© Джан Амании, мәтін, 2019
© Айгүл Хәкiмжанова, иллюстрациялар, 2020
© «Aspandau» баспасы қазақ тіліндегі басылым, 2020
© ARTQRAFT, безендіру, 2020
Аспанда ана бүркіт қалықтап жүр. Күн сайын ауыл тұрғындары оған қарап, шақырайған күннен көздерін алақандарымен көлегейлеп, жоғарыға зер салатын. Қандай жағдай болса да ана бүркіттің қалқып ұшуы олардың ойларын тыныштандырады, ал адамдар қорғанышты сезінгендей өз істеріне оралады. Қанша жыл өтсе де ана бүркіт ауылдың үстінен күн сайын қалықтап жүретін.
Ақсақалдар ертеде осы ауылда даңқты әйел тұрғанын сөз етеді: оның мінезі момын, көздері мейірімге толы, шашы ұзын болған. Ол таңертең шаштарын өріп, ал түстен кейін оның жалғыз ұлы бұрымын әшекейлеген сыңғырлаған шаш- бауымен ойнайтын. Сәби анасының иығында ұйықтағанды жақсы көретін және оның ұйқыға берілгені соншалық балалардың айқайы да, иттердің үргені де баланы оята алмайтын. Әйел ұлын ерекше әлпештейтін. Алайда бір күні ол жоғалып кетті.
Баланы анасы ұзақ іздеді, ұлының тау көліне батып кеткенін білгенде, ол қайғыға шыдай алмады. Ана бүркіт те әйел қайтыс болғаннан кейін аспанға көтерілген еді, ал тұрғындар жұбаныш таппаған ананы дәл осы бүркітке айналды деп ойлады. Жылаған бала даусын естігенде ана бүркіт жақын жерде пайда болып, сәбилердің бетіндегі жас құрғағанша ұшып кетпейтін.
Қанша жыл өтсе де күн сайын адамдар көктегі ана бүркітті көріп, ол ауылды бәле-жаладан қорғайды, балалар жылап, аналар қайғырмас үшін туған жерінде бөгде жандардың құйтырқы ойларына жамандық жасауға жол бермейді деп сенді.
Мейірімді және адал жан Досжан ақсақалдың көптеген бастан кешкен оқиғалары болатын. Досжан бүкіл өмірін туған ауылында өткізді және өткен-кеткеннің бәрін есінен шығармайтын. Бүркіт пен көл туралы аңызды ол ерекше махаббатпен айтатын: ол ана бүркіт Өткіркөздің қарапайым құс емес екеніне шын жүректен сенді…
Қария Көксу көлі туралы айтқанды да ұнататын. Биік тауда орналасқан көлді ауыл тұрғындары қастерлейтін. Ақсақалдар бұл жерде бұрын терең шатқал болғанын, бірақ жер сілкінісінен кейін ол көлге айналғанын айтатын. Түсі
На этой странице вы можете прочитать онлайн книгу «Оқжетпес», автора Джана Амании. Данная книга имеет возрастное ограничение 6+, относится к жанру «Современная зарубежная литература». Произведение затрагивает такие темы, как «иллюстрированное издание», «авторский сборник». Книга «Оқжетпес» была написана в 2019 и издана в 2020 году. Приятного чтения!
О проекте
О подписке