Дүниеде Даниял есімді кішкентай бала бар. Даниялды әке-шешесі, ата-әжесі, аға-тәтелері, барлығы ерекше жақсы көреді. Даниялдың сиқырлы сандар туралы әңгімелерін көрші көшенің балалары да келіп тыңдайды. Себебі Даниял көзін жұмса болды, сол заматта құлағына «Бір-екі-үш – сиқырлы күш!» деген сөздер естіліп, ол ғажайып ертегі әлеміне тап болып, қызықты жайттарды басынан кешетін. Даниял сол балалардың арасынан көздері терең мұңға толы, аса көп күле бермейтін Ай деген сүйкімді қызды байқайды. Ол үнемі жалғыз келіп, Даниялды ойлы, жабырқау жүзбен тыңдап, елеусіз кетіп қалып жүреді. Даниял Айды қанша көңілдендіргісі келсе де, еш нәтиже шықпайды. Ақырында ол «Айды өзінің Ертегі әлеміне ертіп кетемін!» деп шешеді.
Сол күні Даниял достарымен ұзақ ойнап, үйге кеш келді. Қатты шаршап, қарны да ашты. Анасының кешкі асы дайын болғанша, жұмсақ орындыққа жайғасып, жоспарын қалай жүзеге асыру туралы ойлады. Анасының «Ниетің таза болса, тілегің міндетті түрде орындалады» деген сөздері есіне түскені сол еді, әлдебір дауыс «Бір-екі-үш – сиқырлы күш!» дегендей болды.
…Даниял анадайдан жарқыраған үлкен тоңазытқышты көрді. Оның жарқырап көз тартқаны соншалық, Даниял есігін қалай ашқанын байқамай да қалды.
О, керемет! Ішінде нағыз ғажайып көрініс: түрлі-түсті тәтті мұзкәмпиттер төселген жол тура ертегілер қаласына дейін созылып жатыр. Қандай тамаша! Шыр айналған әткеншектер! Жарқыраған шарлар мен ойыншықтар! Көңілді күлкі сыйлаған кейіпкерлер! Шаттана жүгірген балақайларға жарқырай нұрын шашқан алтын күн! Кенеттен Даниял жан-жағына жалтақтап қарап тұрған Айды көріп қалды. Қуанышы қойнына сыймаған Даниял қыздың қасына жетіп келді. Екеуі қол ұстасып, таңғажайып тәтті сүрлеумен шапшаң жүгіріп өтіп, көзді ашып-жұмғанша қалаға жетті.
Осы кезде қайдан екені белгісіз, алдынан дүкен сөресі пайды болды, бірақ дүкеннің өзі көрінбейді. Сөренің жанындағы күлімсіреген сатушы балаларды көре сала әндете жөнелді:
Батыл келіп, балалар!
Бәрі тегін, таңдап ал.
Бәліштер мен тоқаштар,
Шырын, кола, фанта бар.
Балмұздақ, кәмпит сан түрін,
Қалағанша ал бүгін!
Айдың сәл күлімсірегенін байқап қалған Даниял сатушыға:
– Шоколад қосылған шұжық беріңізші! – деді.
Сатушы ризашылықпен басын изеді:
– Тамаша! Мүмкін, тағы бірдеңе қаларсың?
– Иә, балмұздақ қосылған түшпара, – деді де, Даниял Айға қарап:
– Сен
На этой странице вы можете прочитать онлайн книгу «Даниялдың ғажайып әлемі», автора Джана Амании. Данная книга имеет возрастное ограничение 6+, относится к жанрам: «Сказки», «Зарубежные детские книги». Произведение затрагивает такие темы, как «семейное чтение», «иллюстрированное издание». Книга «Даниялдың ғажайып әлемі» была написана в 2019 и издана в 2019 году. Приятного чтения!
О проекте
О подписке