Менің орта мектептегі еңбек пәнінен мұғалімім Луиза Хейдің[4] кітаптарын қатты жақсы көретін және біркелкі сызықтарды қалай жасау керектігін түсіндірудің орнына бізді бір-бірлеп киім ауыстыру бөлмесіне кіріп, айнаға қарама-қарсы отырып, жүз рет «мен өзімді жақсы көремін» деп айтуға мәжбүрлейтін.
Біз он үш жаста едік, біз махаббат туралы ештеңе білмейтінбіз және өзіміз туралы одан да аз білетін едік, сондықтан тек «өзімізді жақсы көрсек» болды, біздегі жасөспірімдік толықтық ғайып болады, безеулер кетеді және кеуде өседі деп сендіруі мағынасыз әрі оғаш көрінетін.
Мен махаббат туралы бірдеңе түсіне бастағанша әлі көп жыл өтеді. Бұл сөзді шаңнан және қабықтан, әдеби клишелерден және басқа адамдардың басынан өткізген оқиғаларынан тазартамын, жоғалтудың не екенін, жалғыз қалудың қалай екенін, бірінші болып кетудің қандай екенін түсініп, білемін. Кеңістіктің тарылып, кеудені қыса бастайтыны, ал өзімнің ортасынан бастап бір жерде өлуге айналғаным қандай болатынын түсінемін: менде бәріңнің бар екенің қандай керемет; маған ешқайсыңның керек емес екенің қандай өкінішті.
Өзіме деген сүйіспеншілік туралы бірдеңе түсіне бастағанша, өз сезімдерімді қабылдауға, үрей туғызатын нәрсеге ат беріп, үстел астында тізем дірілдеп, өзімді бір қорқақ кейіпкер етіп көрсетпей, егер қорықсам, «қорқамын» деп айтуға үйренгенше тағы біраз жыл өтеді.
Адамның жасы шынымен көп нәрсені жеңілдетеді.
Дәлірек айтқанда, ол – біз есейген кезде жинайтын тәжірибеміз.
Біз ата-анамызды өзіміз ата-ана болған кезде және өзіміз де отбасына қамқорлық ауыртпалығын сезінгенде, әсіресе ақша қажет болғанда, ал жұмыс табу оңай болмағанда жақсы түсінеміз.
Біз баланың көзімен қарағандағы әлем және ересек адамның әлемі екі түрлі Ғалам екенін түсінеміз, өткен шақтағы адамдарға деген ренішке көміліп, өзімізді құрбан санаудың орнына болмаған жағдайды қабылдау, ала алмаған нәрсені жоқтау, бастан кешпегенге күйініп, себептерді іздеу тақырыбын жауып, өзімізді аялаған жөн. Жад жалған айтуы және бұрмалауы мүмкін, ал сіз ренжіту деген ойында да болмаған адамдарға қатты әрі әділетсіз ренжуіңіз мүмкін, себебі «олар қолынан келгеннің бәрін берді – бермесе, демек, қолынан келмеді»[5]. Менің ойымша, жеке тұлғаның дамуындағы күрделі, бірақ маңызды қадам – «мен осылай сезінемін, себебі…» деген тіркесті «мен осылай сезінемін, болды» деп қысқарту және сіз өмір сүріп жатқан жағдайларда және бірге тұратын адамдармен бірге өзін осы жерде және қазір қолдаудың барынша көп тәсілін табуға тырысу.
Өзін аялау сіз басқалардың не ойлайтынына қарамай және сезімдерді жақсы мен жаманға бөлмей, сезілгеннің бәрін сезінуге мүмкіндік беруден басталады.
Бір кездері Элизабет Гилберт[6] фейсбукта жазғандай, егер біз қуаныш сезінсек, ол біз үшін шынайы және анық, біздің қайғымыз да, біреуге деген сүйіспеншілігіміз де солай. Өзімізді сезіміміз басқаша екеніне сендіруге тырысуымыздан ешкім пайда көрмейді. Адам өз шындығымен өмір сүруі керек, өз тұтастығын табудың бұдан жақсы жолы жоқ. Азын таңдағанда біз әлдебір өзге нәрсені таңдаймыз. Біз үшін.
Егер сіз мұңға батсаңыз, бұл – сол сәттің шындығы, оны жоққа шығарудың қажеті жоқ.
