Аударған және редакциялаған
«Қазақстан аударма академиясы»
Мұқаба дизайны: М. Гранько
Корректурасы: «Қазақстан аударма академиясы»
Все права защищены. Данная электронная книга предназначена исключительно для частного использования в личных (некоммерческих) целях. Электронная книга, ее части, фрагменты и элементы, включая текст, изображения и иное, не подлежат копированию и любому другому использованию без разрешения правообладателя. В частности, запрещено такое использование, в результате которого электронная книга, ее часть, фрагмент или элемент станут доступными ограниченному или неопределенному кругу лиц, в том числе посредством сети интернет, независимо от того, будет предоставляться доступ за плату или безвозмездно.
Копирование, воспроизведение и иное использование электронной книги, ее частей, фрагментов и элементов, выходящее за пределы частного использования в личных (некоммерческих) целях, без согласия правообладателя является незаконным и влечет уголовную, административную и гражданскую ответственность.
© Примаченко О., 2020
© Басылым қазақ тілінде, аударма, безендіру.
…күзде мыналарды білесің: күшті батылдық – әйнек тәрізді мөлдір болу, барлық нәзіктік, салмақсыздық, басқалардың ұялмайтын саусақтарының іздері, шекті жомарттық – ішкі жинақталған жылуды беру, нағыз жетілу – сене білу, есте сақтау, қорқу; біздің өлкеде күзде қайтып оралу керек, болмау уақыты аяқталды.
Ксения Желудова[1]
Сегіз жыл бұрын менің өмірім түбегейлі өзгерді.
Бір айдың ішінде ажырасуға өтініш бердім, анаммен бірге тұруға оралдым және жұмысымды өзгерттім. Бірінші өзгерісте ауырдым, екіншісінде қатты ұялдым, ал үшіншісі маған үлкен сынақ болды: менің кішкентай жайлы батпағымда ескекпен жарысу басталды.
Менің жолым болды. Үміткерлердің көбінен озып, мен алдында TUT.BY деген Беларусьтің ең ірі жаңалықтар интернет-порталында әйелдерге арналған жобаны жаңадан әзірлеу міндеті тұрған редакцияның құрамына кірдім. Келесі екі жарым жыл ішінде мен Кэрри Брэдшоу болып жұмыс істедім: иронияға, сабаққа және ерлер туралы бәрін білетініме деген сенімділікке толы қарым-қатынас туралы керемет мәтіндер жаздым. Біраз уақыт өткен соң болашақ күйеуіммен кездескенде мен олар туралы ештеңе білмейтінімді түсіндім. Мен оларды бекер әжуалаған екенмін.
Себебі тірі адамдарға келетін болсақ, тұрақты білім жоқ – қатарынан өткізілген әрбір жыл әлемнің бейнесін өзгертеді. Бұрын қалыпты нәрсе болып көрінген нәрсе олай болудан қалады, ал ғажап дүние ретінде бағаланған нәрсе әдетке айналады. Өткен өмірден түйген қорытынды мен алған сабақ мұражай құндылығы, жауынгерлік даңқ залының экспонаттары болудан қалады: бір кездері олардың әсері болып, азаптан қорғаса, бүгін алға жылжуға кедергі болады.
Ажырасқаннан кейін үш жыл өткен соң (тіпті дәл сол күні) екінші рет тұрмысқа шықтым. Біраз уақыттан кейін күйеуім екеуміз керемет бақшасы бар үй сатып алып, алманың жерге түскенін тыңдап, шөптің өскенін көру үшін Минскіден қала шетіне көштік.
Біз ата-ана атандық.
Мен махаббат пен қарым-қатынас туралы жазуды жалғастыра бердім, бірақ бұл тақырып менің қолымнан жіп тәрізді сырғып, түймедей шашылып, еденге ұсақ құмдай төгіліп, өзін жайына қалдыруды қалайды деген ойға келдім. Енді махаббат туралы жазғым келмейтінін түсіндім. Басқа шаруалар маңызды болып көрінді, ерекше сезіліп, көп көңіл мен күш қажет болды. Ал махаббат – махаббат не… «Егер бірдеңе өзгерсе, айтамын» дедім.
Мен махаббатқа бола қобалжудан шаршадым. Диктанттағы қателер тәрізді қарым-қатынастарды талқылаудан («отбасы» және «үй» шынымен «қалаймын» деген сөз арқылы жазыла ма, әлде тексеретін сөз «қажет» сөзі ме?), болашақты ойлаудан («Will you still love me when I'm no longer young and beautiful?»[2]), жауабы анық емес, бірақ қазірдің өзінде ұнамайтын сұрақтарға бас қатырудан шаршадым.
Түсінгенім: мені ешқашан тастамайтын және алдында сылдырмақпен билеудің қажеті жоқ жалғыз адам – өзім. Өзімнің қалауыма күмәнданудың немесе жанымның шынымен ауырғанын өзіме дәлелдеудің қажеті жоқ: мен үшін бәрі дәл өзім сезінгендей.
