Он бір жыл оған толды деп, Жамырап дуду қалың көп. Сол дүбірдің ішінде Топтанған әйел бір бөлек. Қаймақы қабақ қара қыз, Жинақы көйлек, келте шаш, Жаға, жеңін түймелеп; Жігерлі даусы саңқылдап, Сартылдатып тұр сөйлеп. Тұр десеңдер не сөйлеп;
«Ой қалқа, біздің көңіл қайда жатыр, Толқыған он төртінші айда жатыр. Aт тұрса, атан тұрса көз салмаймын, Арғымақ, асыл тұқым тайда жатыр.
Құшағыңа құштардың Қалмас бірі, жым болар. Қарашалап қар жауса, Қалармысың қартаймай? Қамыс, қоғаң сарғайса, Қартаярсың қалқамдай… 1924