Сіздің өзіңізді осылай сезінуіңізге себеп бар: сізді бір нәрсе ренжітті, бәлкім, сіз бірдеңе жоғалтқан боларсыз (ақша, қарым-қатынас, зат, шабыт, демалыс күндеріне жоспарлар, өмір бойғы махаббатыңызды) және сізге бұл жоғалтуға шыдап, күйініп, өзгеріске бейімделуге уақыт қажет.
Қайғыру қара жамылу, ағыл-тегіл жылау және бөлмеден шықпау дегенді білдірмейді. Қайғыру – адамның өзіне жоғалтуды мойындауға рұқсат беруі. Бұл қанша уақыт алатынын болжау мүмкін емес. Бірақ егер өзіне уайымдауға тыйым салса, онда алуы мүмкін уақыттан да көп болатыны анық.
Бұл жағдайда өзін аялау – біраз уақыт қайғыға толы қалтамен жүруге тура келетіндігіне көну. Кеудені жіберген кезде босайды. Бұл – қалыпты жағдай, одан өлмейсіз және бұдан жаман күйге түспейтініңіз анық.
Бұл ретте өзіңізді «уайымдау әсерінен уайымдау» тұзағына түсірмеуге тырысыңыз. Бұл – «әлдебір өзгеше» сезімде болсақ, бізде бәрі жақсы ма деп мазасыздана бастайтын жағдай: қызыға қарағанда, достың сәтсіздігіне қуанғанда, қызғанғанда, ренжігенде немесе жай ғана көңілсіз күйге түсіп, әдемі белсенді болудың орнына масқара болып, жылай бастағанда.
Өзімізді шексіз «ақжарқын адам» бола алмайтын және жақсы ойлай алмайтын адам ретінде танып, көңіліміз бұзылады. Әрдайым жанды жерімізге тиетін дүниелер дайым бар екенін мойындау бізге ауыр тиеді, демек, біз «қажет» деңгейде немесе өзіміз қалағандай емес, отыра қалып, сол жерде жыламау үшін өз күйіміз бен күш-қуатымызға қарай әрекет етеміз.
Бұл – шындық. Сондықтан сезімдердің «орындылығынан» уайымдай бастағаныңызды байқаған кезде дем алып, дем шығарып, жайлап өз-өзіңізге келіңіз. Сізде барлығы жақсы, сіздің уайымыңыз сол сәтке байланысты, одан ұялудың немесе оны тым әсірелеудің қажеті жоқ.
Бір күні сүйікті адамға жеккөрінішпен қарау қорқынышты емес, өзіңізге оған деген сүйіспеншіліктен басқаны сезінуге жол бермеу қорқынышты.
Сезім дегенде мінез емес, әрдайым «қазіргі» жағдай ойға келеді. Егер сіз ашулансаңыз, бұл сіздің қандай адам екеніңізді көрсетпейді, бірақ не болып жатқаны жайында көп хабар береді. Бәлкім, сіздің шекараңыз бұзылған болар. Немесе сізге қымбат нәрсе бағаланбай жатқан шығар. Болмаса ұзақ уақыт демалмағаныңыз сонша, денеңіз «жауынгерлік әзірлік» режиміне ауысып, енді тіпті бұтақтың көлеңкесінің кішкене қозғалысына да «Жау!» деген пәрменмен жауап береді.
Қорқынышта да сондай. Егер сіз қорықсаңыз, бұл сіздің қорқақ екеніңізді білдірмейді. Тек ойдан сезім жүйрік, сондықтан да не болғанын өзіңізге түсіндіріп үлгергенше қауіпті тезірек сезінесіз. Бұл туралы жақсы сөз бар: егер сізге бірдеңе дұрыс емес сияқты көрінсе, онда жай солай көрінбеуі әбден мүмкін.
Егер сіз аш болсаңыз, әлсіресеңіз, шаршап-шалдықсаңыз, балалар тудырған бейберекеттікті көргенде өзіңізден буддистік байсалдылықты күтудің мәні жоқ. Ашу сізді ит мінезді деуге дәлел бола алмайды, бұл дәл қазір сіздің әбден титықтағаныңызды білдіреді.
