– Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отыр екен, ...➤ MyBook

Цитата из книги «БIР УЫС МАҚТА»

– Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отыр екен, шешесi қасына отырып, ақыл айтты: – Балам, дүниедегi жаратылған жанды-жансыздардың ешқайсысының да керексiз болып, жерде қалатыны болмайды, – деп. Сол сөздi айтып отырғанда, қыз бала киiмiн жамап болып, жердегi мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады: – Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегi бола қалмас, – деп. Шешесi: – Балам, сол да жерде қалмайды, – дедi. Осылайша сөйлесiп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтерiп ұшырды, мұны бiр торғай көрiп қуып барып, мақтаны тұмсығына тiстеп қана алып, ұшып кеттi. Қыз әжесiнен: – Манағы мақтаның қиқымын бiр торғай алып кеттi, оны неғылады? – деп сұрады. Әжесi айтты: – Көрдiң бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздiң келгенiн. Ол кiшкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етедi, – дедi.
14 января 2020

Поделиться

Бесплатно

5 
(5 оценок)
Читать книгу: «БIР УЫС МАҚТА»

Установите приложение, чтобы читать эту книгу бесплатно