© Нелли Давыдова, 2023
ISBN 978-5-0059-5044-4
Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero
Сәлем, қымбатты оқырманым!
Менің «Егер „осы“ болмаса, сен міндетті түрде бақытты болар едің. Санамен жұмыс істеу техникасы» атты кітабымда мен біздің ойлау қабілетіміз туралы, біз өз шындығымызды қалай жасайтынымыз, дұрыс емес шешімдер қабылдау, бейсана деңгейде әрекет ету және бізді қанағаттандырмайтын салдар алу туралы айтқым келеді. Бұл тақырып өз өміріне бей-жай қарамайтындардың бәріне қызықты болады.
Бұл жерде: «Біреудің өз өміріне немқұрайлы қарауы мүмкін емес!» – деп айқайлауға болады, ал мен осы кезде басымды шайқаймын, өйткені шындығында бәрі одан да жаман. Әрине, сіз бірнеше рет: «Менің өмірім мен үшін маңызды, мен бақытты болғым келеді, маған қуаныш пен махаббат керек», – деп айта аласыз, бірақ әрқайсысынан: «Ал сіз бұл үшін не істеп жатырсыз?» – деп сұрасаңыз, «мен тырысамын», «мен бір нәрсеге ұмтыламын», тіпті «мен бір нәрсе жасап жатырмын…» – деген жауаппен шектеледі, осымен бәрі аяқталады.
Егер біз өмірімізге әлдеқайда тереңірек үңіліп, қарастыратын болсақ, біз 24/7 бойы негізінен өткеннің немесе болашақтың қиялдарында өмір сүретінімізді, ойымыздың әрқашан «басқа жерде» жүретінін, қорқыныш пен көптеген мәселелерді қастерлей отырып, жоқшылық пен кімнің өмірі қиындау деген сияқты шексіз әңгімелерден ләззат алатынымызды түсінеміз. Біз шындықпен күресеміз, жағдайларды бүлдіруге тырысамыз, болып жатқан дүниелерді мойындамаймыз, өмірдің көп бөлігін жоққа шығарамыз, қазірдің өзінде болған фактілерді шексіз өзгертуге тырысамыз. Ең бастысы: біз үнемі өзімізді бірдеңе жасаудан қалай тайдыруға болатынын ойлап отырамыз, нәтижесінде біз ешқандай әрекет етпейміз.
Біз бірдеңе жасай алмауымыздың себептерінің барлық түрлерін ойлап табамыз, неге бізде ештеңе жоқ және неге біз өзіміздің аңсаған армандарымызды орындауға тырыспайтынымызға шексіз сылтаулар ойлап табамыз.
Біз өзімізді кез-келген бейтаныс салдардан қорғау үшін жасалған сансыз сылтаулардың арасында өмір сүреміз. Бірдеңені істеп, түсініксіз нәтиже алғанша, ештеңе істемей-ақ қателеспеу оңайырақ.
Ақымақ болып көрінбеу үшін әрекетсіздігіңізді ақтау оңайырақ. Сондықтан біз өз қалағанымызға қол жеткізбеуіміздің немесе шындығымыз біздің күткенімізге сәйкес келмейтініне жауап ретінде ең қисынды, ең «дұрыс» фактілерді табамыз. Алайда…
Біздің себептеріміз бен сылтауларымыз «шынайы» деген қиялдарымызды жоққа шығарып, және де өміріміздегі «бақытсыздықтар» түтіндей сейіліп, ал біз тіпті ойға сыймайтын тілектерімізді орындап, өзіміз қалағандай өмір сүруіміз үшін мен осы кітапты жазуға шешім қабылдадым.
Барлығы мүмкін! Біздің қалауымызға сырттан әсер ететін ештеңе жоқ. Біздің тілектеріміз, сонымен қатар проблемалар мен оларды шешу жолдары тек өзіміздің қолымызда. Тек өзіміз ғана, өзіміздің шындығымызды құру және оны өз шешімімізге сәйкес өзгерту қабілетіне иеміз.
Алайда, біз кім екенімізді ұмытып, тізгінді тек аудармашы болып табылатын санамызға бердік, ал ол ештеңе білмейді. Ақылдың білімі тек өткен тәжірибеде жатыр, бірақ біз ол бәрін алдын-ала біледі деп шештік және оған сөзсіз сенеміз, сонымен бірге өзімізді ақылмен теңестірдік.