Біз басқаларға олар ақтай алмайтын үмітімізді жүктеген сайын күткен нәтижелер қақтығысы туындайды. Нәресте анасының ұйқысын қандырғысы келетінін түсінбейді. Күйеуі адам ойын оқи алмайды, әйелі не жайында үндей қалғанын білмейді. Сын айтып үйренген құрбыңыздан жанашырлық пен қолдау күтудің пайдасы жоқ. Олардың барлығы өз жасағандарын жасайды, қасақана емес, басқаша істей алмайтындықтан. Бұл жерде оларда бірдеңе дұрыс емес деуге келмейді, біздің күткен үмітіміз дұрыс емес (баса айтып өтейін: біз емес, үміттеріміз).
Оқиғаларды дамытудың тағы бір нұсқасы – сізге не сезінуіңіз керектігін айтатын немесе сіздің реакцияңызды мінейтін жағдай: «Жұмыстан шыққаныңа қалай қуана аласың? Барлық жөні дұрыс адамдар сияқты үрейден қатты қобалжуың керек!»
Есімде, мен бірінші некеден әдеттегі қайғы немесе мұң сезімдерімен шықпадым (олар болды, бірақ аясында ғана) – мен ажырасуға ашу кернеген күйде бардым. Егер «жай ғана» мінезіміз келіспесе немесе махаббат ұзақ уақыттан кейін шаңға айналса, мен ашулы болар ма едім.
Мен ашуландым, өйткені менің ұзақ уақыт бойы салған, көп жылдар бойы уақыт, күш, ақша және жалпы өткен өмірімді жұмсаған нәрселерім ретімен және тоқтаусыз күйреп жатқанда өзімнің дәрменсіздігімді сезіну маған ауыр тиді.
Бірақ мен бұл сезімдердің «сәйкессіздігінен», олардың орынсыздығынан, кейбіреулер үшін «ұсқынсыздығынан» қорқып, әлдебір сезімдерді сезінуден бас тартуға үзілді-кесілді қарсымын. (– «Мен сені сүйемін». – «Рақмет». – «Бұл мен күткен жауап емес». – «Көп рақмет?»[7]).
Сен: «Маған ауыр тиюде» дейсің, саған: «Жоқ, саған… емес» деп жауап береді. Саған ауыр тимейді. Сен қорықпайсың. Өзіңді нашар сезінбейсің. Сен шаршаған жоқсың. Бұл – даңқойлық, сарбаздай бол, сабыр ет, есіңді жина. Ал сен есіңді жинайсың. Бір рет, екі, үш, төрт, бес, он сегіз рет, қырық үш рет ес жинайсың. Шынымен қалай қатайғаныңды және күштірек бола түскеніңді, терің қатқылданғанын, сауыт-сайман пайда болғанын сезінесің. Бұрын тірі және жылы болған жерде суық бос орын пайда болады.
Бір күні енді өзіңнің де біреуге «саған ауыр тимейді», «сен қорықпайсың» деп тұрғаныңды байқайсың. Сен сенбейсің және өзіңе қарап өлшемейсің, ал бұл өлшем аз, ал сенбеушілік болмашы ғана. Саған бақытсыздықпен келген екінші адам онымен жалғыз және қайғырып қала береді.
Маған адамдардың «Не болды?» деген сұрақтың жауабын естігеннен кейін «Неге сонша қиналасың, қиналатын нәрсені тапқан екенсің!» дейтіні мүлде ұнамайды.
Біріншіден, кез келген адам болған жағдайды өзі бастан өткергісі келгендей өткеруге құқылы, өйткені ол қайғы-қасіретін не жеңілдететінін жақсы біледі. Екіншіден, мұндай сөздер оның оқиғаларды дұрыс қабылдау қабілетіне күмән туғызады, өзінің тұрақты координаттар жүйесі бар ересек адам позициясынан не болып жатқанын объективті бағалау үшін өмірлік тәжірибесі жетіспейтін бала позициясына ауыстырады. Үшіншіден, ешкім дәл сондай дәрежеде қиналмайынша ешкімге «бойыңды еркін ұста» деп айта алмайды. Кім жоғалту сезімін бастан өткерсе, болып жатқан жағдай өзіне қалай ауыр тигенін, қанша күш жұмсағанын біледі. Адамдар көңіл көтергеннен қайғырмайды.