Мен өзіме сене аламын.
Мен өзіме сүйене аламын.
Бізді ешкім ешқашан біз қалағандай жақсы көрмейді – өздері қалай жақсы көре алады, солай жақсы көреді. Бірақ басқа адамдарға, олардың құбылмалы көңіл күйіне тәуелділік бізді бақытты етпейді – бұл бізді оларға ыңғайлы етеді. Біз өзімізді бейімдеуге және тоздыруға, ішкі жан дүниеміздің бұрқанысын бәсеңдетуге және көңіліміздің толмауын үнсіздікке айналдыруға үйреніп қалғанымыз сонша, бір күні жарыларымыз анық. Қиыршықтар түкпір-түкпірге қай сәтте ұшатыны белгісіз.
Басқалар үшін ойлау, басқалар үшін сезіну, олардың қалай қабылдайтынын болжау қатты қажытады. Өз өміріңізді тамаша етудің орнына біреудің өмірін сүрудің мәні жоқ.
Сіздің қуанышыңыз біреудің сіз туралы түсінігіне қаншалықты сәйкес келетіндігіңізге байланысты болатын әлем іш пыстырады әрі көңілсіз. Енді сізге ештеңе бермейтін, сіз де оларға басқа ештеңе бере алмайтын қарым-қатынастар мен жұмысты тоқтату – қалыпты жағдай. Басқа адамдармен немесе басқа жерде жайлы әрі қызықты болатындықтан емес, дәл осы жерде енді жайлы әрі қызықты болмайтындықтан.
Кейде «Осы күнге дейін хип-хоп үшін не істедің?»[3] деген сияқты сұрақ жаныштайтынын сезіну – қалыпты жағдай. Бұл сұрақты кім қойып жатқанын, оған қандай құқығы бар екенін және оның өзінің хип-хопы қалай екенін түсінуге тырысу – қалыпты жағдай.
Өзіме қуанатын әлемде мен енді біреудің маған қамқор болғанын күтпеймін, қуанышқа өзім қол созамын. Өзімді қолымнан ұстап, өзім сезінгім келетін «өз адамдарымның» сенімділігін, ыстық хинкалидің дәмін немесе шаш қиғаннан кейінгі бастың жеңілдеп қалуын сезіне алатын жерге жетелеймін.
Өзіме қуанатын әлемде өзіме былай деймін: мұны кейінірек жасаймын, мынаны бірнеше айдан кейін жасаймын, ал мынаны ешқашан жасамаймын. Себебі кейбір нәрселер үшін ешқашан деген – нағыз қолайлы уақыт.
Иә, кейде сарбаз Джейн болуға үйреніп қалғаның соншалықты, өзіңді аялау туралы әңгіме еріккеннің қиялы, түнде айтып беретін ешкімің жоқ және тыңдауға да уақытың жоқ ертегі сияқты көрінеді. Бірақ бұл әңгімені бастауға батылдық танытамын, себебі Gnezdo.by блогы болған жылдары маған күніне үш сағат ұйықтау, қалжырағанша жұмыс істеу және қолқа жарылғанша басқаларға қамқорлық жасау туралы әңгімелері бар, мүмкіндіктер шегінде өмір сүру туралы көптеген хаттар келді, бұл жағдайлардың ешқайсысы жақсы аяқталған жоқ. Желілерде: «Орындалмайтын міндеттер болмайды. Отызда жүрек ұстамасы болады» деген суреттің жүруі де бекер емес.
Осы кітаппен өткізген уақытыңыз сіз үшін өзіңізбен бірге отыру, «өз-өзіңізбен болу» мүмкіндігіне айналсын. Өзіңізді тыңдап, сізге қалай қарым-қатынас жасау керек және қалай қарым-қатынас жасауға болмайтынын, не нәрсеге төзе алатыныңызды, неге төзе алмайтыныңызды, сізді қуантатын, шабыттандыратын, таң қалдыратын, сүйсіндіретін және ашуландыратын не екенін анықтаңыз. Ешкімге сөзіңізді бөлуге немесе естігенін құнсыз етуіне жол бермей, өзіңізді тыңдаңыз.
Өзіңізді аялау – ерікті шешімнің немесе бір кездері өзіңізге берген уәденің нәтижесі емес, әрдайым жолсапар. Картада белгіленген қандай да бір нүктеге емес, әрине, өзіңіздің ең жақсы нұсқаңызға да емес, сіз бақылаушы, сыншы және төреші рөлін ойнаудан бас тартып, өзіңіздің қарапайым қалпыңызға сенуді таңдайтын жерге апаратын жол.
Бұл – өзіңіздің «қолымнан келмейді», «қаламаймын» және «жасамаймын» дегеніңізді ықыласпен қызыға зерттеуге және ағынмен емес және оған қарсы да емес, сізге қажет жаққа жүзуге дайын болу.
Сіз шексіз емессіз. Сіз шынымен шексіз емессіз.
