Құлан жон жанның бірі еді; Құлпыра соқса реңі, Құтыра ...➤ MyBook

Цитата из книги «Дариға-жүрек (Өмірдастан поэмасынан)»

Құлан жон жанның бірі еді; Құлпыра соқса реңі, Құтыра соқса жүрегі, Қыранды құрдай іледі; Қос уыс бұрым арқада, Қос жылан болып жүреді; Егіз шың тұрған кеудеде, Еңістің жатыр сілемі; Қос жанар бірден жалт етсе, Жарқ етіп шыққан күн еді; Дариға-жүрек кім еді?..     Даланың жалғыз гүлі еді, Екеуі болса, бірі еді, Біреуі болса, өзі еді; Оны өзі де сезеді. Дариға-жүрек кім еді? Тасылмай қалған өзені, Ашылмай қалған өзегі, Келмей бір кеткен кезегі, Керемет жанның өзі еді; Айтылмай қалған сөз еді; Ашылмай жүрген сыр еді, Басылмай жүрген жыр еді; Дариға-жүрек кім еді? Дариға-жүрек мендегі! «Сұңқардай еді жердегі, Аққудай еді көлдегі»; Дариға-жүрек шөлдеді.     Сап-салқын қоңыр кештерде, Сайлардан самал ескенде, Алыстан Ай кеп, шыңдардың, Ақ сəлдесін шешкенде, Керуен-бұлттар көшкенде, Көңілден оттар өшкенде, Аршалар күбірлескенде.     Жан салар соның бəріне, Əн салар сонда бір үн бар; Тұрыңдар бəрің, тұрыңдар! Əнменен туып, бірге өлген, Атаңнан қалған ырым бар;
1 мая 2017

Поделиться

Бесплатно

4.62 
(24 оценки)
Читать книгу: «Дариға-жүрек (Өмірдастан поэмасынан)»

Установите приложение, чтобы читать эту книгу бесплатно