Мелоди Битти өзара тәуелділік туралы өзінің әйгілі «Құтқару немесе өзін құтқару» кітабында былай деп жазған: «Өзіңізден, қажеттіліктеріңізден, қалауыңыздан, сезімдеріңізден, өміріңізден және өзіңізді құрайтын барлық нәрседен бас тартуды тоқтатыңыз. Әрдайым өзіңізге қамқорлық жасау туралы шешім қабылдап, соны ұстаныңыз. Біз өзімізге сене аламыз. Біз өмірімізде кездесетін кез келген оқиғаны, мәселені және сезімді жеңе және соларға бейімделе аламыз. Біз өз сезімдеріміз бен пайымымызға сене аламыз. Біз өз мәселелерімізді шеше аламыз. Біз шешілмеген мәселелерімізбен де өмір сүруді үйрене аламыз. Біз өзіміз сенім артып үйреніп жүрген адамдарға – өзімізге сенуіміз керек»[8].
Кейде тез әсерленбеу – әлсіреудің немесе сезімді саналы түрде басып-жаншудың дәлелі емес, жан құрылымының ерекшелігі. Өзіңізді сезімсізбін немесе суықпын деп кінәлаудың және шынайы өмірді ақжарқын күйде сезінуге мәжбүрлеудің қажеті жоқ: эмоциялардың «сапасы» олардың көріну дәрежесіне байланысты емес және қуаныштан секіру биіктігімен немесе көз жасына толы шелек санымен өлшенбейді.
Құштарлықпен, діріл сезініп және бас айналарлықтай сүю – қалыпты жағдай, олай сүймеу де – қалыпты жағдай.
Өзін аялау – бұл біреудің қорабына қызығудың орнына жеткізілген құралдары бар өз қорабын бағалауды үйрену. Онда ұсақ-түйектерден үлкен нәрсені көруге мүмкіндік беретін үлкейткіш әйнек бар. Екіншісінде – артықты кесіп тастау үшін балта бар. Үшіншісінде – айналасындағының бәрін өлшейтін өлшеуіш, төртіншісінде – бояуларды қоюлатуға арналған тамаша құрал. Қорапта эмоцияны күшейткіштің болмауы да – қалыпты жағдай. Бұл – сіздің жарамсыздығыңыз емес, ерекшелігіңіз.
Біздің көпшілігіміз үшін өзімізге «келеңсіздік» сезінуге жол беру және оған ештеңе істемеу, өзімізді жөндеуге тырыспау немесе ұялып жасырыну – нағыз жұлдызшалы бар міндет.
Кейде біз сезімдерден гөрі, олардың әсерінен болуы ықтимал, кенеттен және ойланбай жасалған әрекеттерден, отапышақ сияқты өткір сөздерден қорқамыз. Кейін оның салдарымен: бұзылған қарым-қатынастармен, ұзаққа созылған жанжалмен, әрқашан жылы шырайлы әрі сабырлы адамның беделінен айырылуымен күресу қажеттігі қорқынышты.
Тұңғиықтағы шайтандарды дүрліктіруден қорқу тұрақты бір некелі қарым-қатынаста болған кезде біреуге сырттай жыныстық қызығушылық танытудан қорқуға ұқсас. Бұл опасыздыққа тең тәрізді және қарым-қатынаста проблемалар бар екенін көрсететіндей. Олай емес. Біреуге кенеттен пайда болатын қызығушылықты ерік-жігермен тоқтату неғұрлым жиі болса («қараушы болма!», «қызықтаушы болма!», «көргенің саған ұнайтынын құптаушы болма!»), ұзақ уақыт тежелген кернеудің бір күні атылып, нағыз опасыздық болу немесе қалаудың оның ішінде өз серіктесіне де қатысты мәні жоғалу ықтималдығы соғұрлым жоғары. («– Барға барайық! – Барға баруға болмайды. – Балық аулауға барайық! – Балық аулауға болмайды. – Үйленгеніңе өкінбейсің бе? – Өкінуге болмайды!»[9]).
Жыныстық қызығушылық пен опасыздық арасында көптеген аралық шешімдер мен нақты әрекеттер бар. Қозуды сезіну, бірақ оны үйге әкелу – қалыпты жағдай.
Адамның ішінде қандай сезімдер пайда болатынына әсер ету мүмкін емес. Ерік-жігермен өзіңнің көңіліңді суытуға мәжбүрлеу немесе опасыздықтан азап шегуді тоқтату мүмкін емес. Жақсы жаңалық:
бізде кез келген сезімді жеңу үшін әрдайым күш бар.
Олардың ешқайсысынан өлмейміз, әйтпесе олар табиғатта болмас еді.
