Жаман түстен шошынып оянғандай, Шошып кеттім, шошыдым,...➤ MyBook

Цитата из книги «Дариға-жүрек (Өмірдастан поэмасынан)»

Жаман түстен шошынып оянғандай, Шошып кеттім, шошыдым, ой, Аллам-ай! Мен алапат екі бір жыртқыш көрдім, Қызыл қанға бөксесі боялғандай. Сұмдық көрдім ешқашан сыр ашпаған Несіне айтамын деп тыраштанам… Сұмдық көрдім, бүкіл бір сұлулықты, Сұрқия құмарпаздық ластаған.     Дүние-aу, сұлу ең ғой жаңа ғана, Оп-оңай-ақ, осылай, жоғала ма? Айтсаңшы, ей, табиғат, сұлулығың Осындай сұрқайлықтан жарала ма?!     Дариға… Тфу!!! Жаман еді аты қандай! Сорлы аға, сойқан апты қатын алмай. …Аузымды аңдаусыз ашып қалсам, Жүрегім снаряд боп атылардай.     Тфу, ит! Қандай жаман əн салады, Əн емес, осы екен ғой аңсағаны. Мына бір бояуы жоқ бозала тау, Өзіне сұлумын деп тамсанады. Мына бір бұрқыраған бұзық-өзен, Даурығып озіне-өзі жар салады. Мына бір татымы жоқ тау самалы, Ана бір албастыдай аршалары. Мен сұлу, мен сұлу деп қарсы алады; Мына бір қызыл гүлдер қызынақсып, Ана бір жаужапырақ қол соғады; Қай жерден көрінер деп қансонары, Сонау бір кəрі қыран тау шолады; Қыран емес, жауыз ол, қан сорады!     Жақпар-жақпар жартастар, Құдайсыңдар! Себебі, сендер, міне, былайсыңдар: Тəкаппар сұлулықты сақтайсыңдар.
1 мая 2017

Поделиться

Бесплатно

4.62 
(24 оценки)
Читать книгу: «Дариға-жүрек (Өмірдастан поэмасынан)»

Установите приложение, чтобы читать эту книгу бесплатно