Ақша – бұл айырбасқа арналған әмбебап тауар, және кез-келген тауар ретінде ақшаның өз құны бар.
Сенің есіңде болар, алғашқы таңба басылған кесек метал ақшалардың құнын сол металлдың өз құны анықтаған. Яғни, ақшаның бағасын оңай анықтауға болатын. Металлдың салмағы бойынша бағасы = тиынның құны.
Уақыт өте келе, ақшаны өндіру құны тиындарда белгіленген нақты өзіндік құнынан қымбатырақ бола бастады. Мысалы, алтын сом өніміне алтын және жұмысына бір жарым сом жұмсалған. Яғни, тиын өзінде белгіленген бағадан көбірек тұратын болды. Адамдар осындай айырмашылықты қолданып, ақшаны металлға қайта балқыта бастады. Ақшаны балқыту құнын тиындарға басқа металлдар косып азайтуға тырысты, бірақ сонда да өндіру құны қымбат болды.
Амал табылды, ол – қағаз ақша. Бірақ адамдар құны тек сурет болып салынған ақшалардың шынайы екеніне сену үшін не істеу керек? Мемлекет кез келген уақытта қағаз ақшаны алтын және күміс тиындарға ауыстырып алуға болатынына кепіл берді. Осы күнге дейін мемлекет шығаратын қағаз ақша сол мемлекттің алтын қорымен кепілденеді. Яғни мемлекет оның капиталымен кепілденетін ақша көлемін өндіреді және ол оның құнын анықтайды.
«Банкнота» сөзі ағылшынша «bank note» сөзінен «банктік жазба» деген мағына білдіреді. Банкнотаның мәні – бұл банкінің шынайы ақша беру міндеттемесі, яғни, іс жүзінде банкнотаның құны жоқ. Бірақ мемлекет белгілі бір аймақта барлық азаматтарға банкнотаны заңды төлем құралы ретінде қолдануға міндеттейді.
Неге ақша арзандайды не қымбаттайды?
Ақшаның құндылығына шығарылған ақша белгілері мөлшері, мемлекеттің экономикалық жағдайы, еңбек құны және басқа да факторлар әсер етеді.
Ақшаның қанша тұратынын қалай түсінуге болады?
Әр мемлекет өзінің ақша белгілерін өзінің атымен шығарады. Ақша құнын түсінудің ең оңай жолы – бұл бір елдің ақша құнын басқа елдің ақша құны ара-қатынасын салыстыру. Бұл валюта бағамы деп аталады. Ақша – валюта. Құнындағы айырмашылық – бағам.
Мысалы, бүгінгі күнде 1 теңге = 0,0029 АҚШ доллары. Ал 5 жыл бұрын 1 теңге 0,0065 АҚШ доллар тұрды. Яғни, 1000 теңгеге 6 доллар сатып алуға болатын еді. Қалай ойлайсың не жағдай орын алды? Теңге құны азайып, ал доллар құны арта түсті.
Әдетте бағам салыстыру әлемдегі ең көп қолданылатын валюталармен жасалынады, олар:
Және де ақша құнын алмасу мүмкіндігіне немесе сатып алу мүмкіншілігіне қарай анықтауға болады. Мысалы, 100 теңгеге 1 бөлке нан алуға болады. Немесе бір теңге бір сағыз тұрады.
Егер 2000 жылы 100 теңгеге 3 бөлке нан, ал 2010 жылы 100 теңгеге 1,3 бөлке нан алуға болатын болса, қалай ойлайсың не жағдай орын алды? Дұрыс, теңге арзандады, ал нан қымбаттады.
Сұрақтар
1. Ақшаның бағасы бар ма?
2. Ақшаның қанша тұратынын қалай түсінуге болады?
3. Валюта бағамы дегеніміз не?
4. Қандай валюталарды білесің?
20 фунт жылдық табысыңда шығысың 19 фунтов 96 пенс болса – бұл бақыт. 20 фунт жылдық табысыңда шығысың 20 фунт 6 пенс болса – бұл кедейлік.
Чарльз Диккенс
Мүмкін сен бай болғың келетін шығар? Бірақ байлық не екенін сен түсінесің ба?
