Айна көлдің суы күміс, Жұбай аққу көркі еді, Көрсе көз...➤ MyBook
image

Цитата из книги «Аққудың айырылуы»

Айна көлдің суы күміс, Жұбай аққу көркі еді, Көрсе көзің алар тыныс, Екі сəулем ерке еді.     Көлдің басы ертелі-кеш, Мың құбылған əн еді. Екі ғашық ертегідей, Көлдің көркі – сəні еді.     Жүргенімде елге келіп, Ешкімді ертпей қасыма, Кетуші едім көлге келіп, Біраз жатып басында.     Көз жіберіп айна көлге, Жағасында жатушы ем; Төсімді ашып жібек желге, Рахатына батушы ем.     Келуші едім анда-санда Саясатсыз тұрмысқа; Біраз тыныштық беріп жанға, Демалуға – тынысқа.     Бір күн ерте айна көлдің. Күйін тыңдап, жағалап; Бір ғажабын жəне көрдім, Қарап жатып жағада.     Кең айнадан өзін көріп, Құстар билеп, ойнайды: Су түбінен маржан теріп, Сүңгіп терең бойлайды.     Көлді қорып, байғұс қызғыш Қыңқылдайды жағалап: Қанатымен жерді сызғыш, Төңкеріліп сабалап.
13 февраля 2017

Поделиться

Бесплатно

5 
(5 оценок)
Читать книгу: «Аққудың айырылуы»

Установите приложение, чтобы читать эту книгу бесплатно