Читать бесплатно книгу «БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ» Ыбырая Алтынсарина полностью онлайн — MyBook
image
cover

Ыбырай Алтынсарин
БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ

БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ

Асан деген бай баласы, Үсен жарлы баласы – екеуi құрдас екен. Бiр күнi ел көшкенде қыр астында ойнап жүрiп, ескерiлмей, екеуi жұртта қалыпты. Бiр мезгiлде үйге баралық деп келсе, ауыл жоқ, құр жұрты жатыр. Асан айқай салып, жылай бастады, Үсен ойланып тұрды да айтты:

– Жылағанмен еш нәрсе өнбес. Көшкен ауылды iздеп табалық.

Жұртта бiр көзi сынған ине жатыр екен, оны алды және бiр пышақтың сынығын, бiр-екi уыстай қыл та-уып, оны да алды. Сонан соң ауылдың жұртын айнала жүгiрiп жүрiп, көштiң кеткен сүрлеуiн тауып, сол сүр-леуге түсiп жүре бердi.

Бiраз жер өткен соң сүрлеу екi айрылды. Мұны көрiп Асан жылай бастады:

– Ендi қайсысына түсемiз, – деп, Үсен қарап жүрiп, бiреуiне түстi:

– Мынау сүрлеу, бүгiн жүрген көштiң сүрлеуi екен – малдың жас тезегi бар, – дедi.

Бiраз жер жүрген соң Асан қарным ашты деп жылады. Үсен үндемей келе жатса, екеуiнiң алдынан бiр үйрек ұшып, ұзамай қасына қонды. Асанның онымен iсi болмай жүре бердi. Үсен жүгiрiп барып сипалап жүрiп, үйректiң орнынан алты жұмыртқа тапты. Асан қуанып жұмыртқаны алайын деп едi, Үсен алдырмай:

– Жолдан адасып көп күн жүрсек, бiзге тамақ, керек болар, үйректi де ұстап алайық, – дедi.

Асан айтты:

– Қалай ұстаймыз? Үсен:

– Мен әкемнiң ұстағандарын көрiп едiм, – деп, манағы жұрттан тауып алған қылдан есiп тұзақ iстедi де, оны апарып үйректiң ұясына құрды. Мұнан соң Асанды шақырып алып, екеуi бiр таса жерге, қалың шөптiң арасына барып жатты. Көп ұзамай-ақ үйрек қайта ұшып, жан-жағында адам көрiнбеген соң, ұясына келiп қонды. Бiтегенеден соң Үсен түрегелiп, жүгiрiп ұяға барып едi, үйрек ұша алмай далбырлады да қалды; қараса, үйрек мойнынан тұзаққа iлiнiп қалған екен.

Үйректi Асан:

– Тiрi алып, ойнап баралық, – дедi. Үсен айтты:

– Жоқ, әкем: үйрек, қаз адал құстар, мұқтаждықта құдайтағала бұларды адамға алып, тамақ етуге бұйырады, бiрақ тiрiлей байлап-матап әуре ету обал деп айтушы едi, әуре етпей бауыздап алалық, – деп, манағы жұрттан тауып алған пышақтың сынығымен бауыздап алды.

Конец ознакомительного фрагмента.

Бесплатно

4.5 
(24 оценки)

Читать книгу: «БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ»

Установите приложение, чтобы читать эту книгу бесплатно

На этой странице вы можете прочитать онлайн книгу «БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ», автора Ыбырая Алтынсарина. Данная книга имеет возрастное ограничение 12+, относится к жанрам: «Cтихи и поэзия», «Зарубежная старинная литература».. Книга «БАЙ МЕН ЖАРЛЫ БАЛАСЫ» была издана в 2017 году. Приятного чтения!