Читать бесплатно книгу «Қансонарда бүркітші шығады аңға» Абай Кунанбаев полностью онлайн — MyBook
cover

Абай Құнанбайұлы
Қансонарда бүркітші шығады аңға

Қансонарда бүркітші шығады аңға

 
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Тастан түлкі табылар аңдығанға.
Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибет,
Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда.
Бүркітші тау басында, қағушы ойда,
Іздің бетін түзетіп аңдағанда.
Томағасын тартқанда бір қырымнан,
Қыран құс көзі көріп самғағанда.
Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп,
Қандыкөз қайқаң қағып шықса аспанға,
Көре тұра қалады қашқан түлкі,
Құтылмасын білген соң құр қашқанға.
Аузын ашып, қоқақтап, тісін қайрап,
О да талас қылады шыбын жанға.
 

Конец ознакомительного фрагмента.

Бесплатно

4.85 
(13 оценок)

Читать книгу: «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

Установите приложение, чтобы читать эту книгу бесплатно

На этой странице вы можете прочитать онлайн книгу «Қансонарда бүркітші шығады аңға», автора Абай Кунанбаев. Данная книга имеет возрастное ограничение 12+, относится к жанрам: «Cтихи и поэзия», «Зарубежная поэзия».. Книга «Қансонарда бүркітші шығады аңға» была издана в 2017 году. Приятного чтения!