэн) баяғыда өлтірілген және жоқ боп кетті деген деректі білсе де, Сун шенеунігі Ли Синь Чуань былай деп жазады: «енді татарлар өзін Ұлы монгол мемлекеті деп атайды». Сол сияқты Қытай мен Русьтің оңай батасымен монголдар барлық өзге әлем үшін татарлар боп қала береді. Өздерінің монгол (мангул, могол, могал және мүмкін тіпті моал) өз саяси атауын тек далалықтардың өздері ғана анық білетін болады. Сөйтіп, Монголияның түпкі түркітілді тайпалары турлигиндердің (татарлар, наймандар, керейлер, жалайырлар, кырғыздыр және т.т.) арасында түркі-монголтілді нирундар (баарин, дуклат, мангут, барлас, чонос, әлде, жаныс (?) және т.т.) тайпалары болған, соның арасында тайджуит тайпасы болған, оның арасында әскери көсемдерден тұратын, түркітілді және тайджуиттермен туысқандық емес, саяси байланыстағы қият руы болған. Яғни, тайджуиттер қият руының ұлысын құраған, ал ол «біріншібүкілмонгол» ханы Хабулдан тараған джуркиндерге, чаншуиттерге және ясарларға бөлінген. Көккөз борджигиндердің бөлімі Шыңғысхан әкесінен жасанды түрде және Шыңғысхан казактары тайджуиттерді жаулап алғаннан және осы рудың өзге бөліктерінің ақсүйектері өлтірілгеннен кейін бөлінген. Оны аз десеңіз, Шыңғысхан өз руының ең жақын туыстарын өлтіруге мәжбүр болды. Мысалы, өзі онда құлдықта болған, ал тайджуиттар өзінің «табиғи иесі» санаған, яғни заңды билеуші тұтқан Таргитай Кирилтухты. Міне, сондықтан Шыңғысхан тайджуиттарды, олар оның өз руы болса да, және теориялық түрде ол оларға арқа сүйей алатын болса да, өзге тайпалармен бірге жәй араластырады да, өз монголдарының казак ұлысына қоса салады. Қазіргі көрнекті монголтанушы Скрынникова (сонда, 142 б.) жағдайды қанша қарабайырландырса да, тайджуиттарға қарсы тұрған монгол руы ретіндегі қияттар емес (оларды нукуз, немесе чонос деп те атаған және олардың ежелгі қазақ тайпалар одақтары усун, аргун және алшундармен байланысын әлдеде зерттеу қажет). Монгол болған қияттар емес, одан гөрі Шыңғысхан казактары және тек жалғыз солар тек қана тайджуиттың емес, нирундар және турлигиндердің барлық тайпаларына қарсы тұрған. Қарсытұрушылық өте кең болған және ол этникалық емес, әлеуметтік түрде болды. Шыңғысханның қият болмауы да болар еді, бірақ бәрібір бұл бай ауылдары мен тайпалық курендер арасындағы, барлық қатыгездіктерге соқтыратын азамат соғысы еді. Оның мақсаты көшпенділер цивилизацияның саяси және экономикалық құрылымындағы көшпенділіктің ең жоғарғы деңгейі ретіндегі қазақылықтың билігін орнату еді. Бұл тұрғыда Әкімбеков, Гумилев сияқты, Шыңғысханның сыртында ешқандай тайпалық құрылым болған жоқ дейді және бұл деректің өзі Тәмуджиннің кейін Монгол империясын қалыптастырғанында, оған өзге көшпелі мемлекеттермен салыстырғанда, өзгеше, сирек кездесетін сипат берген дейді. Яғни монголдардың сыртында Гумилевтің «ұзын жігерлі» адамдары тұрды, олар «тайпалық құрылым азғасын» жеке отбасыларымен көшіп отырған және белгілі дәрежеде тайпалармен байланыстарын жоғалтқан (сонда, 147–149 б.). Бұл пікірді күшейту үшін қазақ этногенезінің қазақылық концепциясына сүйіспеншілігі бар деуге келе қоймайтын Иакинф Бичуриннің пікірін келтірейік. «Монгол үйі XIII ғасырда қазірге дейін ол ұстап тұрған халық атауын берген халықтың тайпаларына мүлде жатпайды». Осымен монгол руы Қият Борджигин мен түркі руы Ашинаның қазақы табиғатының ұқсастығы жөніндегі зерделеуді доғарып, ежелгі монгол суперэтносының «жүздік» және «мыңдыққа» бөлінген казактарының ру мен тайпаларға бөлінген ежелгі түрік суперэтносынан айырмашылығына көшуге болады. Әкімбеков Шағатай ұлысына қатысты жазғандай, Шыңғысхан империясының мыңдықтары