Адамның өзін аялауы туралы білетінімнің бәрін айтайын, ал сіз бұл кітаптың қандай сөздер үшін қолыңызға түскенін өзіңіз шешесіз.
Мен не туралы әңгіме қозғаймын? Әрқайсымыздың кез келген нәрсені сезіну және бұған ұялмауға құқығымыз туралы. Басым масаттарды белгілеу және басқалардың бізді өмір сүруге үйреткісі келген әрекеттеріне не істеу керектігі туралы.
Қорықпауға тұрарлық ересектік туралы, ақша туралы және өз жұмысымызға уайымдамай баға белгілеуге, кінәлі сезінбей өзімізге жұмсауға кедергі келтіретін көзқарастар туралы.
Қолымызда бар нәрсемен қалай жақсы өмір сүру керектігі және кемістік, ағаттық өзімізде деп және шұғыл мойынсыну қажеттігіне сенбеу туралы.
Біз денені аялау тақырыбын – ол үшін және онымен күресуді қалай тоқтатуға болатынын және оның тарихын құрметпен мойындауды зерттейміз. Біз айналамыздағы материалдық дүниеге назар аударамыз, бізге ұқсас кеңістіктің қаншалықты қолдау мен көмек көрсету ресурсы екенін қайта бағалау мүмкін емес.
Әрине, біз өзімізді аялау қағидаты негізінде әлеммен қалай қарым-қатынас жасау керектігін көп айтамыз: өзіміздің басқаша ойлау, ешкіммен «ойлан, тап» және «мен үшін әбден ойлан» ойынын ойнамау, қажет нәрсені сұрау, маңызды нәрсені қорғау, «жоқ» дей білу, бір-біріне зиян келтірместен жақындасу және алыстау және әрқашан түпкі мағынаны есте сақтау құқығымызды қалай танытатынымыз туралы айтамыз.
Сіздерге «өз тобыңыздың» құндылығы және жақсы айна сияқты адамдар туралы айтамын. Мен ақпарат аласапыранында ретке келтіру қағидаттарымен бөлісемін, олардың негізінде адамның жанды жеріне ұқыптылық және «үнсіз режимге ауыстыру» және «жаңартуларға жазылудан бас тарту» функцияларының шынымен керемет әсері жатыр.
Ал кітаптың соңында сіздерді өзіңізді аялау марафоны күтеді. Өзіңізбен жақсы танысуға, «мен» ұғымын нақтылап, бұдан не шығатынын көруге көмектесетін 31 күндік тапсырмалар мен тәжірибелер болады.
Мен қиялдағы болымсыз дүниелер туралы ойлана алмаймын, өзім жасап көрген және бастан өткерген нәрселер туралы ғана айтамын. Әрине, менің тәжірибем көрсеткіш емес және оны іс-әрекетке нұсқаулық ретінде қарастыруға болмайды. Өзіңізді тыңдаңыз, жазылғандардың қай тұсы сізде «о, менде де солай!» деген қуаныш тудыратынын байқаңыз, бірақ өз шындығыңызды өзіңіз іздеңіз. Сеніңіз, оны жіберіп алмайсыз, парктроник іштей сықырлай бастайды: шындыққа неғұрлым жақындаған сайын сықырлау соғұрлым жиі әрі қатты бола түседі.
Идеялар тұқымға ұқсас: егер оқығандарыңыз қышу мен шаншу тәрізді сезім тудырғанын сезсеңіз, онда тұқым дайын топыраққа түсіп, көп ұзамай көктеп, өскін береді. Егер сізге өсіп шыққан нәрсе ұнаса, тойлаңыз, өзіңізді құшақтаңыз. Ал егер өскен нәрсе ұнамаса, сәтсіздікті жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз. Есіңізде болсын: тәжірибе сәтсіз болса да, бұл тәжірибе бекер болды деген сөз емес.
Мен бұл кітабымды оның кез келген бетін ашып, иықтың босаңсығанын, тыныс алу оңайырақ бола түскенін, бастағы дүние түсінікті бола бастағанын, өзін аялау сезімі адамның тұла бойына жылы толқын тәрізді таралғанын сезіну үшін жаздым.
Сен оған аңғал қалыппен бос алақаныңды тосу арқылы аздап нәзіктік сыйлайсың; ол ішек-сілесі қата күледі, қолдарыңды төменнен жоғары қарай ақырын ұрғылайды; жоқ, әрине, ауырсынбайсың; нәзіктіктің күл талқаны шығады.
Ксения Желудова
На этой странице вы можете прочитать онлайн книгу «Өзіңе нәзік түрде. Өзіңді қалай бағалау және күтіп сақтау керектігі туралы кітап», автора Ольги Примаченко. Данная книга имеет возрастное ограничение 16+, относится к жанру «Саморазвитие, личностный рост». Произведение затрагивает такие темы, как «самосовершенствование», «работа над собой». Книга «Өзіңе нәзік түрде. Өзіңді қалай бағалау және күтіп сақтау керектігі туралы кітап» была написана в 2020 и издана в 2023 году. Приятного чтения!
О проекте
О подписке