Мысалы, менің он екі жасар қызым бұл сұраққа бай адам ақшасы көп адам деп, ал қаншалықты көп деген сұраққа ойланып: миллион доллар деп жауап берді.
Бұл анықтама дұрыс емес. Мүлдем дұрыс емес деп айтуға болады.
Байлықты белгілі бір ақша көлемімен анықтау өте қиын. Біреу үшін байлық ол – 100 доллар. Мысалы, Африканың көптеген елдерінің тұрғындары күніне 1 доллармен күн көреді және де әрине оларға 100 доллар 100 күн көруге болатын үлкен капитал. Ал біреуге миллион доллар да мүлдем көп ақша емес.
Адамның байлығын, нақтырақ айтатын болсақ, ауқаттылығын анықтау оның табыс және шығыс көздерін ойға ала тұрып бағалаған дұрыс.
Мысалы, адам айына 50 000 ақша табады, бірақ 40 000 теңге жаратады, мұндай адамды толықтай бай адам деп атауға болады, өйткені оған керектінің бәріне оның қаржысы жетеді және тіптім кішкене қалады.
Егер адам миллион теңге ақша тауып, бірақ бір жарым миллион теңге ақша жаратса, қалай ойлайсың ол адамды бай адам деп атауға бола ма? Дұрыс, олай атауға болмайды.
Адамның табысы оның шығысынан көп болған жағдайда ғана оны бай не ауқатты деп есептеуге болады. Ал адамды кедей деп табысы шығысынан аз болғанда атауға болады.
Яғни адамды кедей не бай деп оның табысы мен шығысын толықтай талдап шыққаннан соң ғана айтуға болады.
Сонымен, бай адам бұл – өзіне ұнайтын өмірге лайық, жеткілікті табысы бар адам.
Қызықты деректер:
Егер сенің 4000 АҚШ доллар жинағын болса, сен біздің елдің 50% тұрғынынан байсың.
Егер сенде 75000 АҚШ доллар бар болса, сен әлемдегі ең бай адамдардың 10% кіресің.
Кез келген нәресте жер бетіндегі екі миллиардтан (барлығы шамамен 7 миллиард) астам адамға қарағанда бай, өйткені оның қарыздары жоқ.
Сұрақтар
1. Адамның қымбат және әдемі машинасы бар, алайда ол оны 10 миллион теңгеге кредитке алғанын және де кредитті 10 жыл бойы төлейтінін, ал жинаған жинағы 10000 теңге ғана екенін білдің. Қалай ойлайсың бұл адам бай ма? Қалай ойлайсың мұндай затты сатып алудың пайдасы бар ма?
2. Тау соқпағында лашықта тұратын дәруіш-гид тек көкөністермен тамақтанып, 10 жыл бұрын секонд-хэндта сатып алған киіммен жүреді. Ай сайынғы табысы 150 000 теңге. Ал өмір сүруіне ай сайын 50 000 теңге ғана жаратады. Жыл бойына жинағы 1 200 000 теңге болды. Қалай ойлайсың бұл адам кедей ма? Неге?
Баға – бұл барлық заттың өлшемі.
Константин Кушнер
Сен өміріңде неге бір зат екінші затқа қарағанда басқаша бағада тұратынын ойланып көрдің бе?
Кез келген заттың бағасы екі нәрсеге байланысты:
– Материал
– Еңбек
Материал – бұл біз ұстап, сипап, көріп және сезе алатын нәрсе.
Еңбек әр-түрлі бола алады, ол адам жасаған жұмыс және де машина жасаған жұмыс болу мүмкін.
Бірақ! Ешқандай да мінсіз машина адам бақылауынсыз жұмыс жасай алмайды, яғни, кез келген машина еңбегіне адам еңбегі қосылады.
Мысал
«Сникерс» шоколадты батончигін алайық.
Ол жасалынған материал: какао, жаңғақ, карамель.