Есіңізде болсын, біз ақыл емеспіз, тіпті өз денеміз де емеспіз, сіз бен біз одан да биікпіз. Біз өз шындығымызды бақылаушылармыз және «өмірімізді Жасаушылармыз». Және де жасау – өз қолымызда. Егер де біз өзімізбен және санамызбен байланыс орната отыра санамызға тапсырмалар беру арқылы, оны қалай басқаруға болатынын анықтасақ, біз сүріп жатқан өміріміздің әр сәтінде шексіз бақытты боламыз.
Мен сізге ақыл-ойымызбен қалай жұмыс істеуге болатынын, өз санамызбен қалай жұмыс істеу керектігін, бірдеңенің жоқтығы үшін өзіңіз ойлап тапқан себептермен шектелуді тоқтатып, көңілсіздік, мұң, тітіркену, ашулануды ғана емес, бізде жетіспейтін игіліктер мен сезімдерді алуды бастау әдістерін көрсеткім келеді.
Иә, бұл оңай емес және ол сіз ойлағандай жылдам әрі керемет болмайды. Бұл өз-өзіңмен табандылықты және қажырлықты талап ететін жұмыс. Және бұл тек ақыл-оймен ғана жұмыс емес, бұл нақты әрекеттер. Біз өз сезімдерімізге сеніп, жаңа көзқараспен әрекет ету арқылы өмір сүруді үйренуіміз керек.
Қайтадан қиялдар мен шектеулерге бой алдырмау үшін өзіңізді және ақыл-ойыңызды бақылауда ұстауға тырысу және бақытты болуға тұрарлық уақытыңызды жұмсау керек болады.
Мен өз кітабымда әр түрлі терминологияны қолданамын, сізге түсінікті болу үшін және сізді шатастырмау үшін, мен бірден түсіндіріп кетейін, мен ойлау бағдарламалары, ойлау үлгілері, шектеулі сенімдер, көзқарастар, ойлау шеңберлері туралы айтамын, мұның бәрі бірдей ұғым.
Біздің ойлау қабілетіміз біз қабылдаған шешімдерге әсер етеді. Бір шешімге келу, бару немесе бармау, істеу немесе істемеу, келесі сәтте қалай әрекет ету, әрине, көршіңізге немесе ауа-райына байланысты емес, өзіңіздің ойыңызға байланысты.
Және де біз қабылдайтын әрбір шешім әрекетке ұласады, ал әрекеттер белгілі бір салдарға әкеледі.
Тіпті ілімге терең үңілмей-ақ, салдардың түпкі себебі – біз айналамызда көретін әлем – ойлау нәтижесі екені анық.
Ал ойлар да, шешімдер де, әрекеттер де – олардың барлығы дерлік бейсаналық. Біздің миымыз секундына 400 миллиард ой жылдамдығымен дамиды, ал біз олардың ішінен тек 10—20 ойды ғана ұғынамыз.
Сондықтан біз өзіміз қалаған салдарды саналы түрде көре алмаймыз. Негізінен, біз тезірек түзеткіміз келетін нәрсені аламыз.
Және тағы да, барлығы дерлік түпкі себебін ескермей, болған нәтижемен жұмыс істей отырып, салдарын түзетуге тырысады.
Біз бірдеңені түзете алдық па, жоқ па, маңызды емес, «Суырдың күні» немесе «Сол бір тырмалар» сияқты, жағдай тағы да қайталана береді, мүмкін басқа жағдайларда, өзге кейіпкерлермен, бірақ біз басымыздан өткенді қайтадан көреміз. Біз өзімізге: «Бұл маған не үшін берілді? Бұл не деген тағдыр?» – деген сұрақтар қоямыз.
Біздің санамыз белгілі бір үлгілерден, өмір бойы бірінің үстіне бірі қабаттасатын стереотиптерден қалыптасады және мидың шешім қабылдауына негізделген бұл шаблондардың белгілі бір шарттары болады.
Бір кездері біздің санамыз «осылай» ойлау және «осылай» әрекет ету қауіпсіз деп шешті, осы бағдарламаға, шаблонға жауап беретін мидың белгілі бір бөлігін жасады. Және бұл бізді қорғау үшін белгілі бір жолмен ойлаған сайын іске қосылады.
Мысал:
Біз бұрын алғашқы рет қателестік және теріс баға алдық. Мысалы қасығымыздағы тамақты төгіп алдық, ал анамыз: «О, Жаратқан! қайтадан кір жуу керек болды ғой! Не деген бала өзі!» – деп айқайлап жіберді.
Бәлкім, ішімізде: анамның көңілін қалдыру қорқынышты, деген аздаған қорқыныш пайда болды.