Энн Ламотт жазғандай, «бір орында отырып, тыныш қана күлімсіреп шындықты таба алмайсың. Қайғы, жоғалту, ашу – шындыққа жету жолындағы қадамдар. Біз оған құпия бөлмелеріміз бен көптен бергі қорқыныштарымыз, бізге аулақ бол деп бұйырылған барлық ну тоғайлар мен бос жерлер арқылы барамыз. Сол жерге аяқ басқан кезде айналамызға қарап, дем алып, көргендерімізбен үйлесіп сала береміз, сол кезде дауыс шығады. Дәл осы сәт үйге оралу деп аталады»[10].
Күшті сезімдер болған сәттердегі ең қиын нәрсе – тыныс алуды ұмытпау. Адреналиннің денеге жайылғанын сезіну, бірақ саналы түрде өзіне тына қалуға, болып жатқан жағдайдан бөлінуге жол бермей тыныс алу.
Менің тәжірибем көрсеткендей, бұлшықеттер ұйып қалу күйін жақсы есте сақтайды, содан кейін денені тұзды бағанаға айналдыратын тоңазу әсерін азайту үшін ұзақ уақыт босаңсытатын дене жаттығулары қажет. (Бұл тұрғыда мені мәңгі мұзды аймақтарда мекендейтін сібір бұрыштісті таң қалдырады. Бұл кішкентай баяу жүретін құйрықты бақа ондаған жылдар бойы (!) жартастың жарықшағында жатып шығуға қабілетті, ал күн сәулесіне шыққанда еріп, өз ісімен қуана жорғалап кете береді. Тіпті қызығарлықтай.)
Эмоционалды «қатудың» зиянын бақшадағы жас өскіндерге көктемгі тоңазу тигізетін залалмен салыстыруға болады. Өсімдік жасушаларындағы су мұзға айналып, жасуша құрылымдарын бұзады да, кеше ғана кәді өсіруді жоспарлаған жерде солған жасыл қоймалжың ғана қалады. Бойымызға реніш, қорқыныш, бастан кешкен азапты ұстап, біз де солай істейміз: ішімізде мұз түйіршіктерін алып жүреміз, солардан жараланамыз.
«Шаршау» кітабында апалы-сіңлілі Эмили мен Амелия Нагоски[11] денеміз өзіне қауіп төніп тұрған кезде сезінетін күйзеліс реакциясы туралы айтады. Орманда қасқырмен кездесу, ретсіздік аймағына түсу, метрода бейтаныс адамның ерсіз жүріс-тұрысы немесе дөрекі жүргізушінің жолда «қиялай өтуге» тырысуы – мұның бәрін дене қауіп ретінде қабылдап, ол өзіне қорғануға көмектесу үшін лезде өзіне күйзеліс гормондарын толтыра бастайды.
Авторлар: дені сау әрі бақытты болу үшін күйзеліс реакциясы циклін міндетті түрде аяқтау қажет, сонымен қатар ақыл-ойда емес, белсенді әрекеттермен аяқталуы керек. Яғни, «қорықтық, ұмытып кеттік, әрі қарай жүрейік» деген өзін-өзі иландыру тактикасы – зиянды тактика. Егер сіздің қолыңыз, аяғыңыз дірілдеп, жүрегіңіз атқақтай соғып тұрса, құлақ шуылдап, ішіңіз бүріп, қысым көтеріліп, көзіңіз үңгіржолдағыдай тек алдындағысын ғана көрсе, денені «жақсы, достым, енді бәрі жақсы, бойыңды еркін ұста» деген сөйлеммен тыныштандыра алмайсыз. Ішіңізді ашу кернеп тұрса да, жай ғана сүйкімді күлімсіреп отырғанда немесе сізге айқайлап жатқан кезде және одан да қатты агрессияға ілікпеу үшін бірдеңе деп жауап беруден қорықсаңыз, ағза лифт болатарқаны үзілген кездегідей күйзеліске ұшырайды.
Нагоскидің айтуынша, күйзеліс реакциясы циклін аяқтаудың ең тиімді әдісі – денеге ауырлық түсіру. Бұл – «ағзаға қауіп-қатерден аман қалғаныңызды және денеңізде қайтадан қауіпсіз екенін білдіретін өзіндік бір белгі»[12].
Бұл ақпаратты алғанға дейін көп уақыт бұрын, мен, бәлкім, сіз де түскен күшті жазу және үрейді жеңу үшін қозғалыс пен спортты түйсікпен қолданған шығармыз.
О проекте
О подписке