Батончикті дайындау үшін кеткен еңбек: какао-атбас бұршақтарды, жаңғақты, қант құрағын өсіру. Жинау, тасымалдау, сақтау. Шоколадты, карамельді жасау, формаға құю. Бұның барлығы машинамен жасалынады, яғни машинаның еңбегі. Машинаны және барлық бизнес процесстерді еңбек етуші адам қадағалайды.
Сонымен, қосайық материал + еңбек = шоколадты батончик!
Күрделірек мысал
Электрондық кітап.
Қалай ойлайсың кітап жасағанда материал қолданыла ма, әлде тек еңбек қана бар ма?
Негізінде электрондық кітапта да материал қолданылады. Бұл материалды автор еңбегімен жасалынады. Кез келген материалды жасау әрдайым еңбекпен бірге жүреді. Тап осы жағдайда материал – автор жазған текст.
Электрондық кітап жасау үшін авторлық еңбекпен жасалынған ғана материал аз болады. Материалға кітапты цифрлау, иллюстрациялар жасау, электрондық үстеме жасау сияқты қосымша еңбектер қосылады.
Сонымен, қорытындылап келсек:
Материал + еңбек = электрондық кітап.
Мына заттардың құны неден тұратынын ойланып жауап бер
– Iphone. Жақсылап ойлан, неге Iphone онымен фунцкионалы бірдей басқа ұялы сымтетіктерге қарағанда қымбат тұрады?
– Сенің сүйікті онлайн ойынның?
– Нанның?
Өмірді бүгін сүр. Ертең қымбатқа түседі.
«Pan American» авиакомпаниясының жарнамасы
Алдыңғы тарауларда айтып кеткендей, ақша – бұл айырбас үшін арналған тауар. Ал кез келген тауардың, сонымен қатар ақшаның да өз құны бар. Ақшаның құны да кез келген тауардың құны сияқты өсу де төмендеу де мүмкін.
Инфляция – бұл ақшаның құнының төмендеуі. Дефляция – ақша құнының артуы.
Ақша қалай арзандауы мүмкін? Инфляция қалайша білінеді?
Мысал:
Сенде 200 теңге бар. 2016 жылдың жазында сен 200 теңгеге 2 батончик «Сникерс» ала аласың. 2017 жылдың қысында сен дүкенге бардың және енді сол 200 теңгеге сен тек 1 батончик «Сникерс» ала аласың. Қалай ойлайсың, не жағдай орын алды? Ақша арзандады, яғни инфляция орын алды.
Ақша құнының өзгеруі мемлекетте өндірілетін маңызды азық-түліктердің бағасына, халықтың мемлекетке төлеген салықтың соммасына және де басқа көптеген факторларға байланысты. Қаржы сауаты бар адам өз ақшасын сақтап қалу және табыстарын бақылау үшін әрдайым инфляцияны бақылап отырады. Әр түрлі дереккөздерде инфляция бойынша әр мемлекеттің болжамдары жарияланады.
Егер табыс көздерінің өсімі инфляцияға қарағанда аз болса, сен алған табыс оған дейін болған табысқа қарағанда аз деген сөз. Яғни шынайы табыс сен күткендегіден аз болады.
Мысал:
2017 жылдың басында сенің еңбекақың 100 000 теңге құрады.
2017 жылдың соңына қарай инфляция 10% құрады, ал сенің еңбекақың баяғыдай болып қалды. Бұл 2017 жылдың басында сенің еңбекақың 100 000 теңгеге тең болса, жылдың соңында сенің еңбегін10%-ға арзанырақ болып, яғни 90 000 теңге тең болады.
Қызықты дерек:
Тарихта болмаған инфляция Зимбабведе 2009 жылы болды. Жылдық инфляцияның пайызы 321 миллион құрады. Зимбваваде болған инфляцияның жалғыз артықшылығы ол мемлекет тұрғындары оңай триллионға дейін санап үйреніп алды, себебі мемлекет 100 триллион зимбабве долларлық купюрасын шығарды!
Есеп 1.
Сен Африкаға 2021 жылға саяхат жоспарлап қойдың, сапардың бағасы 1800 АҚШ долларға шығады. 1 АҚШ доллары 330 теңге тұрады. Бұл сомманы жинау үшін сен 3 жыл бойы ай сайын банкке 16000 теңгеден, яғни 50 АҚШ доллардан саламын деп шештің.