Немесе: «Қайда барасың? Тоқта», «Құлап қалма», «Оны ұстауға болмайды, әйтпесе…» – баланың нәзік психикасына мұндай тыйымдар белгілі бір із қалдырады және тұрақты нейрондық байланыс қалыптастырады: егер бірдеңе жасасам, онда бірдеңе дұрыс болмай қалады және жаман болады, мені жазалайды, ал егер ұрысса – олар мені жақсы көрмегені.
Кейін бұл тыйымдар тіпті: «Ұйықтамасаң қасқыр алып кетеді», – деген секілді тәнімізге катері бар сұмдықтарға айналады. Менің ойымша, мен одан әлі де қорқатын сияқтымын: егер төсек астында біреу болса ше, ал жаман қыздарды міндетті түрде тістеп алады.
Сырт көзге қазір біз ересектер сияқтымыз, саналымыз, бірақ бірдеңе істеу керек болсақ денеміз, көп нәрсеге жауап бергенде, кейде тіпті дүрбелең қорқыныш түріндегі реакцияларды беруді жалғастырады. Бәріміз болашақтан қатты қорқамыз. Біз мұны санамен түсінбесек те, бәрібір, болашақтан қорқамыз.
Біз бала кезімізден солай тәрбиеленгенбіз – өзімізді қорғау үшін қорқамыз, өйткені ересектер өздерінің игі істерін жасай отырып, бізге нақты қауіп-қатерден ғана емес, сонымен бірге жапырақтың сыбдырынан да қорқуды үйретті. Ал бұл қорқыныш ішімізде, түпсанамызда жатыр.
Біз қорқатынымызды көбінесе мойындамаймыз, жәй ғана ақыл болашаққа қадам баспаудың және бірдеңе жасамаудың жақсы себебін ойлап табады. Бізде қорқыныш жоқ, бізде нақты себеп бар – деп ойлаймыз. Бірақ бәрібір, себептер тек қорқыныштан пайда болады.
Біз қазір балалық шақта пайда болған нақты ойлар туралы біле алмаймыз, бірақ біз жаман болу қорқынышты, қабылданбау қорқынышты, қажетсіз болу қорқынышты, олар бізді жақсы көрмесе қорқынышты және қателіктер жібермеуге тырысуымыз керек екенін білеміз, және де мұндай ойлар бірнеше рет басымызға келген.
Бағдарламаның негізі бала кезінен қалыптаса бастады, содан кейін олар балабақшада, мектепте тамыр жайды, онда қателіктер үшін «екілік» алу одан да қорқынышты, содан кейін ата-аналар қайтадан ұрысып, бастарын шайқайды, және де: «Олар мені жақсы көрмей қояды, мен керек болмай қаламын», – деген қорқыныш тағы бар. Жұмыста қателікке байланысты басшылар сыйақыдан айырады, сөгіс жариялайды. Отбасында да қателікке байланысты жанжал болады.
Кез келген жағдайға тап болған сайын біз қорқыныштан әрекет етеміз. Себебі туыстардың немесе қоғамның қабылдамауы өте қорқынышты. Ол біздің инстинктіміз деңгейінде жұмыс істейді.
Біз бүкіл нәрсемен біртұтас организмнің жасушасы сияқтымыз. Ал егер дене осы жасушадан бас тарта бастаса, бұл қалай болатынын елестетіп көріңіз – бұл өлім ғой. Ал біздің өлгіміз келмейді, біздің өмір сүргіміз келеді және өз болмысымызды қабылдағымыз келеді және мұны біздің өмірімізді қабылдайтын бүкіл әлем қолдағанын қалаймыз.
Сондықтан қателік жасау қорқынышы бізді өмір бойы мазалайды, бұл біздің шешімдерімізге және осы шешімдердің салдарына әсер етеді.
Сонымен қатар, біз әрқашан дерлік жетіспеушіліктен әрекет етеміз. Ақыл әрқашан өз назарын бізде жоқ нәрсеге аударады, және, әрине, бізде бар нәрсе біздің назарымызға түспейді. Бізді бақытты ететін тілектерімізді орындау үшін бізде бар ресурстар мен игіліктерді көрмейміз.
Мұның себебі – қорқынышқа негізделген ойлау үлгілері. Өйткені, біз өз мүмкіндіктерімізді көре бастасақ, әрекет етуіміз керек болады. Және бұл қауіпті, қорқынышты.
На этой странице вы можете прочитать онлайн книгу «Егер осы болмағанда сен міндетті түрде бақытты болар едің», автора Нелли Давыдовой. Данная книга имеет возрастное ограничение 16+, относится к жанру «Общая психология».. Книга «Егер осы болмағанда сен міндетті түрде бақытты болар едің» была издана в 2023 году. Приятного чтения!
О проекте
О подписке