түрлі көшпелі тайпалардан құралған және Шыңғысхан гвардиясы кешиктендер мектебінен өткен сенімді адамдар басқарған. Ең бастысы, олар түрлі көбінесе Шыңғысхан отбасының сеніміне ие аз адамды тайпалардан болатын, бірақ найман, кереит, татар сияқты Монголияның ірі тайпалары өкілдері өте аз болған, өйткені олар кезінде Шыңғысхан отбасының билігіне жанталаса соғысқан. Содан барлас, жалаир, арғын, хунгират және сол сияқты далалық Монголиядан шыққан мыңбасылар басқарған негізі түркі көшпенділерінен құралған мыңдықтар өз атын соңғылардың тайпалық атауынан алған. (345–347 бб.). Хулагу ұлысының монгол «мыңдықтарында әдеттегі тайпалық орнықсыздық болмаған, олар мемлекет қызметіндегі әскери құрылымдар еді. «Іс жүзінде олар әскер болды, өз көшпелі өмір дағдысын сақтаған мемлекеттің әскери сословиесі… Кейінірек, монголдың басқару жүйесі дағдарысқа ұшырағанда, мыңдықтар қайтадан тайпаларға өзгертілді, бірақ туыстық емес, потестарлық-саяси негізде» (330–331 бб.). Тұтас ру-тайпаның атауынан бұрын мүлде шынайы адамның мүлде өзге аты тұрған немесе, керісінше, бір адамның аты бір тайпаның атына өзгертілген қара сүйектер шежіресіндегі «шатасуды» әбден ұғынықты тарихи негізі мен түсіндірмесі бар екен. Сондықтан, ғылыми әлем қазақ шежіресіне деген скептикалық және ироникалық кекесінді көзқарасын өзгерту керек. Шежірелер өте шынайы, оларды зерттеу мүмкін һәм қажет, олардың шынайылығына жетіп, бір-бірімен сәйкестендіру қажет. Ең қызығы, олар ойдан шығарылған болмаса, онда қазақтың ежелгі монгол суперэтносынан шыққаны жөніндегі қазақылық концепциясын растап көбінесе бізді ежелгі монгол заманы кезіндегі Шыңғысхан, немесе Урусхан жүзбасылары мен мыңбасыларының есімдеріне апарады. Сондықтан, автор өз әкесі И.А. Нұровтан кешірім сұрағысы келіп тұр – көп жылдар бойы дулаттар Шыңғысханның уйсын әскерінің қолбасшысы Майқы биден және Урусхан замандасы Байдыбектен шыққанына сенбегені үшін. Илья Айсаевич өз әкесі Айсаның 1900 жылы туғанынан және бір ғасырда үш буын ауысуға тиісті деген қағидалардан бастаған, сосын, оның ойынша, отыз жеті жаста ата болуға болады. Оның ойынша, біздің академиктер Байдыбекті өте ерте замандарға апарып және оны хан деп атаған жәй сандырақтайды ғана. Әсіресе, ол біздің ұлттық энциклопедияларда келтірілетін тікелей шежірелерге қарсы, өйткені біздің арғы аталарымызда тек бір-ақ ұлдан ғана болған жоқ қой. Қазақ тарихы қарапайым адамдардың ғалымдардан көп білетінінің ғажайып, сирек үлгісі, бірақ олар өзінің мифологиялық дәлелдерін ғылыми негіздеп, ресмилендіре алмайды, ал ғалымдар өте шабан қабылдап, оларды мойындауға және ғылым тілінде олардың шындығын растауға мәжбүр. Және осы кітапты 1995 жылы алғаш шығарып, қазаққа өз тарихын қайтарып бергім тұр дегенде автор қандай аңғал еді… Тарихы әрқашанда олардың өздерінде екен ғой. Әлгі шежірелердегі шатасуды түсіндіру үшін Б.Я. Владимирцов олар туралы былай жазған: «Шыңғысхан империясында ру-тайпалық атаулардың орнына енді мыңдықтарды атауы келіп жатыр. Соңғыларды көбінесе бұрынғы ру аттарымен атаса, кейде, көбінесе, нояндардың, мыңбасылардың атымен атайды. (230 б.). Жалғыз біздің Әкімбековпен келіспейтін жеріміз «Дешті Қыпшақ түркілерінің Монгол империясы құрамына енуінің (интеграциялануының) күрделілігі жөнінде. Оның айтуынша, «егер этникалық құрама бұрынғы, қыпшактікі боп қалса және сырттан келгендердің саны өте аз болса, онда мұндағы барлық өзгерістер этникалық емес, саяси және ұйымдастырушылық өзгерістерге байланысты болды, ал олар, өз кезегінде белгілі аймақтың этникалық тарихына ықпал еткен (курсив автордікі) (сонда, 229 б.).