Жыл сайынғы инфляция 5% құрады және доллар бағамы авиабилет сатып алатын уақытқа келгенде 1 доллар 400 теңгеге тең болды. Теңге жиналған ақша саған Африкаға саяхатқа жете ма?
Есеп 2.
Сенің 120 000 теңге тұратын бір зат сатып алу арманың бар. Өзің не екенін ойлап тап. Сомма үлкен болғандықтан оны әке – шешеңмен бірге жинаймыз деп шештіңдер. Анаң саған ай сайын 10 000 теңгеден тәртіпті болғаның және үй шаруасында көмектескенің үшін беріп тұруға уәде берді. Бір жылда (12 айда) мемлекетте 10% инфляция болды. Қалай ойлайсың ынталанып жинаған 120 000 теңгеге армандаған затыңды ала аласың ба? Сен армандаған зат жылдың соңында қаншадан болады?
Сен өз ақшаңды басқарасың, не олардың жоқтығы сені басқарады
Дэйв Рэмси
Әрбір қаржыдан сауаты бар адам қаржысы оны емес, ол қаржысын бақылағысы келген жағдайда, өзінің шынайы табысын түсіне білу керек. Сенің шынайы табысың – бұл инфляция шегерімінен кейінгі қалған қаражат.
«Номиналды» және «нақты» деген терминдерсіз инфляция зардаптарын түсіну мүмкін емес.
Номинал – латыншадан «nome» – есім, не «nominalis» – атаулы – бұл нақты цифрлармен таңбаланған баға. Былайша айтқанда, купюр АТАУЛАРЫ. Мысалы, біз номиналы 100 теңге купюра туралы айтайық. Инфляция нәтижесінде купюра «жүз» цифрімен қалады, және де оның аты сақталады, бірақ онымен сатып алатын зат азаяды. «Тек аты болмаса…» – деп айтатындай.
Мысал.
Сен банкке 100 000 теңге салдың және де банк шарттары бойынша ол саған жылына 10 пайыз төлейді. Яғни сенің ақшаң саған жылына 10% табыс алып келеді, ал бұл толықтай он мың теңге! Жақсы пайыз, ештене айта алмайсың. Тіптім, барлық бизнес инструменттері және жеке бизнес жылына мұндай табыс алып келе алмайды. 10% жылына – бұл 10 000 теңге. Осы 10% және 10 000 сомма табыс номиналды деп аталады, былайша айтқанда тұрақты, алдын ала келісілген нақты цифрлар. Бірақ жыл бойы елде болған инфляцияға кішкене қарайық…
Ресми дереккөздерде жыл бойы болған инфляция 9% құрады. Қалай ойлайсың қорытындылай келгенде сен қанша ақща таптың?
Ең қарапайым есеп: номиналды табыс минус инфляция = нақты табыс. Сонымен, номиналды табыс 10% минус инфляция 9% = және күтпеген нәтиже, сенің табысың тек 1%, яғни 1 мың теңге. Осы мың теңге сенің нағыз нақты табысың болып табылады.
Қалай бұлай болды? Міне, осылай.
Шыны керек, мұндай инфляцияда сен ақша таппақ түгіл шығынға ұшырадың. Себебі шотқа салынған 100 000 теңге мынадай инфляцияда өз құнын жоғалтты. 100 000 теңгенің шынай құны жылдың соңында 91 000 теңгеге тең болды. 100 000 теңге (номиналды құны) минус 9% инфляция = 91 000 теңге нақты ақшалай қаражат.
Сенің қолында цифрлық мағынада ақша көлемі сондай болып қалды, яғни қолыңда 100 000 теңге қалғаны түсінікті. Және де пайыз ретінде банк беретін 10 мың теңге, барлығы жүз он мың теңге. Бірақ бұл ақшаға сен жыл басында құны 92 000 теңгеге тең болған тауар мөлшерін ала аласың, сол себепті «нақты» деген сөз қолданылады. Ұғып алдың ба?
О проекте
О подписке